400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің арманым

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

№26 Жалпы білім беретін мектеп





ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Тақырыбы: «Менің арманым»


Мерзімі:13.02.18жыл

Әріпжан Аяулым







2018 оқу жылы

Оқытушы: Әріпжан Аяулым

Сыныбы: 3 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: «Менің арманым» 
Сабақтың мақсаты: оқушылардың жақсы ниетпен армандай білуіне және оған қол жеткізуге ұмтылуына ықпал ету. Өмірге деген көзқарасын қалыптастыру.Бір бірімен қарым-қатынасын, болашаққа деген үміттерін арттыру.

Күтілетін нәтиже:
-Арман ұғымы туралы түсінік алады. 
- Балалар ойын,қиялын жеткізеді. 

-Армандарына жетуге ұмтылады.

Сабақ түрі: ойын сабақ

Сабақ типі: аралас

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Серпілген сауал», «Мақалды жалғастыр», «Арманыма жетемін», «Сөйлемді аяқта», «Арманымның суреті, «Жүректен жүрекке», «Біздің арманымыз»

Сабақтың көрнекілігі:мамандық суреттері, жүрекше, көбелек, тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану


Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

1)Оқушылармен амандасу

2)Әнұран айту

3)Оқу құралдарын тексеру

4)Оқушылар назарын сабаққа аудару


Психологиялық тренинг

Тыныштық сәті 
-Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады,сана сезім сергиді.Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз...Басыңыздан бастап,аяғыңыздың ұшына дейін... 
Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып,бойымыз жеңілдеп қалғандай.Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ,тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі.Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар...Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге:«Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады.Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге:«Жақсы болу өзіңнен»,деп қарайды.Ия,ия шынында да,көбелектер секілді әдемі болып,тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау!Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой!Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз. 
Ал,енді «бір,екі,үш»деп,бұрынғы қалпымызға келейік.


ІІ Үй тапсырмасы

«Серпілген сауал» әдісі бойынша гүлдің күлтелеріндегі сұраққа жауап беріп тақтаға іледі.

  • Адамгершілік қасиеттерге нелер жатады?

  • Әдептілік дегенді қалай түсінесің?

  • «Жақсы бала» болу үшін не істеу керек?

  • Қандай жаман әдеттерден аулақ болу керек?


ІІІ Өткен сабақты бекіту

«Мақалды жалғастыр» (карточка )

1. Жақсы көргенін мақтап жүрер,
Жаман көргенін даттап жүрер.

2. Жақсыға қылған жақсылық, өмірінше тозбайды,
(Жаманға қылған жақсылық, бір күнгідей болмайды)

3. Жақсы кісінің ашуы - шай орамал кепкенше.
(Жаман адамның ашуы басы жерге тигенше.)

4. Жақсыны сыйласаң есінен кетпейді,
Жаманды сыйласаң есігіңнен кетпейді.

5. Жақсыға берсең асыңды, жақсы сыйлар басыңды.
Жаманға берсең асыңды, итке тастар басыңды

6. Жақсы көрісіп келіседі,
Жаман келісіп керіседі.

ІV Жаңа сабақ

«Дәйек сөз."Арман-адамға қанат"дегенді қалай түсінесіздер? 
Арман-адамға қанат.Халық мақалы.Армансыз адам болмайды.Оқу,білім арқылы алысқа қанат қағасың. 

Арман-алға жетелейтін жарық жұлдыз,адам адал еңбек етіп,қиындыққа мойымай,қажырлылық танытқанда ғана өз мұратына жетеді,яғни арманы жүзеге асады. Арман деген дүние - сәттілікке бастар жолдың алғашқы баспалдағы. Дәл солай. Арман ғана көздегенімізге жетуіміз үшін бас көтермей жұмыс жасауымызға себепші болады. Адам ғаламат нәрселерді ойлап таппастан бұрын, оны армандайды. Ойында құрады. Ұшатын кілем туралы ертегі де арманның нәтижесінде пайда болған. Ал ұшақтардың ұшатын кілемнен несі кем? Міне, арманның күші!Армандай білген адам рухани күшімен ерекшеленіп, арманға жету жолында жігер салып күреседі. Есесі қайтпас еңбек жоқ. Маңдай тердің нәтижесі арманның орындалуына әкеледі. Арманның орындалуына сену керек. Арман - қажеттілік. Арманға жету жолында құлап қалса да, орнынан қайтып тұрып, оған жетпейінше тынбау арманның жүзеге асуына әкелетіні сөзсіз.

V Жаңа материалмен жұмыс

«Арманыма жетемін»

Мен кітапты төсбелгімде көрсеткен себебім,бала күнімде мұғалім болуды қатты армандаушы едім.Сол арманыма қол жеткізіп,бүгінгі күнде сіздердің алдарыңызға сабақ беруге келіп тұрмын.Енді мен сіздермен жақын танысқым келіп тұр.Менің үстелімнің үстінде қағаздан жасалған әртүрлі бейнедегі төсбелгі бар.Өздерің ұнатқан төсбелгіні таңдап,өздеріңді,армандарыңды бейнелеп көрсетіңдер. 
(Балалар қимылмен көрсетеді, оның қандай мамандық екенін табады) 
-Балалар,мен сендермен жақын таныстым.Араларыңда болашақ әнші де,биші де,спорт шебері де,ұстаз да,дәрігер де,мұнайшы да бар екен.Мүмкін араларыңда болашақ ел басқаратын елбасы да отырған шығар.Кім біледі? Өздерің айтқан әнші де,биші де,спорт шебері де,ұстаз да,дәрігер де,мұнайшы да, ел басқарып отырған азаматтар да сендер сияқты мектеп қабырғасынан білім алған. 
Жарайсыңдар,сендермен болашаққа сәл ғана саяхат жасағандаймын.Енді өздеріңді болашақта кім болғыларың келеді, соны армандайсыңдар ма? 
(балалардың жауаптары тыңдалады) 


 «Сөйлемді аяқта» ойынында көбелектердегі аяқталмаған сөйлемдер беріледі, балалар өз ойларынша сөйлемді аяқтайды.

-Егер де мен мұғалім болсам,………………

-Егер де  мен дәрігер болсам,…………..

-Егер де мен президент болсам, ………………..

-Егер де мен әкім болсам, ………………..

-Егер де мен суретші болсам,....................

-Егер де мен әнші болсам, ........................

-Егер де мен жазушы болсам,...................

«Арманымның суреті».

Барлығымыз көзімізді жұмып, қандайда бір арманымызды көз алдымызға елестетеміз. Ең маңызды армандарыңызды таңдаңыздар. Енді көзімізді ашып өздеріңнің армандарыңның суретін саламыз. Соңында суреттері бойынша өз ойларын сұрап шығамын.


VI Жаңа сабақты бекіту

«Біздің арманымыз».

Оқушылар өздерінің армандарына байланысты өлең шығарады.


VII Қорытынды
«Жүректен – жүрекке»
Арманға бірге жетейік. Балалар бір – біріне арманға жету жолындағы тілектерін арнайды
Біліммен, ізденумен, еңбектенумен жет
- Алға самға
- Нағыз адам бол т. б.
Ұстаз тілегі:
- Армандарың орындалсын! Біліммен, өнермен алға самғаңдар!

«Арман деген көп белес-

біріне шықсаң,бірі бар» деп Ғабиден Мұстафин атамыз айтқандай,армандайық,арманға қол жеткізейік. Сабаққа жақсы қатысқандарың үшін  мен сіздерге алғысымды білдіремін.

VIII Үйге тапсырма

«Менің арманым» тақырыбына шығарма жазу


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
368
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі