Күні:
28.02.2023
жыл
Тақырыбы:
Менің болашақтағы
мамандығым
Мақсаты:
1.
Оқушыларға
мамандық ұғымы, мамандық түрлері туралы ой – өрістерін кеңейту,
мамандықтың адам өміріндегі маңызы, мамандық таңдау үлкен
жауапкершілікті талап етілетіндігі туралы түсініктерін
қалыптастыру;
2. Өз Отанына,
еліне адал қызмет ететін, еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек
ететін азамат тәрбиелеу;
3. Өздерінің
қызығушылықтары, икемділігі, бейімділігіне сай мамандық таңдау
қабілеттерін дамыту;
Әдісі:
пікірлесу, ой бөлісу, сұхбаттасу, кеңес
беру
Жоспар:
1. Мұғалім
сөзі
2.«Word
wall» арқылы сұрақ-жауап
алмасу
3.Оқушылардың мамандық таныстыруы(пікір
алмасу, әңгімелесу,
сұхбаттасу)
4. Психогеометрия
әдісі
5.Ортамен кері байланыс
жасау
6. Қорытынды
7. Мотивациялық
сөдер
Барысы:
І.
Мұғалім:
Құрметті
оқушылар! Бүгін біз сендермен мамандық әлеміне саяхат жасамақпыз.
Сендердің барлығыңда да болашақта «кім
боламын? қандай мамандық
таңдаймын? қай мамандық иесі боламын?» деген сұрақтар мазалайтыны
белгілі. Әрине мамандық таңдау – үлкен жауапкершілікті іс. Әлемде
мамандық түрлері өте көп болғандықтан, сендер үшін таңдау жасау өте
қиын. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ қандай мамандық болмасын оның
өзіндік ерекшеліктері, талаптары болады. Мамандықтың кез - келгенін
игеруге ең басты адамның қызығушылығы, икемділігі қажет, кей
адамдардың ойынша бұл жай күн көру секілді, бірақ ол теріс пікір,
себебі маман иесі болу үлкен жауапкершілікті, өнерді, шеберлікті
қажет ететін нәрсе. Жақсы маман иесі болу үшін ең алдымен таңдаған
мамандығыңды сүюің керек, сол мамандықты барлық қырынан танып,
сырын жете меңгерулерің керек. Өзінің икемділігі мен қабілетіне
қарай маман болған адамның жұмысы да өнімді, берекелі
болмақ.
ІІ.
«Word
wall» әдісі арқылы сұрақ-жауап
алмасады.
ІІІ.
Сынып оқушылары таңдаған мамандықтарымен
пікір алмасады.
IV.Психогеометрия әдісі арқылы фигураларды
таңдап, психогеометриялық сұрақтарға жауап
береді.
V.Жүргізілген трейнинг бойынша оқушылар
көрермендермен пікір алмасып, кері байланыс
жасайды.
VI.
Мұғалім сөзі: Мамандық таңдау - өте
жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің
қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.
Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең
бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның
мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы
шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке
жетеді. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған
мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап
өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология,
байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару
мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтар жатады.
Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті,
коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті,
қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр
болатын мамандық иесін талап етеді. Сондықтан икемі, қызығуы,
бейімі бар мамандықты таңдай білу, өзіне, қоғамға тигізетін
пайдасын ойлау, мұндай еңбектен шабыт туатыны, ол өнімді еңбекке
ұласып, табыс әкелетінін білу
керек.Сөзімді К.Д.Ушинскийдің
мына бір сөзімен аяқтағым келіп отыр: «Егер
мамандықты таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда
өміріңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіз бақытты
болғаныңыз»
VII.Оқушыларға мотивациялық сөздер
тарату.