Материалдар / Менің әжем
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің әжем

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақала отбасының құндылығы, отбасындағы әжеге деген құрмет жайында. Мектеп оқушыларына арналған. Өз әжелерін сыйлауға, қадірлеп, қадірін білуге үйретеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қазан 2018
503
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Менің әжем

Менің әжем өте мейірімді, ақылды жан еді. Мен үйдің тұңғышы болдым. Әжем: «өздеріңе бала тауып алыңдар, бұл менің балам»-деп, мені бір жасқа келгенде, қойнына қысып үйіне алып кетіпті. Содан бері он үш жыл өтті, мен әжемнің баласы болып қала бердім. Мектепке алғаш өзі жетектеп апарғаны әлі есімде. Біреулер тиіссе,әжемді алып келетінмін.Әжем екеуміз күнде түстен кейін сабақ оқып, үй жұмысын орындайтын едік. Мені адалдыққа, білімге құштар болуға тәрбиелеген әжетайым еді. Әжемнің үнемі менің қасымда болғанын қалайтын едім. Бірақ, қазір әжем қасымда жоқ, мен оның орнын сипап қала бердім. Аяулы әжем екі ай ғана ауырып, өмірден озды. Мен қазір өз әкем мен шешеме келдім. Олар менің туғандарым болса да, маған бөтен болып тұрады.Кейде әжем есіме түссе, жүрегім сыздап ауырады. Әжемнің:«құлыншағым,ботақаным,айналайын»-деген сөздері үнемі құлағыма келеді. Маған әжем айтатын:«көп оқы, білімді, еліңді сүйер азамат бол!»-дейтін. Иә, мен әжем сенімін ақтап, білімді азаматша боламын!

Саденова Алина 9 сынып оқушысы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!