"Менің атым Қожа" 6 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Менің атым Қожа" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестестеріме әдістемелік көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ/ шығармада оқылатын тақырыптар: Б.Соқпақбаев «Менің атым –Қожа» хикаяты

Ақтөбе қаласы



Күні,айы:

Мұғалімнің аты-жөні: Тілеубаева Тоғжан Мергенбайқызы

5-сынып

Қатысқан оқушылар саны:21

Қатыспаған оқушылар саны:0

Оқу

бағдарламасына

сәйкес оқу

мақсаты

5.Т/Ж3 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын болжайды.


Көпшілігі : Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашады

Кейбір оқушылар : Талдау негізінде кейіпкерді анықтап, образын сипаттайды.

Бағалау критерийі

*Үзінділер арқылы кейіпкерлерді анықтау.

*Кейіпкер образын суреттеп атау.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Көркем шығармадағы кейіпкерлер портретін анықтап, образға енеді.


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: кейіпкер, портрет, образ, педсовет, сұсы қаталда сұрапыл, көркем бейне.


Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Сіздің ойыңызша, менің пайымдауымша,



Талқылауға арналған сұрақтар:


Майқанова жайында Қожада неге теріс пікір қалыптасты? Қожаның құпия кеңесі туралы өз ойыңды айт.

Құндылықтарға баулу:

Елінің патриоты,азаматтық жауапкершілікті сезіну, достық, уәдеге берік болу, ынтымақтастықты қалыптастыру, жалпыадамзаттық құндылықтырға баулу.

Пән аралық байланыс:

Тарих, өзін-өзі тану, ұлттық педагогика

Алдыңғы білім 5 минут

«Шатасқан оқиғалар» (Тапсырманың шарты: шатасқан оқиғаларды рет-ретімен қою)

Оған байқатпай, жерден жұдырықтай тас жіберіп қалмақшымын. Бақаның әлегі. Педсовет. Оқулық емес, қант аламын. Жолдама алған Жантас .

Сабақтың барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

«Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы кейіпкерлердің портреті арқылы топқа бөлу. Shape1 «Кубизм» стратегиясы арқылы ой шақыру. -Балалар, мына қолымдағы кубиктің алты жағы бар, қазір мен үш қатардың біреуінің жанына барып, иіремін. Қай жағы түссе, сол жақтың сұрағына жауап бересіңдер. Суретте. Қожа қандай бала? Салыстыр. Қожа мен Жантасқа салыстыра отырып, мінездеме бер? Неге ұқсас, неге ұқсамайды(ұқсас бір ауылда, бір мектепте, неге ұқсамайды мінез жағынан.Талда. Лагерьге жолдама бермегені үшін Майқанова апайды ренжіткен Қожаның ісіне қалай қарайсың? Қолдан. Қожаның іс-әрекетіне сіз өзіңізге қандай қорытынды жасайсыз?


Білім алушыларға үйлестірмелі қағаздар, кеспе қағаздар беру. Білім алушылардың әрқайсысына дайындалған мәтіндер,бағалау критерийлері мен дескрипторлар.

Сабақтың ортасы

20 минут

«Рөлдік ойын» әдісі-біріккен, топтық ойын. Мұнда білім алушылар әр түрлі рөлдік ойындарды ойнайды. Қожаның, Жантастың, анасының, әжесінің рөлін сомдайды.

Shape2 Shape3

Тапсырма. Берілген үзінділер арқылы кейіпкерлерді анықта және образын суреттеп сипатта.

Дескриптор

кейіпкерлерді болжайды.

үзінділердің қай кейіпкерге қатысты екенін анықтайды.

негізігі және жанама кейіпкерлерді талдап,бүгінгі өмірмен байланыстыра ой қорытады.

кейіпкер бейнесін ашатын автор сөзін табады.

кейіпкерлер образын өз сөзімен сипаттайды.

кейіпкер образын шығармашылық тұрғыдан сипаттайды, образға енеді.































Сабақтың соңы

13 минут

Сабақты бекіту.Майқанова жайында Қожада неге теріс пікір қалыптасты? Қожаның құпия кеңесі туралы өз ойыңды айт.

Кері байланыс. Рефликсия Пирамидасы

Есте сақтау керек маңызды бір нәрсе.

Сіз көбірек білгіңіз келетін екі нәрсе.

Сіз бұған дейін білген үш нәрсе.

Сіз үйренген төрт нәрсе.


Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? көмектесесіз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Оқушыларды тақырыпқа сәйкес топқа бөлемін. Сабақ жоспарындағы тапсырмалар оқушылар қабілетіне қарай алынды. Шығармадағы кейіпкерлер мен образын суреттеулерді ажырата алу үшін «Шатасқан оқиғалар» әдіс, «Кубизм» әдісінің тиімділігі оқушы сұраққа жауап бере отырып, өмірмен байланысты ой- пікір айтады. Оқушыларға түрлі әдіс-тәсілдерді ұсына отырып, олардың тапсырманы қызығушылықпен орындауына ықпал етеді.

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Сабақ барысында ажырамас бөлігі, бағалауларды ықпалдастыру барысында «Мұғалімге арналған нұсқаулықты» басшылыққа ала отырып,тренердің түсіндіруі бойынша қалыптастырушы бағалауға тапсырмаларды жүйеледім. Оқушының ішкі уәжін қолдау мақсатында,мақтау сөздермен, «Пирамида» стратегиясы арқылы бағалауды жүзеге асырдым. Өз жұмысын нәтижелі орындай алуы үшін арнайы дескрипторлар ұсынып отырдым.


Пәнаралық байланыс-
денсаулық және қауіпсіздік,
АКТ-мен байланыс.
Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

тарих, өзін-өзі пәнімен байланысы.

Рефлексия (қорытындылау)

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.ҚМЖ құру кезінде мақсатқа сәйкес тапсырмаларға түрлі тәсілдерді пайдаландым. Сабақ жоғары деңгейде өтеді деп ойлаймын, себебі тәсілдерді қызығып орындаған оқушылар негізгі сабақ мақсатына қол жеткізеді.


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1. «Шатасқан оқиғалар» әдісі.

2. «Кубизм» стратегиясы.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді? (оқыту мен оқуға қатысты)

1. Түсіну мен жауап беруге негізделген стратегияларды таңдау және оны тапсырмамен байланыстыру.

2. Рефлексияны жетілдіруде тиімді әдістерді қолдану.

Осы сабақты барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1. Тапсырманың дәлдігі, нақтылығы.

2.Рефлексияның тиімділігі.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.02.2021
506
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі