«Менің елім» атты патриоттық әндер байқауының сценарийі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Менің елім» атты патриоттық әндер байқауының сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
«Менің елім» атты патриоттық әндер байқауының сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Менің елім» атты патриоттық әндер байқауының сценарийі



Тәуелсіздік күніне орай өткелі отырған «Менің елім» атты патриоттық әндер байқауының сценарийі
(Сахна мерекеге сай безендірілген, ән ойналып тұрады)
Мұғалім: Құрметті, ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі
тәуелсіздік күніне орай өткелі отырған «Менің елім» атты патриоттық әндер байқауына қош келдіңіздер!
Жүректі тербейтін, көңілде сөнбейтін, ешқашан өлмейтін құдірет не? Әрине, ән. Ғұмырлы ән – халықтың жаны. Сайын даланы әсем әнімен тербеткен халқымыз қуанса да, жүрегінен жыр ағытып, жабықса да әнмен өзін - өзі жұбатқан. Сондай - ақ әннің құдіреттілігі сол, жұртты жұдырықтай жұмылдырып, рухын асқақтата түседі. Әр дәуірдің патриоттық әндері сол замандағы ұрпақтың Отан үшін оққа да, отқа да түсуіне себепкер болған идеологиялық қаруы. Бір кездері Кеңес заманында біздің ата - әжелеріміз «Партия қайда болса, Жеңіс сонда!», «Алға, комсомол!» деп екпіндете шырқады. Осы кезде патриоттық әндер үгіт - насихаттың ықпалын арттырып, жастардың жігерін жани түсті. Яғни, халықтың рухын көтеріп, азаматтық белсенділігін арттыруда патриоттық бағыттағы әндердің маңызы зор еді.
Патриоттық әндер кеше де, бүгін де, ертең де ерекше бағалы бола бермек. Сондықтан бұл байқауды өткізудегі мақсатымыз өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, аталарымыздың ерлігін насихаттау, Отанға деген құрметті күшейту, өнерлі оқушыларды анықтап, сахна өнеріне баулу.

(Ортаға
екі жүргізуші шығады)
1 - жүргізуші: Иә, біз бейбіт елде, байтақ жерде өмір сүріп жатқан бақытты ұрпақпыз. Бірақ бізді осы күнге жеткізу үшін кешегі ата - бабаларымыздың Ақтабан шұбырындының азабын тартқанын, ашаршылықта қынадай қырылғанын, зиялыларымыздың репрессияға жазықсыз ұшырағанын, Ұлы отан соғысында кеуделерін оққа тосқанын естен шығармауымыз керек.
2 - жүргізуші: Азаттық жолындағы еліміздің тарихы «Елім - ай», «Атамекен», «Жас қазақ» секілді әндер арқылы бізге жетті. Біздің алдымызда тұрған ендігі міндет, егемен елдің ертеңін сеніп тапсырар намысты, қайсар, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Осы орайда бізге патриоттық әндеріміздің молая түскені аса маңызды.
1 - жүргізуші: Ер елсіз болмайды, ел ерсіз болмайды демей ме, дана халқымыз. Қан майданда қол бастап, елінің намысын жауға таптатпаған батырларға арналады.
2 - жүргізуші: Олай болса,
тәуелсіздік күніне орай өткелі отырған «Менің елім» атты әскери - патриоттық әндер байқауын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
1 - жүргізуші: Шарамызды бастамас бұрын байқауға қатысушы үміткерлерімізді ортаға шақырамыз.
(Үміткерлер ортаға шығады)
2 - жүргізуші: Осы байқауға төрелік жасайтын қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
Ибрайымова Б,Кариева Б,
1 - жүргізуші: Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін ән орындау шеберлігі және сахна мәдениетін меңгеру критерийлері бойынша бағалайды.
Жоғары ұпай 10 балл. Бұл байқауда жүлделі орынға ие болған 3 сыныпты марапаттай алады.
2 - жүргізуші: Рухынан жақсылардың нұр саулаған,
Жанымды мейірімі құрсаулаған.
Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан,
Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған
Ж.Төлебайдың сөзіне жазылған, Н.Төлебайдың әні «Мен Қазақпын» орындайтын 6- сынып оқушылары
1 - жүргізуші: Бойда қызу қаны ойнаған жігерлі
Қаһарманы заманымның бұл енді
Отан даңқы мүддесі үшін қажеттік
ауднымыз ол елдігімнің тірегі
7-сынып оқушысыларының орындауында Н.Әлімқұловтың сөзіне жазылған Ш.Қалдаяқовтың әні « Мойынқұмда ауылым» қарсы алыңыздар!

2 - жүргізуші: Қазақ деген пейілі кең бай халық
Толды арманы егеменге айналып
Бейбітшілік қорғанындай сенімді
оқушылар сап түзеді сайланып
Ортада
8-сынып оқушыларының орындауында Рүстем Көшебаевтың сөзіне жазылған Оралхан Садуақасовтың әні «Мен Қазаықтың ұлымын»
1 - жүргізуші: Қазақстан – атамекен, құт қонған жер,
Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер.
Көкорай белестері мақпал кілем,
Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.
Ортада «
Көк тудың желбірегені» әнімен 9-сынып оқушылары

2 - жүргізуші: Қазақстан, замананың заңғарында,
Халқыма мекен болған жайлауың да.
Алатау ақ самайлы басын иген
Қайратты қарт Қаратау қойнауында
10-сыныа оқушыларының орындауында « Желтоқсан желі ызғарлы » әнімен ортаға шақырамыз

1 - жүргізуші:
тәуелсіздік күніне орай өткен «Менің елім» атты патриоттық әндер байқауы өз мәресіне жетті. Қазылар алқасы дайын болғанша
оқушыларының ән шашуларын қабыл алыңыздар!
(Ән шашу)
2 - жүргізуші: Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды. Отан үшін ерлікпен қаза тапқандарды ел әр уақытта есінде сақтайды. Өйткені олар біздің бақытымызды қорғады. Отан үшін, ел үшін құрбан болды. Отанымыздың даңқы – ерлік пен қаһармандықтың даңқы. Біз оның жүріп өткен ерлікке толы жолдарын, азаттық үшін күрескен ерлері мен батырларын ешқашан ұмытпаймыз
Ұмытылмас тұлғалардың бейнесі біздің көкейімізді ұялап, мәңгі қала бермек.
1 - жүргізуші: Үміткерлерімізді марапаттау үшін сөз қазылар алқасының төрайымы
Ибрайымова Б .апайға беріледі.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.12.2024
194
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі