жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Менің бөлмем.Қағаз бетінде бағдарлаймын.
|
№2 ҰОҚ. Тақырыбы: Менің бөлмем.Қағаз бетінде бағдарлаймын. |
Мектеп/МҰ: |
||
|
Мектепалды сынып/топ |
Қатысушылардың саны: |
Қатыспағандардың саны: |
|
|
Оқыту мақсаттары
|
0.1.1.1.Қағаз бетінде бағдарлау, карточкалардағы геометриялықфигуралардың орналасуын сипаттау. |
||
|
Барлық тəрбиеленушілер: -сол жақ, оң жақ, үстінде, астында, алдында (алды), артында,(арты), жақын, арасында, қасында деген сөздерді пайдаланаотырып, кеңістікте фигуралар мен заттардың орналасуынсипаттайды. |
|||
|
Күтілетіннəтижелер |
Көптеген тəрбиеленушілер: - орналасуы бойынша көрсетілген заттар мен фигураларды табады. |
||
|
Кейбір тəрбиеленушілер: -өз бетінше ойыншықтардың (мысалы мəшинелердің) қозғалысбағдарларын түсіндіреді жəне педагогтің тапсырмасы бойынша16оларды өзгертеді жəне сипаттайды. |
|||
|
Тілдік мақсаттар |
Дағдыларын дамыту: -заттардың кеңістікте орналасуы туралы сөйлемдер құрастыра алады; -өзі сұрақ қойғанда жəне педагог пен тəрбиеленушілердің сұрақтарына жауап берген кезде заттардың кеңістікте орналасуын сипаттайтын сөздерді пайдалана алады. Пəндік лексика жəне терминология: -сол жақ, оң жақ, үстінде, астында, алдында (алды), артында, (арты), жақын, арасында, қасында. Пікір алмасуға арналған сұрақтар: Заттың қайда тұрғанын түсіндір? Тағы қандай заттар қабырғада ілініп тұруы мүмкін деп ойлайсың? Үстелде қандай заттар тұр? Заттардың қайда тұрғанын айт? Сурет бойынша ұлудың қай жаққа қарай қозғалатынын түсіндіріп бере аласыңдар ма? Жазу: Торкөздегі үлгі бойынша сурет салу. |
||
|
Алдыңғы білім |
Заттардың көлемдерінің сипаты туралы алғашқы білім,геометриялық фигуралар мен денелердің атауы. |
||
|
Жоспар |
|||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
|
Басталуы 0–5 минут |
Ынталандыру. Педагог бағыттар мен көрсеткіштердің түстерін атаудысұрайды. Балалардан бұл білімнің өмірде қалай пайдағаасуы мүмкін екенін сұрайды.
Өзектендіру. «Кім зейінді?» ойыны Педагог зейінге арналған ойынды ұсынады.Тапсырманы түсіндіреді: - Қазір мен құрсауды жерге қоямын. Оған Меруерттұрады, оның оң жағына Нұрлан, сол жағына ...,алдына ... тұрады. - Ал қазір балалардың əрқайсысы оң жақта (солжақта, артта жəне т.с.с.) кім тұрғанын айтады. - Одан кейін педагог топтағы балалардан бір-бірінежəне сөйлеушіге қатысты кімнің қайда тұрғанынайтуды сұрайды. |
|
|
|
|
|
||
|
Ортасы 6–15
|
Мақсат қою (проблемалық жағдай). (Ұ) Ортада, сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде, сол жақ, оң жақ, сол жақ бұрыш, оң жақ бұрыш, сол (оң) жақ төменгі бұрыш сөздері мен тіркестерінің мағынасын меңгеру үшін №5-6 кестенің үлестірмелі материалдарын пайдалануға болады. Педагог заттарды көрсеткен орындарға орналастыруды тапсырады (жоғарғы оң жаққа, төменгі сол жаққа жəне т.б.), бірақ барлық балалартапсырманы бірдей орындай алмайды. Жаңалық ашу. (Ұ) Туындаған проблемалық жағдайды шешу үшін қағазпарағымен таныстыруды жүргізуге болады. Ол əдеттекəдімгі ақ парақпен таныстырудан басталады. Педагогбалалардан сұрайды: – Бұл не? (Қағаздың парағы.) – Оның пішіні қандай? (Тіктөртбұрышты.) – Бұл қандай жағы? Балалар жауап беруге қиналған жағдайда, педагогжалғастырады: – Бұл жағы қайда орналасқан? Сұрақтарды ретімен қоя отырып, балалар жоғарыда тұрғанжағы – жоғарғы, төменде орналасқан жағы – төменгі, оңжақта орналасқан жағы – оң, сол жақта орналасқан жағы–сол жақ, жоғарыда сол жақта орналасқан бұрыш – сол жақжоғарғы бұрыш, жоғарыда оң жақта орналасқан бұрыш –оң жақ жоғарғы бұрыш жəне т.б деп аталады дегенқорытындыға келеді. Парақ бойынша саяхат – «Сиқырлы парақ». Бір парақ пенбес қарындаш өмір сүріпті. Бір күні олар бірге ойнамақшыболыпты жəне қарындаштар парақ бойынша саяхатқашығыпты. Бірінші болып сары қарындаш жөнеліпті, олжоғарғы жағына барып, сары сызық сызыпты. Екіншіболып қызыл қарындаш кетіпті, ол төменгі жағын тауып,қызыл сызық сызыпты. Оң жағын жасыл қарындаш, ал солжағын көк қарындаш сызыпты. Парақтың ортасында қарақарындаш қалыпты, ол сол жерге үй салған екен.Бұрыштарды тең бөлуге шешім қабылдап, екі түспенсызыпты. Барлық қарындаштар үйге жиналып, тағы дақалай ойнасақ болады деп ойланыпты. Ойланып-толғанып,қуаласпақ ойнамақшы болып шешіпті. Жоғарғы жағындасары сызық сызылған жəне жоғары қарай сары қарындаш жүгіре жөнеліпті, төменге қарай қызыл қарындаш, оңжаққа жасыл қарындаш, ал сол жаққа көк қарындаш жүгірежөнеліпті. Содан кейін іштері пыспауы үшін қарындаштарекі-екіден жүгіріпті: оң жақ жоғарғы бұрышқа сары жəнежасыл қарындаштар жүгірді; сол жақ жоғарғы бұрышқа –сары жəне көк; оң жақ төменгі бұрышқа – жасыл жəнеқызыл; ал сол жақ төменгі бұрышқа – сары жəне қызыл қарындаштар жүгіріпті. Ал қара қарындаш оларды ұстайалмай қойыпты. Ойын барысында балалар парақтабағдарлар бар екенін түсінеді: жоғары, төмен, оң жағы, солжағы, парақтың ортасы. Педагог балаларға əліппе-дəптердегі 1-тапсырманы__орындауды ұсынады. Балалар суретке қарайды, заттардыбояйды, олардың қайда орналасқанын түсіндіреді.Ал одан кейін кері операция орындайды – суреттебейнеленген затты тауып, осы зат орналасқан бағытқа сілтейтін көрсеткішті бояйды. Сергіту сəті. «Ұшақ» Балалар аяқтарын алшақ қойып, қолдарын екі жаққа созып, оңға-солға бұрылады. |
Əліппе-дəптер, Жиынтық полотно.
Үлестірмелі материалдар, №5-6 кесте. |
|
|
III. Тақырып бойынша жұмыс 16–25 |
Жаңаны қолдану. (Ө) Қағаз парағында бағдарлану білігін пысықтау үшін балаларға практикалық тапсырмалар беріледі: «қызыл дөңгелекті жоғарғы оң жаққа, көкті төменгі сол жақ бұрышқа орналастырыңдар». Балалардың тапсырманы орындағаннан кейін қандай да бір заттың орналасқан жері туралы айтуы маңызды. Ж) Əліппе-дəптердегі 2-тапсырмада балаларға торкөздер бойынша қайталау, яғни үлгіге сəйкес торкөз парақтың ұсынылған фрагментіне нүктелерді қойып шығу ұсынылады. Əліппе-дəптердегі 3-тапсырмада торкөздер бойынша мəшиненің жолын салу керек, ол шартты белгілермен ұсынылған бағыттарда торкөздерді ретімен санай отырып жасалады. Мұндай жаттығулардың маңыздылығына: кеңістікте бағдарлай білуін бекіту, санау дағдыларын жетілдіру, өлшеу əрекетін енгізу – бір торкөз өлшем бірлігі ретінде қабылданатынын түсіндіру. Сонымен бірге балада мақсатқа талпынушылық, шыдамдылық, тапсырманы қатесіз орындауға құлшынысы (өйткені олай болмаған жағдайда нəтиже болмайды: сурет шықпайды) дамиды. Егер бала ұзындығы əртүрлі жəне əртүрлі бағытта кесінділерді əжептəуір сенімді жүргізсе, жануарларды, ойыншықтарды, жиһаз заттарын жəне т.б. салуға «дыбыстық» диктантқа өтуге болады. (Ж) Осындай диктанттың үлгісі: Менің айтқаным бойынша сурет сал: 4 торкөз жоғары, 3 – төмен жəне т.б. Неғұрлым күрделі суреттерге көшуге асықпаңыз. Баланың жұмыстан жағымды эмоция алуы өте маңызды, сол кезде осындай жаттығуларға қызығушылық арта түседі. Осы кезеңде балалар үлгі бойынша фигураны өз бетінше қайталап салады. Жұмыс нүктелерін ересектер белгілейді. Электрондық жиынтық полотномен (№4) жұмысты ұсынуға болады. Педагог (немесе балалар) фигуралар орналастырып, ненің қайда орналасқанын айтады. |
Əліппе-дəптер.
Электрондық жиынтық полотно (№4). |
|
|
Рефлексия 26–30 |
Рефлексия. Педагог қорытынды жасап, балалардымадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылыбағалауды ұсынады.Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликті салуға болады. Қателіктер азболса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады.Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе,жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады |
Əліппе-дəптер
|
|
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген