400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің ата-тегім

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы


  Дүниетану 5-сабақ


Бөлім

Өзім туралы

Педагогтің аты-жөні


Күні:

4.10.2024ж

Сынып:2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Адам еңбегі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.1.1.3 Түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтау

2.1.1.4 бақылау мен сұрақ-жауап арқылы тұтыну заттарына деген отбасы қажеттіліктері нің құрылымын, олардың қайдан келетінін білу

Сабақтың мақсаты

    • дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтайды

    • бақылау мен сұрақ-жауап арқылы тұтыну заттарына деген отбасы қажеттіліктері нің құрылымын, олардың қайдан келетінін біледі

Құндылықтарды дарыту

«Біртұтас тәрбие» тәрбие бағдарламасындағы құндылықтарды оқу процесіне ұйымдастыру кезіңінен бастап, сабақтың әрбір кезеңінде жүргіземін

Құндылық: бірлік және ынтымақ

Сабақтың барысы

Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақ

тың басы

5 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Берілген әріптер арасынан мағыналы сөздерді тауып, тақырыпты шығарыңдар. ралиащнадампывыыкеаннушәеңбегіжпгвпвущпдпщ

  • Қандай сөз құрадың?

  • Еңбек деген не?

  • Адамдар не үшін еңбектенеді?

  • Еңбек қандай жетістіктерге жеткізеді?

  • Еңбек етудің кімге қандай пайдасы бар?

  • Еңбекте табысты болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?

  • Сенің отбасыңда еңбек қандай рөл атқарады? Сенің отбасыңның мүшелері қандай еңбекпен айналысады?

  • Сен қандай еңбекпен айналысасың?

«Біртұтас тәрбие» тәрбие бағдарламасындағы құндылықтарды оқу процесіне ұйымдастыру кезіңінен бастап, сабақтың әрбір кезеңінде жүргіземін

Құндылық: бірлік және ынтымақ

Сөзді тауып, тақырыпты ашады. (Адам еңбегі)

Сұрақтарға жауап береді.


Бағалау

Әр алған балдарын батарейканың бойына белгілеп отырады.



оқулық, оқушы дәптері (№1, №2). Қима әріптер

Сабақтың ортасы

15 мин



ҚБ (ҰЖ) 1-тапсырма

Ойлау дағдысы: білу,түсіну


«Еркін әңгіме» әдісі

Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

  • Мақалда не туралы айтылған?

Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.

  • Сенің дастарқаныңа ас қалай келеді?

  • Базарға азық-түлік қайдан келеді?

  • Өзіңнің отбасында жасайтын еңбегің туралы әңгімеле. Еңбек адамға тамақ, баспана, киім, әдемі заттар береді, адамды ақылды, мейірімді етеді, өзіне ғана емес, басқа адамдарға да қамқор болады.


Еңбек, азық-түліктің шығуы туралы әңгімелейді.


Бағалау критерийі:

дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтайды

Дескриптор:

Еңбек, азық-түліктің шығуы туралы әңгімелейді.2 балл

Дастарқанға келетін астың қайдан алатынын ата-анасының көмегімен біледі.2 балл


Қима жұлдыздар

10 мин

ҚБ2 тапсырма МК ЖЖ

Ойлау дағдысы: қолдану

«Ашық микрофон» әдісі Суреттерге қара.

  • «Еңбек түбі – зейнет» мақалын қалай түсінесің? Сұраққа жауап бер:

  • Күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды қайдан алады?

  • Балалар мектепте білім алып, қандай еңбектің түрімен шұғылданады?

  • Тағы қандай еңбектің түрлерін атауға болады?

  • Мектептен алған білімдеріңнің болашақта қандай пайдасы бар деп ойлайсыңдар?

ЕББҚ (Дислексия) балаға тапсырма:

  • Мақалды оқиды

Мақалды оқиды.

Оқушы мақалды түсіндіріп, сұрақтарға жауап береді.




Бағалау критерийі:

бақылау мен сұрақ-жауап арқылы тұтыну заттарына деген отбасы қажеттіліктері нің құрылымын, олардың қайдан келетінін біледі - Дескриптор:

-Мақалдың мағынасын түсіндіреді.2 балл

-Сұрақтарға жауап береді.2 балл

Еңбек туралы ойын қорытады.2 балл



ҚБ: «гүл»

Тақта, бор







Оқулық,жұмыс дәптері

Суреттер








2 мин

Сергіту сәті:

Гүл өсірсең, терлеп,

Мұның аты – еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты – еңбек.

Сабағыңды жөндеп,

Әзірлесең еңбек.

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.


Балалар бірге айтады

Жарайсыңдар!Керемет!


10мин

Өзіндік жұмыс (5-тапсырма)

Мəтінді оқып, мазмұны бойынша тапсырмаларды орындайды.

Ұяшықтарға отбасына табыс әкелетін отбасы мүшелерін, отбасы мүшелерінің нақты табыстарын (жалақы,

зейнетақы) шамалап жаз. Отбасында табыс көзінің көп жұмсалатын түрін жасыл қарындашпен, аз жұмсалатынын қызыл қарындашпен белгіле.


ЕББҚ (Дислексия) балаға тапсырма: Отбасының табысын шамалап жазады

Оқушылар отбасы жалақысын шамалап жазады.Ұяшықтарға салады

ҚБ «Отшашу»

Оқулық

Жалақы

Зейнетақы деп жазылған ұяшықтар

Сабақтың соңы

3 мин

Кері байланыс: «Қол белгісі» әдісі бойынша өтеді.

Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?

Тапсырма бойынша ой қорытып, өз іс-әрекеттерін айтады, сабаққа рефлексия жасайды

Менің ақымды жемеңіз!!!!

Сатып алып, өз еңбек ақыңызды адалымен алыңыз!Әркімнің еңбегінің төлемін төлеп қолдану керек!!!!

Тегін таратуға болмайды !!!! Алла ұлық бүгінгі күнді ғана ойламаңыз!!!!!



87016094001 Aldina.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 қазан
41
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі