жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Менің ата-тегім
Тақырыбы:
«Менің
ата — тегім»
Мақсаты:
Оқушылардың ата тектері туралы
мағлұматтарды бойына сіңіруіне, жеті
атасы туралы ойларын ортаға салуға,
олардың өз ата тектерін білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер «Әке көрген оқ жанар, Ана көрген тон пішер», «Аталы сөз — баталы сөз», «Тегін білген текті адам», «Жеті атасын білген ер, жеті елдің қамын жер», «Ата қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер», «Әке асқар тау, ана ағып жатқан бұлақ, бала жағасындағы құрақ», «Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі».
Барысы:
Мұғалім
сөзі: Құрметті
қонақтар, оқушылар және де ата-аналар!
Бүгінгі тәрбие сағаттың негізгі мақсаты
оқушыларға жеті ата, шежіре туралы
білуге шақыру болып табылады.
1-жүргізуші.
Армысыздар, текті елдің ұрпақтары!
2-жүргізуші.
Бармысыздар қазақ елі!
Бүгінгі
танымдық пен өнегеге толы ашық тәрбие
сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
(БІРГЕ АЙТАДЫ )
1-жүргізуші.
Біз осы тәрбие сағатына дайындалу
барысында "Сіз өз жеті атаңызды
білесіз бе?" деген сұрақты мектеп
оқушыларына қойған болатынбыз.
Оқушыларымыз бұл сұрақтарға қалай жауап
берді екен? Ендеше экранға назар
аударайық. (видеоролик көрсетіледі)
2
-жүргізуші:
Жерінде - бабасының
Елінде
– атасының
1-жүргізуші:
Көңілінде – әжесінің
Жолында
– ағасының
Төсінде
– даласының
Тапқан
өз жарасымын
Мен
– қазақтың баласымын.
1-жүргізуші.
Рахмет! Ия, бүгінгі тәрбие сағатымыздың
тақырыбы «Менің ата тегім». Шынымен біз
текті халықпыз ба, тектілік дегеніміз
не, оны қалай түсінуге болады? Ендеше
өз ойларын ортаға салу үшін сөз кезегін
оқушыларға береміз.
1-оқушы.
Жеті ата — қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді.
2-оқушы.
Қазақ халқының жеті ата шежіресі дегеніміз – халқымыздың әрбір отбасында атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып, берік орнығып, заңдылыққа, халықтық тәрбие құралына айналған ізгі іс-әрекеттер, тәлім-тәрбиелік қағидалар, жалпыға ортақ әдептілік, инабаттылық нормалар жиынтығы.
3-оқушы.
Қазақ отбасында баланы өмірге дайындау дәстүрінің бірі – шежіре үйрету. Оның негізгі мақсаты – ата-текті білу, ұрпақ тазалығын сақтау. Шежіре ақыл-ойға қозғау салып, адамды тануға итермелейді. Өзінің кім екенін, ағайын-тумаларының қайдан шыққанын білу өте қажет. Осы арқылы жігіттің тұлғалық қасиеті танылған.
4-оқушы:
Қазақтың
ертеден-ақ ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып
келе жатқан өзіндік ізгі қасиеттері,
дәстүрлері,әдет-ғұрыптары бар. Сондай
киелі дәстүрлеріміздің бірі – рулас
ел ұрпақтарының жеті атадан асқанша
бір-бірімен қыз алысып,қыз беріспеуі.
Бұл дәстүр – текті,дені сау,таза ұрпақ
өсуінің кепілі. Өз ұрпағына жеті атасын
үйрету атадан балаға жалғасып келе
жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі екені
аян. Бабамыз«Жеті атасын білмеген
жетесіз»деп балаларына жеті атасын,шыққан
тегін үйретуді парыз санаған.
5-оқушы:
Бұрын
балаға 7-9 жасында әкесінен бастап
ағайын-туысын, нағашы жұртын, алыс-жақынды
таныстыруға,ататегін,руын,ел-жұртын
білдіруге ерекше көңіл бөлінген.
«Жеті
атасын білу» заң болған. Әкесі,атасы
балаға тек жеті атасына дейінгі
балаларының атын жаттатып қана қоймай,
олардың қандай адам болғанын,ел жұрты
үшін жасаған ерлігі, өнегелі істері
жайында әңгіме еткен. Сол арқылы бала
ата дәстүрін жалғастырса екен деген
мақсат көздеген.
6-оқушы:
«Жеті
атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар»
деген аталы сөзді арқау етіп,баласына
ата тарихын жастайынан жаттатқан.
Ел-жұрт тарихын білу ер-азаматты
ерлікке,елдікке,Отан сүюшілікке
баулитынын білген.
1-жүргізуші.Көп-көп рахмет! Сіздердің келтірген мәліметтеріңізден біраз мағлұмат алдық.
2-жүргізуші. Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй - деп, Абай атамыз айтқандай келесі кезекті керемет әнге береміз. Ортаға Кожаева Аринаны "Саржайлау" әнімен ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші. Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы - демекші, ортаға жыр-шумақтарымен оқушыларымызды шақырамыз.
1-оқушы.
Бұтағы – бабасының,
Ұрпағы
– атасының,
Шуағы
- әжесінің,
Тұяғы
- әкесінің,
Тілегі
- анасының,
Тірегі
– ағасының,
Түлегі
– даласының,
Дарытқан
бар асылын
Мен
- қазақ баласымын!
2-оқушы.
Бабамнан басталар,
Өз
жұртым мыналар:
Ең
жақын адамдар –
Әкем
мен анам бар.
3-оқушы.
Әкемнің әкесі -
Ақ
басты Атам бар.
Әкемнің
шешесі –
Ақ
шашты Әжем бар.
4-оқушы.
Әкеге мен – бала,
Атаға
- немере.
Немере
баласы –
Болады
шөбере.
2-жүргізуші. Жеті Атаға дейін үйленбеу дәстүрі түркі тектес халықтардың ішінде тек қазақтарда ғана бар дейміз. Осы жайында бір аңыз әңгімені тыңдасақ.
15-ғасырда
Қазақ Хандығы орнап, оны Керей мен
Жәнібек хандар басқарғаны белгілі.
Бірде Жәнібек ханның ақылшысы, кеңесшісі
Жиренше шешен қатты ауырып, төсек тартып
жатып қалыпты. Жақын жерлердегі талай
белгілі емші, бақсыларды шақыртып
қаратса да, еш ем қонбапты. Соңында
атақты Өтебойдақ деген емші барын біліп,
соны шақырады. Өтебойдақтың емінен
кейін Жиренше жазылып, дертінен айығыпты.
Жәнібек хан емшіге риза болып, бірнеше
сұрақ қойыпты. Көп сұрақтарына қонымды
жауаптар алып, соңғы сұрағын қойыпты:
—
Қандай ауруды емдеу қиын?
—
Тұқым қуалайтын ауруды емдеу қиын.
—
Ал, оның алдын алуға бола ма?
—
Болады. Жеті Атаға дейін туыс адамдар
қыз алыспау керек. Жеті қазақ үшін
қасиетті сан.
Өтебойдақ
емшінің айтқанын Жәнібек хан жадына
тоқып, халыққа жеті атаға дейін үйленуге
тиым салыпты. «Кімде кім жеті атаға
толмай үйленсе, өлім жазасына кесілсін»
деген жарлық шығыпты. Содан бергі қазақ
хандары да осы жарлықты бұлжытпай
орындап отырыпты.
1-жүргізуші. Міне, осы бір аңыз-әңгімеден-ақ қазақ халқының тектілігін аңғаруымызға болады. Сахна төріне сыныбымыздың мың бұралған бишісі Жаңабай Даянаны "Қазақ биімен" ортаға шақырамыз.
Енді үлкен атамыздан барып бата алайық.
Я,Құдайым оңдасын,
Еш жамандық олмасын.
Малды қылсын,жанды қылсын,
Абыройлы бақытпен
Өз қатарыңның алды қылсын!
Атаңа-ар бол,
Анаңа-нәр болсын,
Жақсыға жал бол,
Жаманға зәр бол,
Халқыңның қуанышы бол,
Қуаныштың тұрағы бол!
АЛЛАҺУ АКБАР!
Қорытынды.
Бір үйдің баласы болма
Көп үйдің сапасы бол.
Бір елдің баласы бол,
Бір елдің данасы бол! Төле би бабамыз жырлағандай ата-бабамыздың осылай ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған асыл мұра салт-дәстүр үлкен бір тәрбие мектебі,ендеше жеті атамызды жастайымыздан жаттап, біліп өсейік!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген