жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мендыбаева Эльмира Болатовна
Денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы инновациялық технологиялары.
«Әр қазақстандық үшін басты құндылық- өзінің денсаулығы».
Нұрсылтан Назарбаев .
Адам денесінің саулығы табиғат сыйы ғана емес, ол мақсатты түрде қалыптастыру нәтижесі. Ал бала денсаулығының шымыр болуына отбасы, балабақша жауапты. « Бала нанмен емес, құаныш-шаттықпен өседі» дегендей эмоционалдық сезім әрекетінсіз баланың отбасы мүшелерімен, құрбы-құрдастарымен, үлкендермен, қоршаған ортамен де байыпты қарым-қатынас жасауы мүмкін емес. Баланың әр күні отбасында ұйқыдан оянған сәтінен басталып, әр күннің сәттілігі, көңіл күйінің ашық-жарқын, жайдары болуы ертеңгілік сәлемдесуден басталып, бой жазу жаттығулары, шынықтыру шаралары, дұрыс ас қабылдау сәттерімен жалғасын балабақшада табары сөзсіз. Балабақшаның ең басты міндетінің бірі- бала өмірін қорғау, денсаулығын сақтау, нығайту мен жан-жақты дамуына қамқорлық жасау, оның табиғи қимыл қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолайлы жағдай жасау.
Балабақшада шынықтырудың дәстүрден тыс технологиясын қолдана отырып бала денсаулығын сақтау және нығайту,салауатты өмір салтын ұстану бейімділігіне баулу- басты міндет. Сауықтырудың дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістерін қолдану, мектеп жасына дейінгі мекемеде денсаулық сақтауға және нығайтуға тұрақты жағымды мотивация қалыптастыра отырып денсаулық қиындылықтары және салауатты өмір салтын сабақтын мазмұнына енгізуді мақсат еттік. Педагогтар мен балалар, балалар және ата-аналар, ата-аналар және педагогтар арасында белсенді іс-әрекет жасауға жағдай тудырып, балада денсаулық мәдениетін қалыптастыруға отбасын тарту жолға қойылған. Педагогтардың өзін-өзі жетілдіруге, кәсіби құзіреттілігін арттыруға мүмкіндік жасалады. Мектеп жасына дейінгі балаларға денсаулық сақтаудың дәстүрлі емес әдістері технткасын, яғни бассейнде жүзу жаттығулары, тренажерда жаттығу, өзіне-өзі нүктелі массаж жасау, сенсорлық кілемшелерде жүру, ритмикалық жаттығу, дыбыстық дем алу жаттығулары, йога элементтерін меңгереді. Баланың дене түзелісінің дұрыс қалыптасуына, дамуына, денсаулығының нығайуына жағдай жасалынып, өмірде, іс-әрекет барысында белсенділік, мектеп оқу ісіне қажет (шыдамдылық, төзімділік, ептілік, шапшандылық, сабырлық, ұстамдылық, күш-қуат)қасиеттерді қалыптастырады.
Сауықтыру-педогигикалық бағыттағы сабақтарда жақсы эмоциялық ахуал орнығады. Балалардың, ата-аналардың, педогогтардың әлеуметтік белсенділігі артып, отбасымен демократиялық тәсілде жұмыс қалыптасады. Педагогтарды салауатты өмір салтты құндылықтарын қалыптастыруға, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі тануға, өзін-өзі дұрыс қабылдауға даярлығы артады.
Елдің келешегі бала денсаулығының басты кепілі салауатты өмір салтын қалыптастырумен сабақтас: жас ерекшелігіне сәйкес адамның өсіп дамуы, дене мүшелері денсаулығы, оны сақтау, шынықтыру, аурудың алдын алу шаралары, тамақтандыру, жеке бастың тазалығын сақтау, күн тәртібін дұрыс пайдалану, табиғи, қоршаған ортамен тығыз байланыста болу.
«Денені шынықтыру-ауруды тұншықтыру».
Адам өзінің күнделікті тіршілігінде, еңбек барысында толып жатқан әрекеттер мен қозғалыстар жасайды. Осының бәрі дененің кейбір жекелеген мүшелерінің дұрыс қалыптасып өсіп жетілуіне оң әсерін тигізеді. Кей жағдайда қимыл қозғалыстар кері әсерін тигізуі мүмкін. Мәселен, бір бағытта жасалған шектен тыс қозғалыстың әсерінен бір мүшесі шаршап немесе деформацияға ұшырап, ағзаның қалыпты нормаларын өзгертуге әкеліп соғады. Сондықтан да күнделікті тіршілікте болатын, бір бағытта ғана жүргізілетін дене қозғалыстары мен әрекеттерініңбәрін бірдей дене тәрбиесінің құралы деп қабылдауға болмайды. Демек, денені жүйелі түрде шынықтыру мен денсаулықты нығайту адамның ойын өсіріп, шығармашылық қабілетін арттырады. Ағза шамасы келетін жаттығуды және дұрыс ұйымдастырылған жұмысты орындағанда ғана дамып, нығайып жетіледі. Дененің дұрыс қалыптасуы үшін күнделікті жаттығуларды неден бастап, қалай аяқтау керек екендігін білген абзал. Дене тәрбиесі жұмысын жоспарлаған кезде тек қимыл қозғалысты ұйымдастыру, жалпы дамыту жаттығуларын орындау емес, ең бірінші сабақтың әр бөлімі баланың жүрек соғуының ықшамдылығына сәйкес жоспарлануы қажет: 3-4 жасар баланың минутына тамырының соғуы-130-140, 5-6 жасар баланың минутына тамырының соғысы-140-150. Дене тәрбиесі-тек жүктемелі қимыл-қозғалыс емес, ол қимыл қозғалыс пен демалуды алмастыру. Топтағы барлық бала бірдей емес, біреуі жиі ауырады, кейбірі қауіп-қатер тобында тіркелген, сондықтан барлық балалармен бірге берілген жүктеме оларға мөлшерден тыс болуы мүмкін. Осының негізінде дәрігердің қатысуымен балаларды топқа бөліп дене тәрбиесін ұйымдастыру дұрыс болады.
Балалармен дұрас тыныс алу жаттығулары, мұрын мен кеудесі, ішін толтыра тыныс алу, демін ұстау, шар үрлеу, ойыншық үрмелі аспаптар, шырша жарығын үрлеу, сонымен қатар жел, боран, табиғат көріністерін ойын түрінде қолдану тиімді. Тәрбие, сауықтыру, шынықтыру іс-шараларын шығармашылықпен түрліше ұйымдастырып өткізілген дұрыс.
«Классикалық нұсқа». Мұндай сабақтар таза ауада , ал егер дене шынықтыру залында өткізілсе балалар жалаңаяқ, майкісіз, алдымен өз қалауы бойынша спорт құралдарымен, тренажерда шұғылданады.
«Ойын сабақтар». Бұл сабақтар қимылды ойын, әсіресе ұлттық ойындар негізінде ұйымдастырылады. Жоспарлау барысында белгілі мөлшерде жүктемемен сауықтыру ойындары(жүру, жүгіру), демалу жаттығулары, эстафетта ойындары, аттракцион ойындары, ауа, су процедуралары кеңінен қолданылады. Ойын барысында жүру, жүгіру түрлері басым болуын естен шығармау керек.
«Желілі ойын»(сюжетті) сабақтары халық ертегілері, мультипликациялық фильмдер негізінде түрлі сәттерге тап болып, оны шешу, негізгі қимылдарды орындау көзделеді, серуен кезінде де ұйымдастырып өткізуге болады.
«Жорық серуендер». Балабақшадан шамалы қашықтықта орналасқан саябақтарға, таза ауа аясында демалуға, шөп үстінде жалаңаяқ жүру, жүгіру, тамақтану, ән салу, бақылау, қыдыру, жолда жүру ережелерін сақтап балабақша ауласындағы орналастырылған жолда жүру белгілерін танып білу, жолда жүру ойнын ұйымдастыру балаларға ұнайды.
Ата-аналардың көмегімен «Спорттық кешен, бассейнде, тренажерлық залда » ұйымдастырлып өткізілетін дене шынықтыру сабақтары балалардың денсаулығының сауығуына, нығаюына, шынығуына тигізер әсері мол. Ерекше өтетін сабақ «Би элементтері» негізінде құрастырылып өткізілетін сабақтары балалардың көңіл күйінің бірден көтеріңкі болуына, түрлі би элеменіне қызығушылықпен, белсенді қатысуынан байқауға болды. Мәселен, әр түрлі халық (орыс, кәріс, үнді, түрік) билері. Қазақтың ұлттық билері қолдың басын еркін қимылдату, бас, мойынды бұрып, қол қимылы, аяқ-қолдың үйлесімді қозғалуы, денені дұрыс ұстай білу- осының барлығы ағзаның қабілетін жоғарлататыны сөзсіз.
Әрбір өткізілетін тақырыптық, дербес дене шынықтыру сабағында пәнаралық сабақтастық, байланыс арқылы кешенді түрде ұйымдастырылып өткізілетін сабақтардың тәрбиелік маңызы зор. Мұндай сабақта бала тек қана қимыл-қозғалыс жасап қоймай, қимылын басқа да іс-әрекеттермен байланыстыру нәтижесінде танымы кеңейіп бекиді.
Сонымен қатар кез-келген дене шынықтыру сабағының соңында бала міндетті түрде дәрігердің ұсынысы бойынша ауа ваннасын қабылдауы, суланған мата үстімен жүруі, дымқыл сүлгі, қолғаппен кеудесін, арқасын сүртуі, аяғын жуу, шаю сияқты су процедураларын қабылдауы керек. Себебі қимыл-қозғалыс кезінде теріден ағзаның зиянды заттары бөлінеді. Дене тәрбиесі жүйесінде спортпен шұғылданып, болашақта жоғарғы көрсеткіштерге жету үшін табиғи орта қажет. Табиғи орта-өзімізге жақсы таныс ауа, су және күн сәулесі. Мұндай табиғи ортаны жүйелі түрде пайдаланудың денсаулық үшін үлкен маңызы бар.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай «Салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр». Осы бағытта болашаққа еліне елеулі, халқына қалаулы, ата-анасының мақтанышы, дені сау ұрпақ өсіру жолындағы тәрбие ісін басшылыққа алып келеміз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген