жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Менің бабаларым - қыпшақтар 3класс
|
Пән: Дүниетану Ұзақ мерзімді бөлім: Атақты тұлғалар Күні: 15.02.2019ж Сынып: 3 |
Мектеп: Новый орта мектебі Мұғалімнің аты-жөні:Есубаева Гульмира Уринбасаровна Қатысқандар саны:21 Қатыспағандар саны:0 |
||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Менің бабаларым - қыпшақтар |
||||
|
Оқу мақсаты: |
3.3.2.1 Әр түрлі материалдарды зерттеу негізінде түркілердің өмір салтын анықтау |
||||
|
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар: |
||||
|
-қыпшақтардың пайда болуы жайлы айтады; |
|||||
|
Көптеген оқушылар: |
|||||
|
-қыпшақтардың өмір салтын сипаттайды; |
|||||
|
Кейбір оқушылар: |
|||||
|
-қыпшақтардың өміріндегі маңызды ерекшеліктерді атайды -қыпшақтар мен қазақтардың өмір салтын салыстырады; |
|||||
|
Бағалау критерийлері |
-қыпшақтардың өмір салтын сипаттайды; -қыпшақтардың пайда болуын айтады; -қыпшақтардың өміріндегі маңызды ерекшеліктерді атайды; |
||||
|
Тілдік мақсаттар: |
Оқушылар: -оқушылар көне түркілерінің өмір сүру салты туралы айта алады. Терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар: - Көне түркілер мен қыпшақтар қалай өмір сүрген? Жазуға берілетін тапсырма: -Қыпшақ – ірі түркі тайпасы. - Қыпшақтар – қазақтардың арғы бабасы. - Қазақ тілі қыпшақ тілінің негізінде пайда болды. |
||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Патриотизмді дамыту ел ертеңі үшін көне түркілердің, қыпшақтардыңкешегісінің маңыздылығын түсіну арқылы жүзеге асады. |
||||
|
Пәнаралық байланыс |
Көркем еңбек:кадрларға сурет салады. Күнделікті өмірмен, тарихпен, АКТ-мен байланысты. |
||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Презентация |
||||
|
Бастапқы білім |
Оқушылар ежелгі түркілердің өмір сүру салты туралы мағлұматтар алған. |
||||
|
Сабақ барысы |
|||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
|
Сабақтың басы 1-5 минут 5 минут |
Сабақтың алдында оқушылар шеңберге жиналады. Олар топтың ортасына шығып,қолына күннің суретін немесе макетін ұстап тұрып сабаққа жақсы тілек айтып, жақсы көңіл күй сыйлайды. Содан соң оларға ақын О. Сүлейменовтың «Арғымақ» өлеңінен үзінді оқылады: Қыпшақтардың ой-хой құба жондары-ай, Жер тарпыған тұлпарын айт, тұлпарын! Шарайнадай сауырына қомдап ай, Арғымақ жүр Көк шалғынға-көк кілемге Сүртіп мүйіз ұлтанын. Берші менің тақымыма біреуін, Жеті қиян жер түбіне асайын. Арғымақтай аласұрған жүрегім Оны қалай басамын. |
Слайд №1,2 (дидактикалық материалға қараңыз) https://www.youtube.com/watch?v=P5kZ2iM-о. О.Сүлейменовтың «Арғымақ» өлеңінен үзінді |
|||
|
Сабақтың ортасы Негізгі бөлім 5-10 минут 10-25 минут 25-30 минут 30-35 минут |
Осы үзіндіні мұғалім өзі немесе бір оқушы оқиды. Оқушылар өлеңді тыңдап, соңынан талқылау жүргізіледі. Талқылауға арналған сұрақтар:
Сұрақтарға оқушылар жауап беруге тырысады. Соңғы сұрақтың жауабы сабақтың тақырыбымен тікелей байланысты екені айтылып, сабақ мақсаты анықталады.
- зерттеу негізінде қыпшақтар қалай өмір сүргенін, немен айналысқанын анықтайды.
Оқушыларға Қыпшақтардың өмір сүру ерекшеліктері туралы мәліметтермен танысу ұсынылады. Мәліметпен танысқаннан соң, мәліметі талқылайды. Талқылауға арналған сұрақ: «Қыпшақтар немен айналысқан, қалай өмір сүрген?» Пікірталас«Қалам ортада» стратегиясы арқылы өткізіледі. Бағалау критерийлері: -қыпшақтардың өмір салтын сипаттайды;
Мұғалім Дешті-Қыпшақ, құпия таңбалар туралы бейнематериал көрсетеді Оқушылар бейнефильмді көріп, соңынан талқылау жүргізіледі. Талқылауға арналған сұрақтар: Бейнефильм не жайында? Дешті – Қыпшақ, қыпшақ даласы деген не? Құпия таңбалардың қандай мағыналары бар? Қыпшақтар қалай өмір сүрген? Дескриптор -қыпшақтардың пайда болуы жайлы айтып бере алады;
Мұғалім оқушыларға қазақтар мен қыпшақтарды салыстыруға тапсырма береді. Олар киімдерін, тілдерін, жазуларын, жалпы өмір сүрулері, немен айналысатындықтарын салыстырады. Әр топ салыстырған диаграммаларын келесі топқа жылжытады да, ол топ стикерге пікір жазу арқылы бағалайды. Бағалау критерийі: қыпшақтар мен қазақтардың өмір салтын салыстырады;
1)Елестетіңдер. Сендер қыпшақ отбасында қонақта отырсыңдар. Үйдің қожайындары сендерге қандай тағамдар ұсынады? Сендер олардан не жайында сұрайсыңдар? Қыпшақтардың сөйлегенін түсінесіңдер ме? Егер қыпшақ жылқыларына жоғарғы құн төленсе, оның бойында қызығатын қандай қасиеттер болуы мүмкін? 2)Сен қыпшақтар туралы фильмнің сценарийін құрастырып жатырсың. Қыпшақтардың өміріндегі қандай маңызды сәттерді кадрға енгізер едің? (суретін сал немесе жаз). Дескриптор -қыпшақтардың өміріндегі маңызды ерекшеліктерді атайды (3тен кем емес) |
Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз (дидактикалық материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №5 Слайд №6,7 Таратпа мәтін (дидактикалық материалға қараңыз) Үкі тағылған қалам Слайд №8 Слайд №9 Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Дешті – Қыпшақ құпия таңбалар Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=XFMyyYbXTHg (1:57-тан 4:16-ға дейін көрсету) Слайд №10 (дидактикалық материалға қараңыз) Ақ қағаз, маркерлер Стикерлер Слайд №11 Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №12-15 Ақ қағаз, бояулар |
|||
|
Қорытынды бөлім 35-40 минут 5 минут |
Рефлексия (жеке): «Үш жағымды сәт» стратегиясы. Оқушыларға сабақтың барысында орын алған үш жағымды сәтті, яғни, тапсырманы орындауда болған үш жағдайды және келесі сабақта олардың жұмыстарын жақсарта түсуге керек болатын бір әрекетті атау ұсынылады. Кейбір жауаптарды оқып талдап, пікірлерін білдіреді. |
Слайд №16 микрофон (дидактикалық материалға қараңыз) |
|||
|
Қосымша ақпарат |
|||||
|
Саралау |
Бағалау |
Денсаулық пен қауіпсіздік |
|||
|
|
АКТ- ны құралдарын тиімдіпайдалану, сынып бөлмесінің тазалығын сақтау, оқушылардың сергіту сәтінде және топтық жұмыс барысында икемді қозғалуын және дұрыс отыруын қамтамасыз ету. |
|||
|
Рефлексия Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? |
|
||||
|
Қорытынды бағалау Сабақтың ең ұтымды кезеңдері. 1: 2: Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі әдіс. 1: 2: Келесі сабақты жоспарлауға септігін тигізетіндей осы сабақтан сыныптағы және жеке оқушылар жайлы не білдім? |
|
||||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген