Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Менің атым тәуелсіздік» өлеңіндегі көркемдегіш құралдар

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сынып. Соңғы үлгімен жазылған жоспар. Тиімді әдіс-тәсілдер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

Бөлім:

Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым

Педагогтің аты-жөні:


Күні: .


Сыныбы:6

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Менің атым тәуелсіздік» өлеңіндегі көркемдегіш құралдар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.2.3.1 шығармадағы көркем ауыстыруларды(троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау;

Сабақтың мақсаты

шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды және фигураны: эпитет, теңеу, кейіптеу, метафора, қайталау, аллитерация, ассонанс) анықтайды;


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту


Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық ахуал қалыптастыру


Үй тапсырмасын сұрау

Ойқозғау










Өткен тақырыпты пысықтау

«Ашық микрофон» әдісі

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Қызығушылықты ояту

Сағат тілдеріне оқушы есімдері жазылады.

Сағат тілі бойынша жазылған есім иелерімен төмендегі әрекеттерді жасайды.

1Picture 3 -қолын қысу

2-арқасын сипау

3- күлімдеу

4-қол бұлғау

5- жылы сөз айту

6-тілек айту

7-массаж жасау

8-басын сипау

9-бетін сипау

10-көзін қысу

11-комплимент айту

12-құшақтау


Ашық сұрақтар:

1.Ақын неліктен алты жасар бала, алты жасымда деген сөздерді қайталап қолданады?

2.Автордың алты жасында Қазақстан өмірінде қандай тарихи оқиғалар болуы мүмкін?

3. Темір шымылдық түрлерін көрдім, Сахнаға шықты жас өмір!- деген өлең жолдарын қалай түсінеміз ? 

Т иімділігі:оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады






Оқулық, жұмыс дәптерлері


Жаңа білім



1-тапсырма.

Сынып

Көркемдегіш құралдар туралы білгендерін еске түсіруге арналған ойын.

https://wordwall.net/resource/67988999



Дескриптор:

Көркемдегіш құралдар туралы біледі

Сабақтың ортасы

.


2 – тапсырма

Тақтамен жұмыс










3 – тапсырма

Топтық жұмыс









. Өлеңді сатылай кешенді талдау(СКТ)

Өлеңнің тақырыбы: «Менің атым-Тәуелсіздік»

Өлеңнің авторы: Ерлан Жүніс

Жанр түрі: өлең

Өлеңнің шумақ саны: 9

Тармақ саны: 41 тармақ

Бунақ саны: 2 бунақ

Буын саны : 10-11 буын

Ұйқас түрі: а,б, а,б шалыс ұйқас,

а, б, в, а, г, д ерікті ұйқас


3 топ өлең үзінділерінен көркемдегіш құралдарды анықтайды.


Эпитет

теңеу

кейіптеу

метафора

қайталау

аллитерация

ассонанс










(Файл астында дұрыс жауаптары бар)

1-топ.

...Алып қорғанның құлағанын көрдім,

Небары алты жасымда,

Алып тұлғалар жылағанын көрдім,

Бастарын сүйеп ғасырға.

Алып таулардың шайқалғанын көрдім,

Алты жасымда соны ұқтым:

Алып сөздерді айта алғанын көрдім,

Ат төбеліндей халықтың.

Алып кітаптар торыққанын көрдім,

Сол сәтте-ақ одан безінгем, ...

...Көзінің жасы сөйлеген түнді ұқпасам да,

Аңыз ұнаған Жаралған Күннен Ұл жайлы!

Деген де шығар «бодандық жайлы білмесін»:

Сен түсін, дәуір, сонау бір қанды жыл кешір!


2-топ

Алып ойлардың қорыққанын көрдім,

Ең бір нәзік сезімнен.

Алып сағаттар тоқтағанын көрдім,

Өлшенді уақыт жаңадан,

Алып жүректер ақталарын көрдім,

Алты-ақ жасар баладан.

Алып құрлықтар теңселгенін көрдім,

Темір бұғаулар тозғасын,

Алып заңдардың кемсеңдеуін көрдім –

Империяның көз жасын!

3-топ

Алып мұхиттар толқығанын көрдім,

Бір тамшы суға байланып,

Алып тәждердің балқығанын көрдім,

Елтаңбаларға айналып.

Алып мүсіндер қирағанын көрдім,

Сұлаған жаудай жебеден,

Алып саналар жиналарын көрдім,

Тұрғызу үшін жаңа әлем!

Құрыштардың да шірігенін көрдім,

Сен боса, болат, тас егіл!

Темір шымылдық түрілерін көрдім,

Сахнаға шықты жас өмір!

Дескриптор:

шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды және фигураны: эпитет, теңеу, кейіптеу, метафора, қайталау, аллитерация, ассонанс) анықтайды;



ҚБ: Топ арасында бірін-бірі бағалау.

Қолдарына берілген дұрыс жауап қағаздарымен салыстырады , бағалайды.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

Сергіту сәті

«Айнаға сурет салу» тәсілі

Балаға 3 жапырақша бересіз. Бұл – «айна». Артында жазылған сөздерге сай өзін салуы керек. Ол сөздер мыналар: «Мен ата-анамның көзімен», «Мен өзімді қалай көремін», «Мен достарымның көзімен».



Сабақтың соңы

Бекіту

«Менің түсінгенім»

Жеке жұмыс

Тәуелсіздік, тарих, халық, әнұран сөздерін байланыстырып,өлеңнен алған әсерін сипаттап жазу

Оқушылар жазбаларын «Автор орныдығына» отырып оқиды

«Автор орындығы»


Үй тапсырмасы


«Тәуелсіздік және менің отбасым» атты тақырыпта әдеби эссе жазу




Рефлексия

«Сұрақтар салоны»

Бүгінгі сабаққа қатысты 3 сұрақ жазады





1-топ

Эпитет

теңеу

кейіптеу

метафора

қайталау

аллитерация

ассонанс

Алып қорғанның,

Алып тұлғалар,

Алып кітаптар, Алып сөздерді, Алып кітаптар,

қанды жыл

Ат төбеліндей

Көзінің жасы сөйлеген,

қанды жыл кешір!

Бастарын сүйеп ғасырға

Алып сөзі –анафора

Көрдім сөзі - эпифора

С дыбысы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.04.2024
1537
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12