Материалдар / «Менің атым-Махамбет» атты қалалық Махамбет оқулары сайысының сценарийі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Менің атым-Махамбет» атты қалалық Махамбет оқулары сайысының сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
Махамбет Өтемісұлының шығармашылығынан көркемсөз оқу сайысы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2018
3066
19 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Менің атым-Махамбет» атты қалалық Махамбет оқулары сайысының сценарийі

Өтілетін мерзімі: 21.04.2017 жыл

Өтілетін орны: Өскемен қаласы, «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі»

Ұйымдастырушылар: ҚБББ мен Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері

Сценарийді дайындаған: Шуленова Құралай Бақытбековна, І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Интерактив тақтадан «Елім-ай» әні кинофильмімен жүріп тұрады.

Сахнаға қаралы көш шығады. Ақырын жүріп, қайғыдан қан жұтып келе жатқан образ көрсетіледі.

Залдың бір жақ шетінде тақта отырған Жәңгір хан, қасында екі жасауылымен отыр.

Көрініс:
Сарайда отырған Жәңгір хан. Айналасында сарайдың билері, уәзірлері, т. б.

Жәңгір хан Махамбетті шақырып (Дастан 7М1): - Ау, Махамбет! Арамызда шыққан от ауызды, орақ тілді ақын емессің бе? Жырла мені мақтап мына жұртқа. (Махамбет бейнесіндегі оқушы шығады).

Махамбет (Ақиқат 7М2): - Айтсам айтармын хан Жәңгір, жұртқа жасаған ісінді. Қарапайым халықтың ақысын жеп, табаныңа таптамадың ба мына жұртты?
- Хан емессің қасқырсың,
- Қас албасты басқырсың.
- Достарың келіп табалап,
- Дұшпаның келіп басқа ұрсын.
- Хан емессің аянсың,
- Айыр құйрық шаянсың.
- деп, айта бергенде Жәңгір хан: - Тоқтат! Жетеді енді-дейді.

Сол сәтте екінші батыр Махамбет атынан

Хан баласы ақсүйек -

Ежелден табан аңдысқан

Ата дұшпан сен едің,

Ата жауың мен едім.

Ежелгі дұшпан ел болмас,

Етектен кесіп жең болмас!

Хан баласы ақсүйек -

Байеке сұлтан сен болып,

Сендей нарқоспақтың баласы,

Маған оңаша жерде жолықсаң,

Қайраңнан алған шабақтай

Қия бір соғып ас етсем,

Тамағыма қылқаның кетер демес ем

Үшінші Махамбет:

Еңсесі биік ақ орда -

Еріксіз кірсем деп едім.

Керегесін кескілеп,

Отын етсем деп едім.

Туырлығын тескілеп,

Тоқым етсем деп едім.

Тақта отырған хандардың

Төрде отырған ханымын

Қатын етсем деп едім.

Әлдилеген баласын

Жетім етсем деп едім.

Өздеріңдей хандарды

Осылай бір қылсам деп едім!

Төртінші Махамбет: (Темірлан 7 м2):

Мен - мен едім, мен едім!

Мен Нарында жүргенде

Еңреп жүрген ер едім.

Исатайдың барында

Екі тарлан бөрі едім.

Қай қазақтан кем едім?

Бір қазақпен тең едім.

Өздеріңдей хандардың,

Қарны жуан билердің

Атандай даусын ақыртып,

Лауазымын көкке шақыртып,

Басын кессем деп едім! - деп аяқтайды. Қаралы көш те, хан-сұлтандар да сахнадан артқа шегінеді.

Сахнаға екі жүргізуші шығады.

  1. Жүргізуші:

Ақыры жетті күн бүгін,
Ақырып теңдік сұраған.
Түнектің түріп түндігін,
Ат міндің сұлу құладан.
Парызың бүгін өтелген,
Әр ізің жатыр жаңғырып.
Азаттық туын көтерген,
Ақынның жыры мәңгілік!

Құрметті оқушылар, мұғалімдер, қонақтар және қазылар алқасы. Қалалық Махамбет оқуларына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Бүгінгі сайыстың басты мақсаты – Махамбеттің ерлігі мен өрлігін, ақынның отты шығармаларын ұрпаққа таныту, оның жырларын өшірмей, санамызға мәңгілікке сіңіру, өскелең ұрпақты қайсарлыққа, батылдыққа тәрбиелеу, еліне, жеріне деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
1- Жүргізуші: Махамбет Өтемісұлының жырлары - ұрпақтарға ұлттық сана –сезім мен отаншылдықты, атадан балаға жалғасатын елдік пен дәстүрін биік адамгершілікті ұқтыратын шығармалар. Махамбет шығармалары- тарихи шындықтың көркем бейнесі.
2-жүргізуші:
Махамбет – ерлік поэзиясын жасаған ақын. Махамбет – туған жерге табынған ұлы лирик. Махамбет жырларының асыл арқауы – туған жердің туын көтеру, оны талауға түсірмеу, туған жер үшін бас тігіп, найзалы күреске шығу, келешек ұрпақ біздерді патриоттыққа шақыру.
1-жүргізуші: Махамбет – туған жерін қызғыштай қорыған ақын. Махамбет – жырау, күйші. Махамбет элегиясы – халық элегиясы. Махамбет мұңы – халық басындағы өкініш, мұң, қайғы. 
Махамбет – ерлік философиясын поэзияда жасаған ақын. 
2-жүргізуші:
Ендеше халқын найзалы күреске шақырған өршіл рухты, ерлік пен батырлықтың нағыз символына айналған Махамбеттей нар тұлғаның құрметіне орай ұйымдастырылып отырған дәстүрлі «Менің атым-Махамбет» атты қалалық Махамбет оқулары сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй- деп хакім Абай атамыз айтқандай ----------------- орындауындағы ән-шашуды қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:
Махамбет шығармашылығын дәріптеуге арналған бүгінгі сайысымыз екі бөлімнен тұрады.

  1. бөлім. «Тартынбай сөйлер асылмын» деп аталады. Бұл бөлімде қатысушыларға белгілі тақырып беріледі. Олар 150-200 сөзден тұратын ойтолғау жазу керек. Берілетін уақыт- 60 минут.

  2. бөлім. «Мен Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын» деп аталады. Бұл бөлімге қатысушылар Махамбеттің 1 өлеңін жатқа, мәнерлеп, нақышына келтіріп орындайды.

1- жүргізуші:

Боз ағаштан биік мен едім, 
Бұлтқа жетпей шарт сынбан. 
Ел құтқарар ер едім, - 
Жандаспай ақыры бір тынбан- деп елі үшін жанын құрбан еткен Махамбеттей ақынның шығармашылығына арналған дүбірлі сайысты бағалайтын қазылар алқасымен таныстырып өтейік (музыка ойналып тұрады): 
2-жүргізуші:
1. Қалалық білім беру бөлімінің әдіскері- Скакова Зульфира Сатыбалдиновна

2. Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейінің оқу ісінің меңгерушісі, жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Хасенова Ляйля Назархановна

3.

4.

5.

1-жүргізуші:
Сайысымызды бастамас бұрын құттықтаттау сөз кезегін лицейіміздің директоры ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, "Құрмет"орденінің иегері ТүменбаевТаңатқан Қалибекұлына берсек.

2-жүргізуші:

Аққудай қалықтаған көл бетінде,
Бишіміз тұр өнерін көрсетуге

Аяулым Аққу биін сіздерге арнап,
Мың бұралып билесін тербетіле.-деп ортамызға мың бұралған биші қызымыз Құралдық Аяулымды «Аққу» биімен қарсы алайық.
1-жүргізуші: Ендеше сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. «Тартынбай сөйлер асылмын» атты ойтолғау сайысына қатысатын сайыскерлер 302 кабинетке баруларыңыз сұралады. «Мен Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын» деп аталатын бөлімге қатысушылар осы жерде қаласыздар.
2- жүргізуші:
Тыңдай отыр, әлеумет,

Мен әлде де көптен анықпын.

Мен - атайы жүйрік баласы,

Алты үдірім жер шаптырсаң да жалықпан! – деп көптен оза шапқан Махамбет жырларын дәріптеуші, халыққа жеткізуші сайыскерлерімізді жеребе ретімен қошемет көрсете отырып ортаға шақырсақ. Ортада №1 сайыскеріміз.

Кезекпен шығып отырады.

1-жүргізуші:
Елдің бойы ен тоғай,
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге,
Мал толтырсам деп едім..... жырлағанда Махамбет өз туған халқының перзенті ретінде өз елінің болашағынан үміт күтті, елдің еркіндігін аңсады. Бүгіндері Махамбеттің бұл арманы  орындалды, іске асты. Бүгінде Қазақстан Республикасы – Тәуелсіз, егеменді төрткүл дүниеге танымал, іргесі берік ел болды. Осы күнге біртабан жетуге өзінің бар ғұмырын арнаған Махамбеттей нар тұлғаның шығармашылығына арналған
«Менің атым-Махамбет» атты Махамбет оқулары сайысы өз мәресіне келіп жетті.

2-жүргізуші :Сайыстың 1-«Тартынбай сөйлер асылмын» деп аталатын ойтолғау жазу сайысының қорытындысы барлық жұмыстар тексеріліп болған соң шығарылатын болады.

Ал 2- «Мен Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын» деп аталтын Махамбеттің өлеңдерін жатқа, мәнерлеп, нақышына келтіріп орындау сайысының қорытындысын шығару үшін қазылар алқасын залдан шығарып салайық.
1-жүргізуші: Қазылар өз шешімдерін шығарғанша «Өнерге әркімнің –ақ бар таласы» демекші кезекті лицейіміздің дарынды, өнерлі оқушыларына берсек.  
2-жүргізуші: Міне ортамызға қазылар алқасы да келіп жеткен сияқты.
Сөз кезегін қазылар алқасына берейік. 
жүргізуші:

Міне, дүбірлі сайысымызды «Лицей» мәртебесін алуымыздың 10 жылдығы мерейтойына шығарылған «Мектебім-мақтанышым» атты әнмен аяқтауға рұқсат етіңіздер.

  1. Жүргізуші: Келесі кездескенше қош сау болыңыздар








Бағалау парағы



р/с

Қатысушы аты-жөні

Критерийлері

Ортақ балл













1












2












3












4












5












6












7












8












9












10












11












12












13












14












15












16












17












18












9












20












21












22












23












24












25












26












27












28












29












30












31












32












33












34












35












36












37












38












39













Менің атым-Махамбет


Picture 1







Shape1

Өскемен қаласы әкімдігі

«Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі»КММ




Махамбет оқулары-2017


Picture 1 «Менің атым-Махамбет»

атты қалалық сайыс






Өткізген:

қазақ тілі, тарих, өзін-өзі тану

әдістемелік кафедрасы

Сценарийді жазған:

Шуленова Құралай Бақытбековна

Хасенова Ляйля Назархановна







































































Shape9 Shape8 Shape7 Shape6 Shape5 Shape4 Shape3 Shape2

8

7

6

5

4

3

2

1

Shape11 Shape10

9

8

Shape13 Shape12

1100

1000

Shape15 Shape14

1300

1200

Shape17 Shape16

1500

1400

Shape25 Shape24 Shape23 Shape22 Shape21 Shape20 Shape19 Shape18

23

22

21

20

1900

1800

1700

1600

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!