400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

менің жаңа мектебім

Материал туралы қысқаша түсінік
мектебімнің қыр сыры және осындай мүмінкіндін үшін алғыс жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен, Бабаева Аяулым Мұхтарқызы, Өскемен қаласы Опытное поле ауылында тұрамын жаңадан салынған жайлы мектептің 11ші сынып оқушысымын. Биыл мен үшін және барлық ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш болды – жаңа мектеп салынды. Бұл – тек жай ғана мектеп емес, болашаққа бастайтын үлкен мүмкіндік, білім мен тәрбиенің алтын ордасы.

Жаңа мектепке алғаш кірген сәтте, оның кең де жарық дәліздері, әсем сыныптары мен заманауи құрал-жабдықтары бізді ерекше сезімге әкелді. Әрбір кабинетіміз толық жабдықталып, оқушыларға барынша қолайлы жағдай жасалған. Мұндай мүмкіндікті сыйлаған барша жанға шын жүректен ризашылығымды білдіремін және ризамын.

Бұл мектептің басты байлығы – біздің ұстаздар және мектеп директоры. Олар әрқашан бізді қолдап, білім мен тәрбиенің биігіне жетелеуде. Тек пәндерді ғана үйретіп қоймай, бізге үлгі болып, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке үйретеді. Осындай білікті, мейірімді ұстаздардан тәлім алып жүргенім үшін өзімді бақытты санаймын.Сонымен қатар бізге осындай мектептің ашылуына үлес қосқан, қолдауын білдірген мектепбіміздің- директоры Егорова Жанна Николаевнаға алғысымды білдіремін.

Биылғы оқу жылы біз үшін ерекше есте қалады. Себебі біз 11 «А» сынып – осы жаңа мектептің алғашқы түлектері болмақпыз. Бұл – біз үшін мақтаныш әрі үлкен жауапкершілік. Алғашқы түлек болу – тарихта қалатын мәртебе, оны біз әрқашан қуанышпен еске аламыз.

Менің жаңа мектебім – тек білім алатын орын ғана емес, достықтың, бақытты сәттердің мекені. Осында алған білім мен тәрбиеміз бізді үлкен өмірге жетелеп, асқақ армандарымызға жеткізеді.

Мен мектебімді ерекше жақсы көремін, сыныптастарым мен ортама ризамын. Жаңа мектебім – менің жарқын болашағымның бастауы,осында алған білімім мен тәрбием алдағы өмірімде көп көмегін тигізетініне сенемін!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 қыркүйек
81
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі