Материалдар / Менің ішкі жандүнием
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Менің ішкі жандүнием

Материал туралы қысқаша түсінік
• Балаларға АРТ-терапия туралы түсінік беру; • сурет салу терапиясы жаттығуларын орындау; • әсемділікті сезінуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2019
418
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ӨРКЕНИЕТ» МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ



«Бекітемін» «Өркениет» медицина колледжі директоры: ____________ Кулимбетова Г.М « » 2017 ж



















ІІІ курс студенттерімен арт терапия элементтерін қолдану арқылы психокоррекциялық сабақПсихокоррекциялық сабақ тақырыбы: «Менің ішкі жандүнием»

















































Қызылорда, 2017 ж

«Менің ішкі жандүнием»Мақсаты:• Балаларға АРТ-терапия туралы түсінік беру;• сурет салу терапиясы жаттығуларын орындау;• әсемділікті сезінуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы:Сәлемдесу жаттығуы “Кездесу”Студенттер бір-бірімен амандаса тұрып, адамға жағымды сөздер айту әдетін жаттықтыру. Мысалы: Сәлем Жанар, сен бүгін өте әдемісін, немесе сәлем Исмаил, осы аптадағы істерің онды болсын.

«Менің суретім» жаттығуы

Мақсаты: өзін-өзі ашу, өзіндік «Менімен» жұмысӨзін өсімдік, жануар т.б. бейнесінде суреттеу. Жұмысқа аты-жөні жазылмайды. Сурет салынып болған соң, барлық жұмыстар қабырғаға ілінеде де, қатысушылар қай жұмыс кімге тиесілі екенін табуға тырысады. Жұмысты талдау, алған әсерлерімен бөлісу.

«Менің көңіл-күйім» жаттығуыҚатысушы өзінің көңіл-күйін, сезімдерін формалар, түстер, сызықтар арқылы бейнелеуі тиіс, бірақ сурет белгілі формадағы зат болмауы тиіс. Қатысушадан өзін қазір қалай сезінетінін немесе белгілі бір жағдайда өзін қалай сезінгендігін бейнелеуін сұрайды. Мүмкін болса сезімдерін түспен бейнелегені дұрыс. Жұмысты аяқтағаннан соң өз сезімдерімен бөлісу. «Сезім» жаттығуы Жаттығу сезім дегеніміз не екенін талқылау арқылы басталады, әртүрлі сезімдерді жазу (мысалы, қуаныш, өкініш, таңқалу, ұялу т.б.). Қатысушылар өзі қалаған сезім бейнеленген адам бет әлпетін суреттейді. «Адам бейнесі неліктен көңілді/таң қалып түр/қайғылы? Бейнеленген адам не ойлап түр? Неліктен?» Себебі суреттің жоғарғы бөлігіне жазылады. Содан соң қатысушылар сол адамды бірақ әртүрлі сезімдермен бір немесе бірнеше адам бейнесін салады.«Бақыт қобдишасы» жаттығуы«Елестетіңіз, сізге сиқырлы қобдиша сыйлады. Ол әртүрлі көлемде болуы мүмкін. Бұл қобдишада тек сізді бақытты ететін зарттар орналастыра аласыз, ол зарттар сол қобдишада сақталады. Көңіліңіз түскен, жабырқаған уақытта қобдишаны ашып сізді бақытты ететін заттарды көріп көңіліңізді көтере аласыз. Қобдишаға сіз не саласыз? Көзіңізді жұмып өзіңізді бақытты ететін заттарды ойлаңыз. Өзіңіздің бақыт қобдишаңыздың суретін салыңыз.»Еркін сурет жаттығуы

Мақсаты: Бұл жаттығу сабақ бастамасында өте қолайлы. Ол баланың шығармашылық қабілетін оятады, өз эмоцияларын сезінуге және бір-бірлерімен танысуға мүмкіндік береді.Материалдар: парақ, қарындаш, бояу.Өтілу барысы: Парақ, қарындаш жағынан жетіспеушілік сезінбеуі керек. Әр адам өзі жалғыз қала алатын орын табады. 2 минуттай өз ойын жинақтайды, өз сезіміне құлақ салады. Оған алдағы жұмыстың шығармашылық жағын ойлап керек емес. Ол тек қарындашты алып, сурет сала бастауы керек. Сурет салушының міндеті – өз жағдайын символикалық бейнелеу. Ол өзін нақты бір нәрсе суреттеуге мәжбүрлемеу керек. Басына не келеді, соны салуы тиіс. Топ сурет салуды аяқтағаннан кейін, қатысушылар өзінің және басқалардың жұмыстары туралы ойларымен бөліседі, бірақ оларға баға бермеуі тиіс. Өз суретіне ұқсас суреттерді қарап шығып, бірге талдау.

Сиқырлы алақан жаттығуы 

Мақсаты: жаттығу шығармашылықты дамытады, өз қиялын оятады.Материалдар: парақ, сулы бояу, қарындаш.Өтілу барысы: Әрбір қатысушыда парақ, түрлі–түсті қарындаштар, қарындаш болуы керек. Бәрі шеңбер құра отырады. балаларға өз алақанына өзіне ұнаған бояуды жағып алып, сонаң соң ақ қағазға түсіреді. Кейін сол түскен саусақтардың ізінен өз қиялымен сурет жасап шығару керек. Тағыда жетіспеген элементтер қосуға болады. Жұмысты талдау.«Сипатта және суретте» жаттығуы Қатысушылар жұптасып, өзінің жұбына салған суретін сипаттап айтады. Екінші қатысушы жұбының вербалды нұсқауы бойынша суретті қайта салуы қажет. Бұл жаттығу баланың тыңдау, сөйлеу, қарым-қатынас жасау қабілеттіліктерін дамытады.«Бұл керемет!» әр қатысушы «бүгінгі тренингтен не алдым?» деген сұраққа жауап береді, ал қалғандары әр қатысушыдан кейін «бұл керемет!» деп бас бармағын көрсетеді.Тренингтен алған әсерлерімен бөліседі.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!