Материалдар / Менің цифрлық әлемім
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің цифрлық әлемім

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс жұмыс. 4-сыныптар арасында.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Мамыр 2023
599
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін Өтілетін күні: 12.12.2022ж

мектеп директорының Өткізілетін орны: 209 к

оқу ісі жөніндегі орынбасары:_________ Уақыты: 12.30





Сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы:

«Менің цифрлық әлемім»


Сайыстың тақырыбы:   «Менің цифрлық әлемім» білімділер сайысы

Сайыстың мақсаты: Оқушылардың меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдірy, білімді, жан-жақты болуға үйрету.

Жүргізуші: Баттал Гулназ Еркинкызы

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Менің цифрлық әлемім» білімділер сайысымызға қош келдіңіздер! Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысқалы отырған оқушыларға сәттілік тілейміз.


Сайысымызға қатысқалы отырған оқушыларымызды таныстырып өтейін.

4 А сыныбы- Кудабаева Айлана және Утегенова Рауза

4 Ә сыныбы- Тулыбаев Кайсар және Бимырзаев Мирали

4 Б сыныбы- Нурлыбеков Бекзат және Тлеубаев Мадияр

4 В сыныбы- Жанабаев Данат және Жалғасбаев Әмірбек

4 Г сыныбы- Айымбетов Бағлан және Акимбаев Муслим


Әділ халқым берерсің әділ баға

Білімі мен білігін салыстырыпдей  келе сіздерді осы сайыста әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!   

  1. __________________________________________________

  2. __________________________________________________

  3. __________________________________________________

Компьютер – сенің көмекшің

Қаламың, әрі қағазың!

Керек емес демессің,

Аздаған болса хабарың.

Үйрену керек бәрін де –

Ақпараттық заманың! – дей келе бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Сайыстың шарты: Сайысымызға 4 ші сыныптардан құралған 5 топ қатысқалы отыр. Әр топ 2 оқушыдан құралған. Сайыс 4 кезеңнен тұрады.

І кезең «Сұрақ бізден, жауап сізден» (Сұрақ-жауап)

ІІ кезең «Лабиринттен шығу» (Алдарыңызға лабиринттің сызбасы беріледі, лабиринттен шығу керек)

ІІI кезең «Макет құрастыру» (Әр топқа кішкентай ноутбуктың макеті беріледі, түзу және дұрыс құрастыру керек)

ІV кезең «Аниматорлар» (Пәнге қатысты термин немесе құралды іс –қимылмен көрсетеді)

1-кезең. «Сұрақ бізден, жауап сізден» (Сұрақ-жауап)



Ойын шарты: Әр топқа пәнге байланысты 10 -50 ұпайға дейінгі 5 сұрақтан беріледі. Егер жауабын білмей қалған жағдайда қарсы топ жауап берсе болады.

4 «А» сыныбына

  1. «АКТ» сөзінің толық мағынасын айт? Ж: Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар

  2. 1975 жылы дизайнер Грег Брайт әлемдегі ең алып лабиринтті неден құрастырған? Ж: Ағаштан

  3. Операторлар блогы қандай түспен беріледі? Ж: жасыл

  4. Скретч интерфейсі әлемнің қанша тіліне аударылған? Ж: 71 тіліне

  5. Жанасу датчигі дегеніміз не? Ж: Батырманың басылғанын немесе басылмағанын анықтайтын құрал

4 «Ә» сыныбына

  1. «TRUE» сөзінің мағынасы? Ж: Ақиқат

  2. Ультрадыбыс датчигі өзіне неше см-ден жақын орналасқан нысандарды анықтай алмайды? Ж: 3 см-ден

  3. Скретч қандай мағына береді? Ж: Орысша- «царапка», қазақша- «тырнауыш»

  4. Кейіпкердің не нысанның костюмін өзгерту дегеніміз не? Ж: Кейіпкердің қозғалысын жасау

  5. Ең алғаш бағдаршам жүйесі қай жылы және қай елде орнатылды? Ж: 1914 жылы, Америка Құрама Штаттарының Кливленд қаласында



4 «Б» сыныбына

  1. «False» сөзінің мағынасы? Ж: жалған

  2. Бағдаршам-робот жасау үшін қандай датчик керек? Ж: Түс датчигі

  3. Операторлар блогында командалар қалай бөлінеді? Ж: Арифметикалық және логикалық

  4. Лабиринт жобасында қандай датчик қолданылады? Ж: Ультрадыбыс

  5. Датчиктер қызметіне қарай неше түрге бөлінеді және түрлерін ата.

Ж: 4 түрі бар. Жанасу датчигі, ультрадыбыс датчигі, гироскопиялық датчик, түс датчигі



  1. «В» сыныбына

  1. «Ойын» сөзін орысша және ағылшынша айтып бер. Ж: Игра, game

  2. RGB нені білдіреді? Ж: Қызыл (Red), жасыл (Green), көк (Blue)

  3. Арифметикалық операторлар не үшін қолданылады? Ж: Қарапайым математикалық амалдарды орындау үшін

  4. «Лабиринт» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? Ж: Жерасты жолдары

  5. Лабиринттен өтудің мақсаты? Ж: Шытырман бағыттардан, кедергілерден өтіп, дұрыс жол тауып шығу











  1. «Г» сыныбына

  1. Түс датчигінің орысша және ағылшынша аталуы? Ж: Датчик цвета, Color sensor

  2. Скретчте программалар қанша графикалық блоктардан тұрады? Ж: 10 блоктан

  3. Робот дегеніміз не? Ж: тірі организм принципі бойынша құрастырылған жандандырылған автомат құрылғы

  4. Түс датчигі неше режимге ие және оларды ата. Ж: 3 режим

  • Түс режимі

  • Шағылысқан жарық жарықтылығы режимі

  • Сыртқы жарық жарықтылығы режимі

  1. Түс датчигі дегеніміз не? Ж: Түс немесе жарық жарықтылығын анықтай алатын сандық құрылғы.



2 кезең «Лабиринттен шығу» (Алдарыңызға лабиринттің сызбасы беріледі, лабиринттен шығу керек) 3 минут уақыт беріледі. Лабиринттен шыққан оқушыларға 10 ұпай.



3 кезең «Макет құрастыру» (Әр топқа кішкентай ноутбуктың макеті беріледі, түзу және дұрыс құрастыру керек). Дұрыс құрастырған топқа 10 ұпай.



4 кезең «Аниматорлар» (Пәнге қатысты термин немесе құралды іс –қимылмен көрсетеді). Әр оқушыға 2 суреттен көрсетіледі. Топтағы 1-ші оқушы экранға теріс қарап тұрады, 2-ші оқушы экранда көрсетілген суретті іс-қимылмен көрсету керек. Егер таба алмай жатырған жағдайда сөзбен түсіндірсе болады. 2 суреттен кейін орындары ауысады. Суретті дұрыс тапқан оқушыға 10 ұпай беріледі.





4 «А» сыныбына

QR- код

Тінтуір

Робот

Инстаграм



4 «Ә» сыныбына

Роутер

Веб-камера

Интернет

Вконтакте



4 «Б» сыныбына

Пернетақта

АКТ кітабы

Интерактивті тақта

Ватсап



4 «В» сыныбына

Принтер

Смартфон

Ноутбук

Тик ток


4 «Г» сыныбына

Колонка

Флешка

Монитор

Ютуб


Көрермендерге сұрақ:

  1. Біз қай жылы тәуелсіздігімізді алдық? Ж: 1991 жылы

  2. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім? Ж: Н.Ә. Назарбаев

  3. Қазақстан Республикасының валютасы? Ж: теңге

  4. Мемлекеттік рәміздерімізді ата. Ж: ту, елтаңба, әнұран

  5. Қазақстанның астанасы қай қала? Астана

  6. Біздің туымызда қандай құстың бейнесі бейнеленген? Ж: Қыран құс

  7. Бір жылда неше күн бар? 365 күн

  8. Ғарышқа игерудегі Қазақстанда орналасқан қала? Ж: Байқоңыр

  9. Биыл тәуелсіздікке неше жыл? 31 жыл

  10. Қазақтар қоныстанған үй Ж: киіз үй


Жүргізуші: Сонымен, әділқазылар шешімі дайын болса, тыңдайық.

Жүргізуші: Осымен сайысымыз аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге үлкен алғысымызды айтамыз.





12.12.2022ж.күні «Жаңаша оқыту - жетістік көзі» онкүндігінде ақпараттық- коммуникациялық технологиялар пәнінің мұғалімі Баттал Гулназдың 4 – сыныптарда "Менің цифрлық әлемім" тақырыбында өткізілген сыныптан тыс жұмысының

АНЫҚТАМАСЫ

Мақсаты: Оқушылардың меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдірy, білімді, жан-жақты болуға үйрету.

Сайысқа 4 «А», «Ә», «Б», «В», «Г» сыныптарынан, әр сыныптан екі оқушыдан қатысты.

Сайыс шарттары:

І кезең «Сұрақ бізден, жауап сізден»

ІІ кезең «Лабиринттен шығу»

ІІI кезең «Макет құрастыру»

ІV кезең «Аниматорлар»


Сайыстың ұйымдастыру кезеңінде сайыстың барысымен таныстырылып , мұғалімнің кіріспе сөзі айтылды. Негізгі бөлім «Сұрақ бізден, жауап сізден» кезеңімен басталды. Бұл кезеңде оқушыларға деңгейлік сұрақтар қойылды.

«Сұрақ бізден, жауап сізден» кезеңінде әр топқа 10, 20, 30, 40, 50 ұпайлық сұрақтар қойылды. Ойына сұрақтар оқушыларға кезекпен қойылып отырды. 4 «В» және 4 «Ә» сыныптары басымдық көрсетті. «Лабиринттен шығу» кезеңінде әр топқа лабиринт сызбасы берілді, лабиринттен дұрыс жолды тауып 3 минуттың ішінде шығу керек болды. 3 минуттың ішінде лабиринттен шыға білген топ 10 ұпайға ие болды. «Макет құрастыру» кезеңінде әр топқа ноутбуктың дайын макеті берілді, сол макетті түзу әрі дұрыс құрастыру керек. Оқушылардың қаншалықты ұқыпты әрі тез макетті құрастыратынын анықтадық. Түзу құрастырған топ 10 ұпаймен бағаланды. Бұл кезеңде 4 «Б» сыныбының макеті әдемі құрастырғанын байқадық. Ең соңғы «Аниматорлар» кезеңінде оқушыларға пәнге қатысты термин немесе құралды іс –қимылмен көрсету керек болды. Суретті дұрыс тапқан оқушыға 10 ұпай берілді. Бұл кезеңде 4 «В» және 4 «Г» сынып оқушылары өте белсенді болды.

Сайыс қорытындысы бойынша, , қатысушы топтар төмендегідей марапатталды:

4 «В» сыныбы – бас жүлдені, 4 «Б» сыныбы - I орынды, 4 «Ә» сыныбы – II орынды, 4 «Г» сыныбы – III орынды, 4 «А» сыныбы - IV орынды, иеленді. Сайыс барысында көрермендерге алда келе жатырған мереке, тәуелсіздікке байланысты сұрақтар қойылды.


Picture 9 Picture 11

Picture 13 Picture 7


Picture 19 Picture 17 Picture 21


Picture 1


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!