Менің алғашқы ұстазым

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің алғашқы ұстазым

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің алғашқы ұстазым кім? Ұстаздарға алғыс. Ұстаз еңбегін мадақтау
Материалдың қысқаша нұсқасы
Менің алғашқы ұстазым
Алғашқы ұстаз - бізге білім беріп қана қоймай, сонымен қатар оқуға деген
ынтамызды ашқан жан. Біздің өмірімізде ұстаз үлкен рөл атқарды және бізді
білімді, сауатты оқушы етіп, осындай дәрежеге жеткізгені үшін алғыс
айтуымыз керек. Ұстаз баланың екінші анасы болып саналады. Ұстаз болмаса,
баланың ертеңі не болмақ? Білімді беруші оны ұғындырушы - ұстаз. Ұстаз
жоқ болса біз ешқашан білім үйрене алмас едік. Өмірдің мәні білімнен
басталады. Білімді бізге ұғындырушы - ұстаз. Мектептің сәні де, мәні де
ұстазда. Ұстазға қарап оқушы бой түзейді. Ұстаздың орны оқушы үшін
ерекше. Бізге ең алғаш қалам ұстатып,әліппені оқытуды үйреткен, әріптерді
бізге танытып, көзімізді ашқан, білімге деген құштарлығымызды оятқан жан ұстаз.
Әлі мектепке бармаған кезімде ұстазым кім? қандай болады деп қатты
қорыққаным әлі күнге дейін есімде. Ең алғаш мектеп табалдырығын аттаған
сәттен ақ, басқа әлемге кіргендей болдым. Бастапқыда бойымда үрей болды.
Бірақ алғашқы ұстазымды көрген сәтте қорқынышым судай басылды. Жүзі
жылы, мейірімді мұғалім болатын. Бастапқы кезде ұстазыммен тілдесу
қиынға соқты. Сырласып, әңгімемді айтқым келетін. Бірақ олай жасау мен
үшін қиынға соқты. Менің ұстазым еңбекқор, білімге бейім жан еді. Мен
ұстазыма қарап, сабақ оқуға деген шабыт алатынмын. Менің ең алғашқы
ұстазым - Жасыбаева Айгерім апай болатын. Айгерім апайға алғысым шексіз!
Өте керемет жан. Ақылды, қарапайым,мейірімді, әділетті, шыдамды,
балажан еді. Ұстаздан шәкірт озар демекші кезінде біз апайдың үйреткенін
тез қағып алып, апаймен жарыса есеп шығарып, оқу оқитын едік. Айгерім
апай бізді басқа сыныптарға қарағанды озат оқушы етіп тәрбиеледі. Ең үздік
сынып болатынбыз. Әрине бұның артында қаншама еңбек жатыр. Апайымыз
бізге ұрысатын кезде ұрысып, мақтайтын кезде мақтап отыратын. Біз
жыласақ бізбен бірге жылайтын. Бізбен бірге күліп, әзілдесіп, әңгімесін
бөлісетін. Мектепте барлығын бірге көрдік. Алғашқы ұстазым әлі күнге дейін
есімнен кеткен емес. Алғашқы ұстаз деп айтқан сәттен ақ алдыма
ұстазымның жылы жүзі, жұмсақ, хош иісті қолымен арқамнан қағып,
басымнан сипағаны көз алдыма елестейді. Керемет сезім иә? Ұстазымның
бізде сіңірген еңбегі мен пәк махаббаты өлшеусіз. Мен барша ұстаздарға
құрметпен қарап, еңбектерін бағалаймын. Сіздерге басымды иіп тұрып
алғысымды білдіремін! Ұстаздар үлкен сый-құрметке лайық деп нық
сеніммен айта аламын. Жұмыстарыңыз алға басып, табысты болыңыздар.
Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін!
Ал менің ең алғашқы ұстазым жадымда мәңгіге сақталады. Ұстазыма
өмірдегі бар жақсылықты тілеймін. Деніңіз сау болып, денсаулығыңыз мықты
болсын. Өмірімде осындай ұстаздың кездескеніне қуаныштымын.
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
01.02.2024
2467
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі