Эссе
«Менің еңбек жолым және
методикалық тәсілім»
Мен үшін мамандықты таңдау
болашақты таңдау. Өмірде мамандықтың сан алуан түрі бар. Әр
мамандықтың өзіне тән ерекшелігі бар. Брақ мен үшін тәрбиеші
мамандығын ең керемет мамандық деп санаймын. Себебі, балалармен
бірге жүру, бірге толып-толысу мен үшін үлкен бақыт. Тәрбиеші – ең
озық педагог, психолог, ізденімпаз, ғалым, дәрігер, полиглот, асқан
дарын иесі, әртіс, биші, әнші, қол өнерші, жоқтан барды жасаушы...
бұл тізбекті тоқтатпай жалғай беруге болады. Шынында да солай,
тәрбиеші деген ол жан – жақты, жоқ нәрседен барын шығаратын,
творчестволық тұлға.
Мен тәрбиешімін! Мен бұл
өмірде өз жолымды таптым. Мен – бақытты адаммын. Мен – сүйікті
адаммын. Ең кереметі – махаббатымды, білігім мен білімімді,
тәжірибемді балаларға сыйлаймын. Әрбір ана баласымен бірге балалық
шақты өткізгенде бақыт құшағына енеді. Ал мен болсам, балалық шаққа
әр күн сайын барамын. Кіп-кішкентай баласын жетектеп әкелген әр
ата-ананың баласын өз балаңдай қарап, тәрбие беру менің басты
міндетім. Балаларды ойлау, оларға қамқоршы болу, оларды сүю – бұл
әр адамның басына берілмеген ең ғажап сезім. Абай атамыз айтқандай,
қазақ баласының бойында: «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»
болуы керек. Осы үш асыл қасиеттерді бүлдіршіндердің бойына сіңіре
білу тәрбиешінің негізгі міндеті. Кішкентай балалармен жұмыс жасау
– үлкен бақыт. Мен – тәрбиешімін! Бұл – менің өмірімнің
мәні.
Тәрбиеші болу әр адамның
қолынан келе бермейді. Себебі, біз тек қана балаларды оқытып қана
қоймай, өзіміз де әрдайым ізденісте жүруіміз керек. Заман өзгереді,
сонымен қатар талап та өзгереді. Заман талабына сай, бір қалыпты
отырмай, жаңа бағытта жылжуымыз керек. Қазіргі таңда оқытудың сан –
алуан әдістері бар. Біздің басты мақсатымыз сол әдістерді тиімді
пайдалана білу. Жаңа технология үрдісінің талабы – балаға білім
беруде мақсатқа жету, іс – әрекеттері арқылы ойлау дағдыларын,
таным белсенділігін арттырып, баланың жан – жақты дамуына және
жаңалықты тез қабылдауына әсер ету. Біздің балабақшамыздың негізгі
мақсаты – балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беру арқылы,
денсаулығын және физиологиялық дамуын қорғау және
нығайту.
Көп қолданатын әдістеріме: 4К
моделі, ойын түрлері, бақылау тәсілдері, саралап оқыту жатады. Осы
әдістерді пайдалана отырып, көптеген жетістіктерге жетуге болатынын
білдім. Баланың танымдық, сыни ойлау қабілеттері дамиды, сөздік
қорлары жетіледі, білім, білік дағдылары
қалыптасады. Бұл әдістердің негізгі
концепциясы бала тұлғасының оқыту қызметіне деген қызығушылығын
арттыру. Мақсатқа нәтижелі қол жеткізу
үшін, өте тиімді әдістердің бірі болып
табылады.
Ұйымдастырылған оқу қызметін
жоспарлауда 4К моделін, яғни сыни ойлауды, топтық, командалық
жұмысты, Блум таксономиясын, бала үнін, саралап оқытуды, кері
байланыста дұрыс нақты сұрақ қоя білуді, ойын түрлерін, бақылау
түрлерін жаңадан осы әдістерді қостым.
Балалардың қажеттілігін қамтамасыз ету
мақсатында, алдағы уақытта өз ұйымдастырылған оқу қызметтерімде
саралаудың мазмұн арқылы, үдеріс арқылы, өнім арқылы, оқу ортасы
арқылы саралап оқыту тәсілдерін толық қолданатын
боламын.