Менің жазғы демалысым!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің жазғы демалысым!

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқушының аты-жөні: Нұралы Ерасыл Ермұратұлы сыныбы: 1

Мектеп атауы: ОҚО Қазығұрт ауданы «Комсомол» жалпы орта мектебі



Менің жазғы каникулым

Менің жазғы каникулым өте қызықты өтті. Жазғы демалысымды мектеп кезінде қатты күтіп едім, енді міне, сол демалыстың санаулы соңғы күндері өтіп жатыр. Алайда, демалысымның тез аяқталғанына жабырқамаймын. Себебі, мектептегі достарымды, ұстаздарымды қатты сағындым. Каникулымның барлық күні қызықты әрі есте қаларлықтай өтті. Әдетте көп балалар демалыс күндерін басқа қалада өткізгенді қалайды. Ал, мен демалыс күндерімді ата-анамның қасында өткізгенді қалаймын. Себебі, сабақ күндері ата-анама қолұшымды жиі бере бермеймін. Өйткені, олар менің сабақты жақсы оқығанымды қалады, басқа нәрсемен айналысып, көңілімнің бөлінуін қаламады. Сол үшін демалыс кезінде барынша ата-анама көмектескім келеді. Алайда, басқа қалаларға да әжеммен бірге жиі барып тұрамын. Мен үшін туған жерімде өткізген демалыс күндерім өте қызық. Мен Қызылорда облысы, Арал қаласының тұрғынымын. Менің бұл жақта достарым өте көп. Біз ер бала болғандықтан, көбіне футбол ойнағанды жақсы көреміз. Алайда, одан басқа түрлі ойын ойнаймыз. Каникулдың ортасында ата-әжем тұратын ауылға барып қайтамын. Ол жақ мен үшін тамаша мекен, каникул басталса мені әсте сол жақ тартып тұрады. Неге екенін білмеймін?! Ол жаққа барсам, ата-әжемнің ерке немересіне айналған соң шығар. Олар өте жақсы адамадар, мен барсам бар дәмдісін алдыма қояды. Атам маған үнемі дана, ұлы ғұламалар айтқан сөздерді жиі айтып отырады. Мен олардың барлыған жадымда сақтауға тырысамын. Өйткені, ол сөздер адамға дұрыс жол бағыттайтын сөздер. Мен үшін ең ашық аспан ата-әжем тұратын ауылдың аспаны. Жұлдыздар аспанда саң мыңдап түрлі пішін көрсетіп тұрған секілді. Атам екеуіміз жетіқарақшыны санап, ауылдың салқын самалымен ұйықтап, шығыстан атқан күнімен бірге оянамыз. Таңғы шайды тәттілеп ішіп, айраннан ұрттап, азаннан кешке дейін ауыл балаларымен ойнаймын. Ауылда менің достарым өте көп, біз түрлі ойын ойнаймыз. Асық, ләңгі, аударыспақ, күрес және басқа. Бұл ойындар ер балалар ойнайтын қазақтың ұлттық ойындары. Негізінде футбол ойыны Қазақстанда жедел түрде дамып келе жатқан секілді. Қай жерде болмасын, ер балалардың бастары қосылса футбол ойынын ойнайды. Сол секілді біз де бұл ойынды ойнағанды жақсы көреміз.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.06.2018
2788
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі