400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің болашақ мамандығым

Материал туралы қысқаша түсінік
Болашаққа таңдаған мамандығым туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің болашақ мамандығым


Міне, аз уақыттан соң біз мектеп табалдырығын аттап, үлкен өмірге жолдама аламыз. Болашақта бізді үлкен асулар мен биік белестер күтіп тұр. Бізде аға – апаларымыз тәрізді еліміздің дамуына зор үлесімізді қосуымыз қажет. Ол үшін өзімізге ұнайтын жақсы мамандықты адаспай тауып, білгір маман болуымыз қажет.

Рас, қазіргі заман ағымына ілесу үшін, білімді жастар санатына қосылу үшін терең білім мен біліктілік қажет. Ал мамандық таңдағанда адаспаған жөн. Бүгінде мамандықтың түр – түрі бар. Оларды іріктеп, өз икеміңе қарай таңдай білген жөн. Ұлы педагог Ушинский: «Егер мамандықты таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осыдан бар жігеріңізді сарп ететін болсаңыз, сізден асқан бақытты жан болмайды», - деген екен. Кез -келген түлек мамандық таңдарда кедергілерге тап болуы ықтимал. Сол себепті әр баланың болашағына ата-анасы, ұстазы жауапкершілікпен қарағаны дұрыс. Халық аузында екі нәрседен яғни жар таңдауда және мамандық таңдауда қателеспе деген сөз бар. Мамандану – әр адамның өміріндегі маңызды шешімдердің бірі. Бұл таңдау біздің болашағымызды айқындап, қаншалықты табысты әрі қанағаттанарлық өмір сүретінімізге әсер етеді.

Менің болашақ мамандығымды таңдауда мен өз қызығушылықтарыма, дағдыларыма және қабілеттеріме сүйенемін. Менің болашақта таңдап отырған мамандығым шаштараз – стилист мамандығы. Бұл шаштараз – стилист маманы әр түрлі шаш қию, әр түрлі күрделілікте бояу, сәндеу және шаш үлгілерін жасай алатын, сақалды, пермді қырқып, стиль таңдауға көмектесетін маман.

Мен осы мамандықты таңдағанымның бірнеше себебі бар. Біріншіден менің балалық шағымда осы салаға деген қызығушыылығым пайда болды. Екіншіден, менің қабілеттерім осы мамандықты игеруге мүмкіндік береді.

Адамдармен қарым – қатынас жасау қабілеті, еңбекқорлық, байқампаздық, ұқыптылық, жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерін сақтаудың дәлдігі – бұл шаштараз – сәнгерге қажет қасиеттер. Шебер шаштараздан айырмашылығы, бұл маман неғұрлым күрделі жұмыс түрлерін орындайды, клиентке толық имидж жасауға көмектеседі, шаш үлгілерін модельдеудің әр түрлі әдістеріне ие.

Табысты мансапқа қандай қасиеттер кедергі келтіруі мүмкін – бұл шамадан тыс сөйлеушілік, салақтық, дөрекілік, еңбек тәртібін бұзу.

Жалпы, мен таңдаған мамандық, менің өмірлік мақсаттарыммен және құндылықтарыммен сәйкес келеді. Ол мені дамуға, жаңа мүмкіндіктерге ашық болуға және қоғамға пайда келтіруге ынталандырады. Бұл мамандықты меңгеру жолында еңбек ететін боламын және оған бар күшімді салуға дайынмын.

Менің болашақ мамандығым - бұл менің өзімді толық көрсетуге, шығармашылық қабілеттерімді дамытуға және қоғамда жоғары дәрежеде жұмыс жасауға мүмкіндік береді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
03.04.2025
192
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі