400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

менин олимпиадаларым

Материал туралы қысқаша түсінік
тауелсиэдик тугырым
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 22.02.2016ж. Тәрбиеші: Еспенбетова Н.С.

Әдіскер:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімі: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Менің елімнің рәміздері» (өлеңді жаттау)

Мақсаты: өлеңді дауыс ырғағын келтіре отырып оқу, мазмұнын ашу; балаларды еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу; имандылық, адамгершілік тәрбиесіндегі үлгі-өнеге сөздерді үйретіп, елді қорғауға баулу.

Көрнекіліктер: елтаңба, ту суреттері, гимн мәтіні.

Сөздік жұмыс: елдігімнің белгісі, рәміздер.

Билингвальды компонент: Отан-Родина, ту-флаг, рәміз-символ, елтаңба-герб.

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

-Менің Отаным өте сұлу!

-Менің Отаным өте бай!

-Менің Отаным әдемі!

-Менің Отанымда барлық ұлттар тату тұрады!

-Мен Отанымды, рәміздерімді мақтан етемін!





Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.




Ұйымдастырушылық-ізденістік

Кіріспе әңгіме

-Бүгін біз туған жеріміз-Отанымыз туралы әңгімелесеміз.

-Қазақстан Республикасының рәміздеріне не жатады?

-Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, туы, гимні бар.

-Енді, балалар, ақын Нұрлан Қалқаның «Менің елімнің рәміздері» өлеңімен танысамыз.

Рәміздерім-елдігімнің белгісі,

Білу керек бала дағы ең кіші.

Рәміздерім-елтаңба, ту, гимнді,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Сөздік жұмыс: Елдігімнің белгісі, рәміздер.

Билингвальды компонент: Отан-Родина; ту-флаг; рәміз-символ; елтаңба-герб.


Дәптермен жұмыс.

Сергіту сәті.

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп, толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз,

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай самғаймыз.

Дидактикалық ойын: «Менің сүйікті қалам».

Ойынның шарты: балалар дөңгелене шеңберге тұрады. Ойын бастаушы «Сүйікті қалаңды ата!»-деп, допты бір балаға лақтырады.Бала жауабын айтып, келесі балаға лақтырады.


Біздің Отанымыз-Қазақстан.











Балалардың

жауаптары.







Балалар өлеңді қайталай отырып жаттайды.







Қайталайды.






Балалар қимылмен сергіту сәтін орындайды.







-Менің сүйікті қалам-Астана!

-Менің сүйікті қалам-Алматы!

-Менің сүйікті қалам-Қарағанды!



Рефлексиялық-түзетушілік

Қазақстан Республикасының бас қаласы-Астана.

Қазақстан қазба байлықтарға өте бай.

Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеу керек.


Балалардың толық жауаптары тыңдалады.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: Қазақстан Республикасының рәміздерін жатқа айтады.

Түсінеді: Қазақстан Республикасының рәміздеріне құрметпен қарауды, Отанын қорғау міндеті екенін түсінеді.

Қолданады: рәміздерді мәнерлеп суреттей алады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.12.2020
705
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі