Менің арманымдағы кітапхана

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің арманымдағы кітапхана

Материал туралы қысқаша түсінік
Кітапты сүйіп оқитын балаларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің арманымдағы кітапхана


Кучерова Элянора Бактыбековна

Қарағанда облысы Абай ауданы

А.Құнанбаев атындағы №5 мектеп гимназиясының 10 сынып оқушысы


«Наданмен дос болғанша кітаппен дос бол»

Баус

Мектеп-кеме, білім-теңіз болса, кітапхана – тәрбие мектебі. Кітаппен дос болу - өміріңді жақсы арнаға бұру деп түсінемін. «Адамды адам еткен-кітап, адамзат еткен-кітапхана» демекші, мен кітапхананы киелі орынға теңеймін. Өйткені бұл киелі орыннан өзіңе таусылмас байлық, рухани мұра аласың. Дана жазушыларымыздың қанатты сөздерін оқи отырып, бойымызға үлкен ой түйіп, бір өнеге аламыз. Әрбір кейіпкердің өмір жолы бір тарих. Сол тарихтан сыр шерте отырып, өзің де сол кейіпкерлермен бірге қуанып, бірге қайғырасың. Сөйте отырып өмірдің небір қилы тұстарына сапар шегесің. Жақсы мен жаманды ажыратуды үйренесің. Әрбір оқиға сені тәрбиелеп шығарады. Жүрегіңе жылулық, бойыңа адамгершілік қасиеттерін сыйлайды. Өзге елдердің тарихымен, мәдениетімен таныса отырып, белгілі бір ғылымда игереміз.

Осындай ғажайып әсер сыйлайтын кітапханалардың заман талабына сай дамып, қоры байып отырса. Іздеген кітаптарыңды кітапханадан еш қиындықсыз табу қазірде үлкен мәселеге айналды. Сол себепті кітаптардың электрондық нұсқалары сауатты жазылып, сайттарға жүктелсе. Әрі ертеде жойылып кеткен тарихымыздың көзіне айналған кітаптардың қайта өңделіп, барлық кітапханаларда қолжетімді болғанын және де әрбір кітапқа құлаққап жалғанып, онда тақырыпқа сай әуендердің дыбысталуын қалар едім. Себебі ол оқып отырған адамды әңгімеге немесе аңызға онан әрі қызықтыратыны анық. Егер әрбір тақырыпқа сай кітапханалар жүйеленсе, түрлі жанрдағы кітаптар бөлек орналасса, бөлмелерде тақырыпқа сай суреттердің де орналасуы ғажайып көрініс сыйлар еді. «Армансыз адам-қанатсыз құспен тең» дегендей адам баласы арманмен өмір сүреді. Арман мен қиял ұштасып, адамды алысқа жетелейді. Кейде тіпті өзімнің арманымдағы кітапханамды ашқым келеді. Қазіргі заман талабына сай жабдықталған кітапханада кез-келген адамның талғамындағы кітаптар қолжетімді және электронды түрде болады. Әрбір келген адамға түрлі ойындар ұйымдастырылып, қызығушылықтарын арттырады. Мысалы, әр түрлі кейіпкерлер оқырмандарға сұрақтар қойып, сөзжұмбақтарды бірге шешсе, мұндай орын әрбір адамның кез-келген уақытта барып, кітап оқып дем алып отыратын орнына айналады деп ойлаймын.

«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп Абай атамыз айтып кеткендей, еш уақытта да кітап оқуға, жаңа затты танып білуге жалқауланбауымыз керек. «Көп көргеннен емес, көп оқығаннан сұра» дегендей, сонда біз белгілі бір жетістіктерге яғни, өз мақсатымызға жете аламыз.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.10.2018
2120
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі