Материалдар / «МЕНІҢ ЕЛБАСЫМ» мектепалды даярлық тобы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«МЕНІҢ ЕЛБАСЫМ» мектепалды даярлық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
тұңғыш президент туралы тәрбие сағатты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қаңтар 2021
275
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Бекітемін__________________

89 «Қыз Жібек » балабақшасының Меңгерушісі: С.К Атаканова

« 30» « қараша » «2020ж»












«1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне»

тәрбие сағаты











Әдіскер: Жанабекова Д.Т

Тәрбиеші: Мошекенова Б.К











2020-2021 оқу жылы



«1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне»

Мақсаты: Балаларды Отан сүйгіштігін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту, «1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні» екенін түсіндіру. Қазақстан Республикасының Президентінің өмір баянымен таныстыру. Біздің президентімізге деген сүйіспеншілігін арттыру. Нұрсұлтан-жас қала, бас қала туралы әңгімелеу. Көркем сөз арқылы тіл байлығын арттырып, байланыстыра сөйлеуге, ойларын жеткізуге білуге, достық қарым-қатынасқа дағдыландыру.

әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, мадақтау, қорытынды.

Алдын-ала жұмыс: «Мұнайшы» мәдениет сарайына

Көрнекілік: Президент портреті, Қазақстан республикасының рәміздерінің суреттері, елордамыз Нұр-сұлтан қаласы туралы бейнетаспа және фотосуреттерді көрсету.

Сөздік жұмыс: Республика, рәміздер, ту, елтаңба, әнұран.

Тәрбие барысы:

- Тәрбиеші: Балалар, шеңбер бойына тұрып, алақанымызбен бір-бірімізді ұстайықшы. Бір-біріңізден жылу сезініп тұрсыз ба, балалар? Балалар алақанымызда жылу сезініп тұрмыз дейді.

Аспанымыз ашық болсын!

-Күніміз жарқырасын!

-Деніміз сау болсын!

-Әлемде тыныштық болсын!

-Отбасымыз аман болсын!

-Балабақшамыз жайнай түссін!

-Тәртіпті, әдепті бала болайық!

  • Тәрбиеші: Балалар, менің мына сұрағыма жауап беріңдерші. Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Балалар: Қыс мезгілі.

-Қыс мезгілінде үш ай бар. Олар, желтоқсан, қантар, ақпан.

  • Тәрбиеші:  Бір аптада жеті күн бар.

  • Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, өте жақсы.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде «1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне» арналған тақырыптық оқу қызметі.

-Ал , ендеше балалар біздің Республиканың әнұранын орныдайық.

(Оң қолымызды жүрек тұсына қойып балалар әнұранды орындайды)


Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Мектепте жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
Отбасылық жағдайына келетін болсақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жұбайы – Сара Алпысқызы. Олардың 3 қызы бар: Дариға, Динара, Әлия. 
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. 

Балалар, Н.Ә.Назарбаев тұңғыш Президент болып қалады.Өйткені тұңғыш президент біздің Қазақстан үшін көп еңбек етіп келеді. Көптеген мектептер, балабақшалар салынды. Біз осындай бақытты елде тұрамыз. Біздің Президентіміз туралы слайдтан фото сюжеттер көрсету.

  • Тәрбиеші: Ал, «Отан» деген не екенін кім біледі?

  • Балалар: Отан дегеніміз – бұл біздің анамыз, еліміз, туған, ыстық жеріміз.

  • Тәрбиеші: Ал Отанымыз қалай аталады?

  • Балалар: Біздің отанымыз –«Қазақстан Республикасы» деп аталады

  • Тәрбиеші: Балалар ендеше, «Отан» , «Қазақстан» туралы тақпақтар білесіңдерме ? Айтып беріңдер (2,3 бала тұрып, тақпақтарын айтады)

  • Тәрбиеші: Балалар, сіздер өз Отаныңыз Қазастанды жақсы көресіздер ме?

  • Балалар: Иә.

  • Тәрбиеші: Балалар, олай болса, мені мұқият тыңдаңыздар. Біздің Қазақстанымыз тәуелсіз, еркін ел. Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері тұрады. Олар түркмен, орыс, өзбек, қытай, ұйғыр және тағы да басқа ұлт өкілдері. Кәнеки балалар, сіздер осы туған өлкеңіз, Отанымыз Қазақстанға қандай тілектер айтасыңдар?

  • Балалар: Тыныштық болсын.

  • Соғыс болмасын

  • Бәріміз баққыты болайық.

  • Деніміз сау болсын.

Ойын «Байтерек»

Ойын шарты: ортаға қойып ,музыка ырғағымен обручты айналып билеп жүреді де.

-Нұсқаушы «Байтерек »деген де балалар обручты қолдарымен ұстап,жоғары көтереді.

Тәрбиеші: Өте тамаша, жарайсыңдар, олай болса менің келесі сұрағыма жауап беріңдерші. Қазақстан Республикасының президенті кім?

  • Балалар: Қазақсатн Республикасының президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

  • Тәрбиеші: Ал, біздің елордамыз, бас қаламыз қай қала?

  • Балалар: Біздің елордамыз – Нұрсұлтан қаласы.

  • Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар сіздер білесіздер ме, біздің қазіргі Нұрсұлтан жас қала ,әрі бас қала.Ол жылдан жылға көркейіп, әсемденіп келеді.

Балалар, біздің елдің рәміздерін атаңызшы.

  • Балалар: Ту, елтаңба, әнұран.

  • Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Рәміздер туралы өлеңді жаттайық.

Рәміздерім елдігімнің белгісі

Білу керек бала-дағы ең кіші.

Рәміздерім - әнұран, ту, елтаңба

Рәміздерді жатқа білу жөн кісі.

Сергіту сәті

Достарменен бірге біз,

Күлімдейік күлейік.

Қолды созып күнге біз,

Шат көңілмен жүрейік


  • Тәрбиеші: Ал балалар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай екенін кім айтады?

  • Балалар: Мемлекеттік туымыздың түсі – көк түс.

Тәрбиеші: Дұрыс балалар, туымыз көк түсті, ортасында алтын күн орналасқан. Ол, біздің әрқашанда аспанымыз ашық, төбемізде күн жарқырап тұрсын деген мағынаны білдіреді. Күн астындағы қыран құс, ол біздің еліміз биікке, еркіндікке, болашаққа ұмтылсын деген сөз. Ал шетінде қазағымыздың ұлттық өрнегі орналасқан. Мемлекеттік туымыздың авторы – Шәкен Ниязбеков.

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы

Оны халық қанша да,

Биікке іліп қояды.

Тәрбиеші: Бұл балалр, біздер әрқашанда туымызды жоғары көтеріп, қастерлеуіміз керек екендігін айтады. Енді балалар, елтабаңға қараңдар. Елтаңбаңызда, шаңырақты айнала күн сәулесі орналасып, уықтар шыншылған. Адам баласының досы – қос тұлпар және бес жұлдыз, ол біздің барлық жер шарындағы халыққа құшағымыздың ашықтығын білдіреді. Елтаңбаны салған суретші – Жандарбек Мәлібеков аға мен сәулетші Шота Уәлиханов.

Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар

Шарықтаған таза күй

Тәрбиеші: Қандай әдемі өлең-шумақтары. Балалар, мемлекттік тіліміз қандай, кім біледі? Балалар: Мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі.

Ана тілін біліп қой,

Еркіндігім, теңдігім.

Ана тілін біліп қой.

Мақтанышым, елдігім

Тәрбиеші: Балалар, Қазақстанның жері өте бай. Мұнай, газ, алтын, күміс және тағыда басқа құнды байлықтар шығады. Осының ішінде халыққа ең қажеттісі – нан. Біз бидайға баймыз. Демек, бұл біздің халқымыз тоқ деген сөз. Біздің ұлы ақындарымыз да көп. Олар: А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ж.Жабаев, М.Әуезов және т.б. Осы аталарымызды қадір тұтатын, өсиеттерін өнеге ететін, тәуелсіз еліміздің болашақ жұлдыздары – Сіздерсіз! Сондықтан үлкендерді сыйлап, кішілерге ізет көрсетің. Бәріне үлгі болыңдар. Ал ендеше балалар, бүгінгі тақырыптық оқу қызметімізді қортындылайық.

Тәрбиеші: -Бүгін бізде қандай мереке?

- Балалар:«1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне»

- Тәрбиеші: Не туралы әңгімелестік?

  • Балалар: Біздің Президентіміз туралы және Қазақстан туралы әңгімелестік.

  • Тәрбиеші: Біздің тұңғыш Президентіміз кім?

  • Балалар: Н.Ә.Назарбаев.

  • Тәрбиеші: Қазақстан рәміздерін атап жіберіңдер.

  • Балалар: Ту, елтаңба, әнұран.

  • Тәрбиеші: Елордамыз қай қала?

  • Балалар: Нұрсұлтан.

Балалар осымен тақырыптық тәрбие сағаты аяқталды, тәрбие сағаты өте жақсы қатысқаңдарыңыз үшін ,мен сіздерге дайындаған сыйлықтарым бар. /смайлктер/















































«1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне»

тәрбие сағаты

Picture 3 Picture 1 Picture 2

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!