«Менің елім”

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Менің елім”

Материал туралы қысқаша түсінік
Құрметті ата - аналар, кішкене бүлдіршіндер және балабақша ұжымы! Баршаңызды 25 қазан Республика күні мерекесімен «Нұршашу» мектеп алды тобы атынан шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс, мерекелік шат көңіл тілеймін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мен елім»
Құрметті ата - аналар, кішкене бүлдіршіндер және балабақша ұжымы! Баршаңызды 25 қазан Республика күні мерекесімен «Нұршашу» мектеп алды тобы атынан шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс, мерекелік шат көңіл тілеймін.

Ақжайық, Алтай арасы
Қазақтың шалқар даласы
Республикама қарашы!
Жерімнің дәні маржандай
Қырманы асқар таулардай
Республикама қарашы!
Шолсаң да биік аспаннан
Қарқырар кені тастардан
Республикама қарашы!
Шырқаған сайын тірегі
Республикама қарашы!

1. Әнұран.
Құрметті қонақтар! Бүгінгі біздің 25 қазан Республика күніне арналған «Мен Отанның бақытты ұлымын!» қысқаша тәрбие сағатын тамашалаңыздар.

2.Тақпақтар:

Жақсылар жанын қиды қасіретпен,
Алаштың ерлері бар асыл өткен. Али
Арманым болмас еді-ау туған елім,
Гүл жайнап, қазақ болып тасып өтсем.

Рухынан жақсылардың нұр саулаған,
Жанымды мейірімі құрсаулаған. Жанна
Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан,
Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған!

Нұрына шомылдырып алтын күннің,
Республикам ертеңге талпындырдың. Расул
Өзінен шабыт алып ақын қиял,
Шалықтап кең далада шалқып жүрмін.

Егемен елім десем, сенім кіріп,
Бойымды билеп кетер сенімділік. Зере
Ешкімге ауыстырмас алтын Отан,
Жырлаймын қасиетіңді төгілдіріп.


Жарқырап жанған күндей азаттығы,
Көрінер ұлтымның да ғажаптығы. Ауез
Республика күнімен құттықтаймын,
Өйткені ол - Ұлт күні, Қазақ күні!

Республика күні

Республика күні бұл, Жанель
Мерекеміз мерейлі.
Тақпақ айтып жатаймыз,
Тақылдатып көмейді.

3. Би: «Қазақ тілі»

Жүргізуші:
- Балалар, сендер сүйікті Отанымыздың қасиетті белгілерін біледі екенсіңдер. Онда Отан дегеніміз не?
Балалар:
- Отан дегеніміз біздің әке - шешеміз, туған туыстарымыз, ауыл қалаларымыз, өзіміз туып - өскен жеріміз. 4. Ән: «Менің Қазақстаным»

5. Тақпақтар:

Республика күнімен

Құттықтаймын сіздерді, Алим
Республика күнімен.
Құтты болсын қазағым,

Республика күнінде,
Ән айтамыз, билейміз.
Ақбөкен
Қайғы жұтып, алаңдап,
Мұңаюды білмейміз.


Балалармыз бақытты,
Мерекені тойлайтын. Муслим
Республика күнінде,
Бар жақсыны ойлайтын.


Құтты болсын, Қазағым,
Республика күні бұл. София
Мерейлі де тәуелсіз,
Қазағымның үні бұл.


Республикам жасай бер,
Атар таңың бақ сыйлап. Аяна
Тәуелсіз ел жасай бер,
Қуанышты күй сыйлап.


Республикам ғажабым,
Артсын даңқың, ажарың. Азалия
Қазақ елі жанданып,
Таусылмасын базарың!


Көңілге нұр сыйлайтын,
Республикам сен менің. Әміре
Өзің барда биіктеп,
Көтерілер еңсем мың!


6. Би: «Қазақ жігіттері»
7. Ән: «Туған жер» 8. Тақпақтар

Республикам сен барда,
Түспес менің көңілім.
Әкежан
Тәуелсіз ел айбыным,
Шуақ берер өмірім.


Республикам өзіңсің,
Сыйлар бізге гүл бағын. Ержүрек
Бір өзіңе арналар,
Таусылмайды жырларым.


Нұр сыйласын арай, күн

Жадыратып жанды бұл,
Нұр сыйласын арай, күн. Айлин
Құтты болсын бүгінгі,
Республика күні бұл.


Республикам асылым,
Жанға қуат беретін. Аделина
Мен балаңмын сен үшін,
Маржан сөзді теретін...


Жасай берсін Қазағым

Республика күні бұл, Асанали
Елге шаттық беретін.
Азаттықтың байр
ағы,

Қазақ аты танылсын

Құтты болсын мереке, Назар
Республика күні бұл.
Қазақ аты танылсын,
Шырқалып ән, жыры бұл.


Республикам бақытым,
Елге сенім беретін.
Мансур
Құтты болсын мереке,
Әр жыл сайын келетін.

9. Би: «Шаңырақ» биі

10. Тақпақтар

Республикам бақытым,
Мерекеге бастайтын.
Құтты болсын күн бүгін,
Аяла
Шаттығымды растайтын.

Республика күнінде,
Орнасын бар жақсылық.
Азаттықтың көк туы,
Сыйлай түссін сәттілік!


Республикам жырымсың,
Тұмарым қып тағатын.
Әуелетіп жүрекпен,
Жәңгір
Шырқап әнге салатын.

Құтты болсын бүгінгі,
Республика күні бұл.
Әр қазақтың лүпілдер,
Жүрегінің үні бұл.


Республикам жаным бұл

Жақсы көріп, сүйетін,
Республикам жаным бұл.
Алмансур
Шуақ берер шырайлы,
Сәтті атар таңым бұл.

Республикам киелім,
Соғып тұрар жүрегім.
Республикам жасай бер,
Мықты болып тірегің.



Мен бақытты баламын

Мен бақытты баламын,
Айтқан тілді аламын.
Республика күнінде, Адия
Жұлдыз болып жанамын.

Республика күні бұл,
Шаттығымды көбейтер.
Қазағымның үні бұл,
Тынысымды кеңейтер...

11. Би: «Батырлар» биі
Жүргізуші:
- Балалар, халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы айтқан екен: «Отан үшін отқа түс, күймейсің»,- деп. Басқа да батыр ағаларымыз, апаларымыз «Отан» деп жырлаған, қорғаған, қастерлеген және Отан үшін өмірлерін қиған екен.
Біз де осы ата - апаларымыз сияқты Отанымызды қорғауымыз керек. Отан үшін еңбек ету керек.
- Сендердің еңбектерің – сендердің жақсы оқығандарың, тәртіпті бала болғандарың.
- Ал, балалар, біз Отан туралы нақыл сөздер білеміз бе?

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.03.2025
83
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі