Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Менің арманым – менің болашағым»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың өмірге деген көзқарасын дамыту, армандары мен мақсаттарын нақты айқындап, қол жеткізуге ұмытылуына ықпал ету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 01.03. 2021 ж. 6 «Г» класс БЕКІТІЛДІ:

Тәрбие сағаты: «Менің арманым – менің болашағым»

Мақсаты:

- Оқушылардың өмірге деген көзқарасын дамыту, армандары мен мақсаттарын нақты айқындап, қол жеткізуге ұмытылуына ықпал ету.

- Оқушыларды мамандық түрлерімен таныстыру, мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен таныстыра отырып, олардың маңыздылығы туралы айту.

Рәсімдеу

Презентация: «Менің арманым – менің болашағым»

Музыкалық және бейне көркемдеу

Мамандықтың бәрі жақсы.

Сабақтыңтехникалық құрал-жабдықтары

Ноутбук (zoom)

Эпиграфтар

«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» (Ж.Аймауытов)

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

- Қайырлы күн, балалар! Күніміз сәтті болсын! Сендермен кездесіп тұрғаныма өте қуаныштымын.

2. Психологиялық сәт.«Психогеометрия»-

Оқушылар өздеріне ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдайды.Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді.

-Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.

Төртбұрыш.-Сендерде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған.Сендерден үздік ұйымдастырушы, журналист шығуы мүмкін.

Шеңбер-Сендерде адамгершілік жоғары дамыған. Сендерден үздік психолог, мұғалім, дәрігер шығуы мүмкін.

Үшбұрыш-Сендерге басқарушылық қасиет тән. Сендерден батыл өрт сөндіруші, полицей қызметкері, әскери мамандар шығуы мүмкін. 3. Мұғалім - Құрметі оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатында біз сендермен мамандық әлеміне саяхат жасамақпыз. Сендердің барлығыңда да болашақта «кім боламын?, қандай мамандық таңдаймын? қай мамандық иесі боламын?» деген сұрақтар мазалайтыны белгілі. Әрине мамандық таңдау – үлкен жауапкершілікті іс. Әлемде мамандық түрлері өте көп. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ қандай мамандық болмасын оның өзіндік ерекшеліктері, талаптары болады. Мамандықтың кез - келгенін игеруге ең басты адамның қызығушылығы, икемділігі қажет, кей адамдардың ойынша бұл жай күн көру секілді, бірақ ол теріс пікір, себебі маман иесі болу үлкен жауапкершілікті, өнерді, шеберлікті қажет ететін нәрсе. Жақсы маман иесі болу үшін ең алдымен таңдаған мамандығыңды сүюің керек, сол мамандықты барлық қырынан танып, сырын жете меңгерулерің керек. Өзінің икемділігі мен қабілетіне қарай маман болған адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ.Қоғам дамуына орай мамандарға деген сұраныс әрқашан өзгеріп отырады. Зерттеушілердің болжамы бойынша, жақын болашақта инженерлерге сұраныс көбейеді. Өйткені қазір қоғамда кәсіби-техникалық мамандарға, инженер-технологтерге сұраныс көп. Екінші орында IT-технолог, бағдарламашылар, веб-дизайнерлер тұр. Бүгінгі таңда кез келген мекеме мен кәсіпорынның жеке сайттары бар. Веб-дизайнерлер кәсіпорынды сайт арқылы таныстырады. Болашақта жоғары сұранысқа ие болатын мамандықтар нанотехнологиямен байланысты болады. Нанотехнология ғылымның барлық саласын қамтиды: медицина, білім беру, тамақ өнеркәсібі, мәшине жасау, ғарыш технологиясы және т.б. Бүгінгі таңда биотехнология, электроника мамандары, маркетинг пен сауда менеджерлері, халыққа қызмет көрсету, қаржыгер, заңгер, логист сияқты мамандықтар үлкен сұранысқа ие. Қоғамда аспаз, нан өнімдерінің шебері, тігінші, автомеханик, құрылысшы, сылақшы, ұста, сәулетші, техник-сантехник, медбике сияқты мамандық иелерінің орны бар. Халықтың рухани әлемін дамытатын мұғалім, оқытушы, дінтанушы мамандықтарының орны бөлек. 

4. Ойын «Кім көп біледі?»

10 мамандық атын жазу

( Ұста, мұғалім, мүсінші, инженер, агроном, маркетолог, брокер,сәулетші,кинолог,аспазшы, күзетші.) қаржыгер,заңгер,дінтанушы, оқытушы ,бағдарламашы, инженер, әнші.

-Тағы қандай мамандық аттарын білесіңдер?

ҚБ «Үш шапалақ»

5. Бүкіл әлем бойынша 40 мыңдай мамандық бар екен.Жылына 500 мамандық жаңадан қосылып, 200 дей мамандық жойылып отырады екен.

«Ең жақсы» ойыны.
Қатысушылар екі командаға бөлінеді. Әрбір командаға мынадай нұсқау беріледі, оқушылар берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтулары керек Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:
Ең ақшасы көп - бухгалтер, экономист.
Ең жасыл - эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші.
Ең тәтті - аспазшы, кондитер.
Ең күлкілі - клоун, карикатурашы.
Ең жауапты - сот, бухгалтер.
Ең салмақты - мұғалім, заңгер.
Ең қарым - қатынасы күшті - бизнесмен:

Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.

6.Видео «Мамандық таңдау»

-Қандай мамандықтар керек?

-Мамандықты қалай таңдау керек?


Жаңадан пайда болған мамандықтарға тоқталып кетейік:

Брокер – делдал, яғни тауар өндіруші мен тұтынушы арасында келісімге келтіруші.

Дилер – саудалық келісімді өз есебі, қаражаты арқылы үйлестіруші.

Маркетинг – өнімді өткізу проблемаларын мақсатты шешу барысындағы өнім мен

қызмет етудегі сұраныстарды қалыптастырушы.

Маркетолог – маркетинг проблемаларымен кәсіби айналысатын маман.

Менеджмент – кәсіпорынды басқару жүйесі; өндірістік қызмет процесінде адам қатынастары теориясы мен практикасын зерттейтін экономикалық ғылым.

Менеджер – басқа қызметкерлерге басшылық жасайтын адам.

7. Кері байланыс:

 Өзара бағалау. «Мадақтау сэндвичі» әдісі арқылы оқушылар өзара кері байланыс береді.

1-бөлік – позитивті комментарий, не ұнады;

2- бөлік – сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек;

3-бөлік – келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы...

8.Рефлексия «Рефлексия пирамидасы»

1. Сіз бұрыннан білетін төрт нәрсе.

2. Сіз үйренген үш нәрсе.

3. Сіз көбірек білгіңіз келетін екі нәрсе.

4. Есіңе сақтау керек маңызды бір нәрсе.

Үй жұмысы. «Ең жақсы мамандық» тақырыбында эссе жазу

9.Қорытынды: -Балалар, Абай атамыз айтқан өсиет мәңгі естеріңде болсын.

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан.

-Мамандықтың бәрі жақсы, тек икемдеріне қарай, қабілеттеріңе қарай дұрыс таңдай білу керек екнін естен шығармаңдар.Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Отбасыларыңызда әрқашан береке бірлік, татулық орнасын! Дүниежүзінде болып жатырған жағдайларға қарамастан, білім алуға деген құштарлықтарыңыз үшін, сіздердің бар болғандарыңыз үшін рақмет айтам. Келесі кездескеше сау саламатта болыңыздар.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.06.2021
4415
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12