Материалдар

Сайт бөлімдері
×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8 (771) 234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады

«Менің елім - Мәңгілік Ел »

Автор:Ыбышева Раушан Амангелдіқызы
Бағыты: Сынып жетекші
Бөлімі: Сабақ жоспары
Сыныбы: 6 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-05-23

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

тәжірибе алмасу

Такырыбы: «Менің елім - Мәңгілік Ел »
Мәңгілік Ел болу жолындағы
Мақсаты: Оқушыларға  «Қазақстан -2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы Мәңгілік Ел-идеясының маңызын түсіну, Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.Тәрбие бағыты: Ұлттық тәрбиеӨтілу түрі: Өзара пікір алмасу сабағыӨтілу әдісі: Сұрақ- жауап, тұжырым картасы, «биопоэма» әңгімелесу, баяндау, түсіндіруКөрнекілігі: Буклет, сурет, кітап көрмесі, нақыл сөздер, Сабаққа қажетті материалдар: А3 формат, маркер, қима қағаз:
  • қиын-қыстау кезде Отанды қорғай біледі;
  • еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлей біледі;
  • туған жерге деген сүйіспеншілігі артады;
  • елдің бір тұтастығын сақтап қалу үшін күресе біледі:
  • өз ойын, пікірін ашық айта алады:
Ой қозғау:- Қазақстан туралы не білеміз? Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын. Мен еліммен мақтанамын. Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.- Біз қандай мемлекетте тұрамыз?- Қазақстан.- ҚР - ның халқы қай тілде сөйлеу керек?- ҚР – ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керекМұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды. I топ «Тәуелсіздік» сөзін естігенде жүректеріңде қандай сезім ұялайды? II топ «Мәңгілік Ел» сөзін естігенде жүректерінде қандай сезім ұялайды?\Әр топ сөзінің мағынасын ашады, постер құрып\

«Тұжырым картасы» әдісі Мәңгілік Елге байланысты бейнеролик көрсетіп, ойларын ортаға салу \ әр топ өз ойларын айту\«Мен елімді мақтан етемін» \ сол қол көтеру\«Мен елімді жақсы көремін»\ оң қол көтеру\«Мен елімнің коркеюіне үлесімді қосамын» \екі қолды шапалақтау\Мұғалім сөзі Мәңгілік Ел болуға Қазақ елінің Ерлігі береке мен бірлігінде, ұлтаралық татулығында, дана басшылығында болады. Елбасы бастады, халқы бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып қостады, осының арқасында ұлттық тәуелсіздікке, қазіргі өркенге қол жеткізді. БІздер үшін Тәуелсіздігіміздің құндылығына жететін еш нәрсе жоқ. Өйткені тәуелсіздіктен айырылсақ басқасының бәрінен айырылып орны толмас өкініште қаламыз. Тарихи жұмбақ \ мәтінмен жұмыс,постер құрып қорғайды\
I топ Жауабы «Мәңгілік ел идеясы»
II топ 16 желтоқсанның ақ таңы алаулай атты. Ашық аспанда шөкімдей бұлт жоқ. Арқаның аязы Астананы арайландыра түскен. Мереке құшағындағы елорда тұрғындары Есілдің сол жақ жағалауымен бой көтерді. Қазақстан Тәуелсіздігінің айтулы 20 жылдығына қарсаңында Астанада асқақ рухымыздың тағы бір символы 2009 жылы еліміздің ұлттық мақтанышына айналған «Қазақ елі» тарихи – мемориалдық кешені бой түзеді.

«Биопоэма» әдісі арқылы оқушылар өз ойларын ортаға салады.Аты- жөні айқындайтын белгілері» «Қазақстан -2050 мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы , ең мәртебелі жол»
  • Оның ерекшелейтін 7 қағидасы
1 Қазақстан мен Астананың тәуелсіздігі2. Оны ерекшелейтін құндылығы -мәңгілік елдің мәңгілік тілі болуы тиісті- Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.4. Ол мақтанатын дүниесі: Ата- бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді 5. Жеткен жетістігі - Тәуелсіздігімізбен бірге мәңгілік мұраттарға қол жеткіздік.
II топ Аты- жөні айқындайтын белгілері» «Мәңгілік ел» салтанат қақпасыОның ерекшелейтін 7 қағидасы Қақпа женіс рухын асқақтату немесе жасампаз жетістіктердің құрметіне қаланың кіреберісіне , үлкен жолдың бойына орнатылды.2. Оны ерекшелейтін құндылығы Әлемдегі санаулы қалаарға тән ерекше сәулеттік монументті туынды3. Оның қол жеткізген 3дүниесі Келесі қабырғаның бас тақырыбы, ең қастерлі ұлтық құндылық Тәуелсіздікке арналады. Өрнекті қабырға бүгінгі тәуелсідіктің мазмұнынын ашады. «Ақорда.»Бәйтерек суреттермен бейнелеген.2) Азат елдің Тәуелсіздігінің 20 жылдығына тұрғызылған асқақ тұғыры 5. Жеткен жетістігі «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы тәуелсіз жас мемлекет пен жаңа астананың жетістіктерінің нышаны, Қазақстанның 25 жылда жеткен жетістігінен көрініс беретін келбетті кешен.
  • Оқушылар шығармашылығынан
Махатаева Алуа «Мәңгілік Ел» туралы өлең жолдарымен Қалдан Береке «Мәңгілік ел ұраны» туралы өлең жолдарымен Қорытынды: «Ақ тілектер» минуты «Жүректен жүрекке» - Балалар, Елдігіміз мәңгілік болу үшін шын жүректен тілек айтайық. Мына жүрекшеге тілегімізді жолдайық. Қане, кім өзінің ақ тілегін айтады.Мен XXI ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.Бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын!- Ал, балалар Елдігіміз мәңгілік болсын деген тілектерің жүректен-жүрекке жетті деп ойлаймын. \ осы кезде фейерверг ойнайды\
Ән: Көк тудың желбірегені. (тыңдалады)
Рефлексия Сабақ барысында көңіл- күйіңіз қандай болды? Неліктен?




































Белгілі теолог Мұхитдин Исаұлы «Мәңгілік ел» сөзінің ұғымы тереңде жатқанын айта келе, әл-Фараби өзінің «Ғажап ел» туралы кітабында егжей-тегжейлі жазып кеткенін алға тартып, сөзін былай деп сабақтаған екен: «Қысқаша айтқанда, «Мәңгілік ел» дегеніміз, бұл – ғұмыры мың жылға созылып, тұғыры таймаған алдыңғы қатарлы алпауыт ел деген сөз. Бірақ ол үшін ерекшеліктердің төмендегідей бес ұстанымы болуы шарт. Төртінші – мал-мүліктің қорғалуы.Бесінші – ақыл мен ой-сананың, оның ішінде, сана еркіндігінің сақталуы. Бұған қоса айтарым, «Мәңгілік ел» болу үшін билік пен халықтың арасында алынбас қамал, ешкім кіре алмайтын жабық қақпа болмауы тиіс», – дейді.

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.