Мотивациялық түрткі болатын
|
Педагог балалармен бірге тұрып шеңбер
құрады.
"Үй сыртында қолағаш"
ойыны.
Педагог ойын барысында қауіпсіздік шараларына
назар аударады.
|
Балалар дөңгелене қол ұстасып тұрады. Ойын
бастаушы орамалды алып, балалардың сыртын айналып жүгіріп, былай
дейді:
Үй
сыртында қолағаш Желбау тартам, есік аш.
Қол
ұстасып тұрған балалар қолдарын ажыратпайды. Ол -есік ашпағанның
белгісі.
Ойын бастаушы:
Үй сыртында қолағаш Озам десең, ала қаш -деп, өзі
таңдаған баланың арқасынан орамалмен соғып қалып, орамалды тастай
сала жүгіре жөнеледі. Орамал алған бала қарама -қарсы жақпен
жүгіреді.Екі баланың бұрын жеткені әлгі баланың орнына келіп тұра
қалады. Ойын осылай жалғаса береді.
|
Ұйымдық іздену
|
Педагог мақалдар оқиды:
Атадан бала туар, ата жолын
қуар.
Бабалар өмірі -ұрпаққа өнеге.
-Мақалдардың мағынасын қалай түсінуге
болады.
Ұрпақ, ата -баба сөздеріне сөздік жұмысын
жүргізеді.
Ұрпақ -тұқым ,жұрағат, нәсіл,келешек
ұрпақ.
Билингвальды компонет.
Салт -дәстүр -традиции и
обряды,
ұрпақ -поколение, ата -баба -предки, бесік
-колыбель, бесік жыры -колыбельная песня.
Ата
-баба -бұрынғы өткен әкелер.
-Қазақ халқында ата -бабаларымыз бала тәрбиесіне
көп мән берген. Кішкентай балалар өнегелі, тәрбиелі болып өсу үшін,
ұлттық салт дәстүрді қалыптастырып,мұра ретінде келешек ұрпаққа
қалдырып отырған.Бүгінгі оқу іс -әрекетіміз салт -дәстүрлер туралы
болмақ. Салт -дәстүр дегеніміз- белгілі бір рәсім,әртүрлі
жағдайларға арналған ұлттық мағынадағы елеулі
кезеңдер.
Демонстрациялық материалдармен
жұмыс.
-Мына суретте жаңадан туған нәрестені бесікке
бөлеп жатыр.
Бұл
-қазақ халқының ежелден келе жатқан "бесікке бөлеу" дәстүрі.
Суреттен тағы нені байқауға болады?
Анасы кішкентай баланы бесікке бөлеп, ұйықтату
үшін
"бесік жырын" айтады. Сендердің аналарың
ұйықтатар алдында қандай бесік жырын айтады?
"Бесікке бөлеу" ойыны.
Педагог алдын ала дайындаған қуыршақты, бесікті
алып шығады. Бір қызды қасына шақырады. Бесік жырын
айтады:
-Менің балам қайда екен?
Асқар -асқар тауда екен.
Тауда неғып жүр екен?
Алма теріп жүр екен.
Алмасынан ,кәнеки,
Жаңа теріп жүр екен.
Қызыл алма қолында,
Қыздар оның соңында.
-"Бесікке бөлеу" -кішкентай бала үшін маңызды.
Баланың сымбатты,денесі түзу болып өсуі үшін ата -бабаларымыз
баланы бесікке бөлеген.
-Келесі суретте не бейнеленген?
Бесікте жатқан бала өсті,тәй -тәйлап жүре
бастады. Енді көп құламай тез жүріа кетсін деп, ол баланың тұсауын
кеседі.
Адал, шыншыл бала болсын деп, тұсауын "ала
жіппен"кеседі.
Қазақ халқында "Біреудің ала жібін аттама"деген
мәтел бар.
Оның мағынасы -ешқашан өтірік айтпай, ұрлық
жасамай, үлгілі, өнегелі азамат болып өссін дегенді
білдіреді.
-Жаңағы кішкентай бала өсіп, 5-6 жасқа
келді.
Үлкендер оған жеке тай атап,ашамай (тайға
арналған кішкентай ер тоқым) істетіп, қамшы өріп, "Сен азамат
болдың" деген сенім ұялатып,үйретілген жуас тайға әсем ашамай ертеп
мінгізіп, жүргізеді. Осы қуанышта атасы:
Ал
ақ тілек, ақ тілек
Атқа тоқым сал білек.
Атта жақсы шаба біл,
Өнеге, өнер таба біл,
Аймағыңа жаға біл.
Атқа міндің, ақ жол болсын!-деп бата
береді.
Дәптермен жұмыс.
Жеке жұмыс жүргізу.
|
Балалар педагогтің көмегімен мақалдардың
мағынасын ашады.
-Келешек ұрпақ ата -бабалардың үлгі -өнегесін
алып өседі, олардың ақылымен ержетеді.
-Ата -бабаларымыздың жақсы істерінен үлгі
алып,
Солар сияқты еңбек ету керек.
Баланы анасы бесікке бөлеп жатыр, аналар "бесік
жырын" айтып тұр.
Кішкентай қыз бесікке қуыршақты жатқызып, бөлейді
,тербетеді.
Балалар өздері білетін "Бесік жырын"
айтады.
-Ұлттық киімдегі кішкентай бала,апа оның тұсауын
кесіп жатыр.
Жасы үлкен әжей "шашу" шашып
жатыр.
Балалар хормен Е.Өтетілеуұлының "Тәй -тәй" өлеңін
айтады.
Педагогтің айтқанын мұқият
тыңдайды.
Тапсырманы орындайды.
|