Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің ататегім қайдан бастау алады

Материал туралы қысқаша түсінік
Шымкент қаласы Циолковский атындағы №84 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім «Уақыт»

Мектеп:

Мерзімі: 2-тоқсан

Мұғалім:

Сынып: 3


Қатысқандар:


Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Менің ататегім қайдан бастау алады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.2 Әулет шежіресін құру.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • Өз әулетінің шежіресін құрайды;

Бағалау критерийлері

  • Жеті атаға дейінгі өз шежіресін жасайды;

  • Ататегі туралы әңгімелейді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • Әкесі жағынан өз шежіресін айтады;

Терминология:

  • Шежіре

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Неліктен өз ататегіңді білу маңызды? Қазақтар неге ататегін әке жағынан таратады?

Пайдалы сөз тіркестері:

Өз отбасыңның шежіресін білу ..... үшін маңызды.

Құндылықтарды дарыту

Патриотизмнің дамуы өз әулетінің шығу тегін білу маңыздылығын түсіну арқылы жүзеге асырылады.

Өзара көмек көрсетудің, отбасы мүшелерінің арасында түсіністік пен қолдау көрсетудің маңыздылығын түсіну.

Пәнаралық байланыстар

Математика: уақыттың өлшем бірліктері.

Бейнелеу өнері: атасы немесе бабасы туралы постер дайындайды.

Ана тілі: әңгіме құрастырады.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылардың отбасы құндылықтары, отбасылық дәстүр, отбасы ішіндегі туыстық қатынастар туралы білім негіздері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


0-6























7-8




  1. «Кластер құра» тапсырмасы (ұжымда)

Оқушыларға «ШЕЖІРЕ» сөзіне ассоциация құруды ұсыныңыз.

  • Оқушылар жеке парақта орындайды;

  • Жұпта талдайды;

  • Ұжыммен пікір алмасады.


Талқылауға арналған сұрақтар:

-Шежіре, ататек деген не?

-Сен өзіңнің атаңның, арғы атаңның аты-жөндерін білесің бе?

- Өзіңнің жеті атаңды білесің бе?


  1. Сабақ мақсатын анықтау(ұжымда)

  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.

  • Сабақ мақсаты ұсынылады:

  • Өз әулетінің шежіресін құрау.


Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз


Ассоциацияға арналған дайын үлгілер (таратпалар)


















Слайд №3

Сабақ ортасы

8-10









10-15


























16-20











21-27
















28-36

  1. Кіріспе әңгіме

Мұғалім оқушылармен әңгімелесу жүргізеді. «Тектілік» сөзінің қайдан шыққанын түсіндіреді.

Қазақ халқында әулеттің шығу тегі мен таралуын шежіре деп атайды. Қазақ халқы ататегін ерлер тарапынан, яғни әке жағынан таратады.


  1. «Шежірені оқы» тапсырмасы (ұжымда)

Оқушылар шежіре ағашының суретіне назар аудартыңыз. Олардан ұрпақтар сабақтастығы қалай аталғанын ағаштың төмен жағынан бастап оқуларын сұраңыз. Сондай-ақ, әрқайсысының жанына өз ата-бабаларының есімдерін жазуларын ұсынуға болады.


  1. «Жеті ата» сұхбат ойын-тапсырмасы (жұппен)

Оқушыларға журналист болып ойнауды ұсыныңыз. Оқушылар өз қалаулары бойынша жұптарға бөлініп, «Өзіңнің жеті атаңды білесің бе?» деп бір-бірімен сұхбат жүргізулері қажет. Сұхбаттың қорытындысын жасаңыз. Өз ататегі мен отбасылық құндылықтарды құрметтеудің маңызды екендігін атап өтіңіз.



  1. «Менің шежірем» тапсырмасы (жеке, жұппен)

Оқушылар өзінің ата-бабасының есімдерін шежіре ағашына ретімен орналастырады. Жұпта бір- біріне ата – бабаларының есімін орналастыру заңдылығы бойынша пікір алмасады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Неге шежірені ағаш түрінде береді?

  • Ағаштың жапырақтары мен тамыры нені білдіреді?


Бағалау критерийлері:

  • өз әулетінің шежіресін (жеті атасы) құрайды.


  1. «Әңгімелеуші» тапсырмасы (жеке)

Оқушылар алдын-ала дайындап алып келген ата-бабаларының суреттерін қолдана отырып, постер (фотосуреттерді жабыстырады, қысқаша тарихын жазады) дайындайды да сыныпқа ұсынып, өз әулеті туралы әңгімелейді.

Бағалау критерийлері:

  • Өз ататегі туралы әңгімелейді;











Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Сурет













Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз





Шежіре ағашы (үлгі)













Постер, желім, фотосуреттер, маркерлер

Сабақтың соңы

37-40

Рефлексия (жеке):

«Алақан»

Оқушылар қағаздан киылған алақанның әр саусағына берілген сөйлемдерді аяқтай отыра, өз пікірлерін білдіреді:

Мен бүгін білдім ...

Менің түсінгенім, ...

Мен үйрендім ...

Менің қиналғаным ...

Мен қалаймын ...

«Алалақандарды» тақтаға іліп қояды (бірнешеуін оқып, талдап жіберуге болады).

Қағаздан жасалған алақандар

(дидактикалық материалға қараңыз)

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қабілеті жоғары оқушыларға интернет көзін пайдалана отырып, қазақ халқының атақты хандарының шежіресін құруды ұсынуға болады (tarikh.kz, e-history.kz).

«Менің шежірем» тапсырмасында оқушыларға қолдау көрсету мақсатында дайын шежіре ағашының үлгілерін көрсетуге болады.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады.

«Әңгімелеуші» тапсырмасының қорытындысы бойынша сабақ мақсаттарына жету деңгейлерін көруге болады.

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
580
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12