400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мені шабыттандырады, мен шабыттандырамын...

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз өз шәкірттерінің іс-әрекеттеріне қрап, марқаюы, өз бойындағы адамгершілік қасиеттерін көргенде шабыттанады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ш.Қ.О Алтай ауданы

«№ 2 Жаңа Бұқтырма орта мектебі» КММ

Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі

Дусюпова С. Б.

Мені шабыттандырады, мен шабыттандырамын...

«Оқу-білім – инемен құдық қазғандай» — демекші, әрбір ұстаз үнемі өзінің білімін жетілдіріп отырады. Оның үстіне қазіргі қоғам уақыт өткен сайын алға жылжып, дамып келеді. Заманның өзгеруіне қарай ұстаздар қауымы да өз білімдерін уақыт өткен сайын шыңдауда. Менің ойымша әр адам жеке тұлға. Барлық адам бірдей ойлап, бірдей тұжырымдап немесе бірдей шабыттана алмайды. Ол сол адамның өмір сүріп жатқан ортасына да байланысты. Мысалы ақындарды алайық, бірі қуанғанда, бірі жабырқағанда, бірі тыныштықта, яғни әр түрлі жағдайда шабыттанады. Мүсіншінің  мүсіні, суретшінің суреті, бишінің биі, сәтті шықса шабыттанады. Ұстаз өз шәкіртінің іс – әрекетіне қарап  марқаяды, өзінің бойындағы адамгершілік қасиетті шәкіртінен көргенде шабыттанады.  Мен қай кезде шабыттанамын? Біреу жылы және демеу сөз айтқанда, сабақ өтіп жатқан кезде оқушыларымның пәнді шын жүректерімен түсініп, ықылас қойып тыңдағанда, өз пікірлерін ортаға салып талдағанда шабыттанамын. «Шабыт жұмыс қызған шақта келеді» - деп Габриэль Гарсиа Маркес айтқан екен. Иә, әр адам өзінің алдына қойған мақсаты орындалған кезде шабыттанады. Оқушылардың көздерінен нұр көргенде, маған сенім артқанда шабыттанып, өзіме қанат біткендей болады.

Шабыттандыру. Көкейіме бұл сұрақ келгенде, ең бірінші менен үміт, тың дүние күтіп отырған оқушыларым көз алдыма келеді. Оларды лаулаған оттай шабыттандыратын да, бықсыған күлге айналдыратын да өзім сияқтымын. Әр өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі осы сөзді ой елегінен өткізсе ғана оқушыға дұрыс бағыт, дұрыс бағдар бере алады деп ойлаймын. Лао Цзының: «Сен өзгерсең, айналаңдағы әлем де өзгереді» - деген адамгерілік қасиетке шақыратын қанатты сөзін негізге ала отырып оқушыларға рухани байлық пен материалдық байлықтың ара – жігін түсіндіре алу да ұстаздың бірден – бір міндеті. Әр сабақты өткен кейде шәкірттеріме  «сен бүгін жарадың», «сенің қолыңнан бәрі келеді», «тырысып көр», «өте дұрыс», «керемет» демеу беретін сөздер арқылы шабыттандырамын. «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» әрине бір жылы сөздің өзі адам баласына шабыт берері анық. Шеберлік пен білімді ұштастыру арқылы ғана әр сабақты қызықты өткізуге болады. Өзін – өзі тану пәнінің ерекшелігі – рухани тәрбие беруде. Рухани тәрбиені оқушы санасына жеткізуде, тақырыпта берілген мәтінді жай ғана оқу, талдау жеткіліксіз. Әр берілген дәйексөз, әр берілген әңгіме тұнып тұрған адамдық қасиеттер мен қабілеттерге толы.  Ал мұғалімнің міндеті осы құндылықтарды оқушы бойына сіңіру жолдарын табу, шабыттандыру. «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс» - деп Ыбырай Алтынсарин айтып кеткендей, расында да түсіндіре алмаған, шабыттандыра алмаған ұстаз болады.  Сондықтан, ұстаз деген ұлы сөзге дақ келтірмей, алдымызда отырған шәкірттерімізге қоғамда өз орнын табуға көмектесейік, шабыт берейік, қанат бітірейік, өмірге деген қызығушылығын арттырайық.  Адами қасиеттерді бойларына сіңіріп, рухани құндылықтармен сусындатайық.





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 желтоқсан
360
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі