Менің кәсіби ұстанымым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің кәсіби ұстанымым

Материал туралы қысқаша түсінік
құндылық
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өтініш кестесі


Қатысушының аты-жөні

Исмайыл Ұлжан Әбдіразаққызы

Білім беру мекеменің атауы

«Жамбыл ауылындағы №2 орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Лауазымы

Мұғалім, педагог-зерттеуші

Облыс,аудан,қала,ауыл атауы

Алматы облысы,Қарасай ауданы,Жамбыл ауылы

Байқау атауы

«Білім беру саласының үздік педагогі»

Телефон,ұялы,e-mail

87478191286,Uljan_16011982@mail.ru


Сапалы 3*4 фотосы




























Менің кәсіби ұстанымым

Ұстаздың қолында адам өмірінің келешектегі тұтас тағыдыры тұр.

В.Г.Белинский 
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті,икемділікті, шеберлікті,ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық –ұстаздық мамандығы. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Менің пікірім бойынша бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелей отырып, оқушының бойына жүрек жылылығын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын дарыту қажет. Ол үшін білімді, еңбекқор, бала жанын түсіне алатын болса ғана ұстаздық кәсіптің шыңына жете алады деп ойлаймын. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Мен өз кәсібімді, өз пәнімді, барлық шәкірттерімді, мектебімді шексіз сүйемін. Ұстаздық қызметіме деген қызығушылық пен сүйіспеншілік мені небір қиын әрекеттерге жетелеп, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалатыныма сенемін. Әр ұстаздың қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс- тұрысы, жинақы іс- әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге бола білуі тиіс деп ойлаймын. 
Менің педагог ретіндегі басты ұстанымым: Өз ұлтыма рухани діңгегі мықты, әлемдік кеңістікке еркін самғай алатын, білім мен тәрбие деп аталатын қос қанатын қомдаған заманына сай ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесімді қосу.Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда. Жалпы білім беру жүйесіндегі және мектеп мұғалімінің алдында тұрған көлемді әрі жауапкершілігі мол міндеттердің бірі – оқушыға тиянақты білім беру болып табылады. Өз мамандығын шын сүйетін, өзі оқытатын пәнін жақсы көретін мұғалім әрбір сабағын ерекше дайындықпен және үнемі ізденіс үстінде жүргізеді.Оқушылардың ынтасын арттыру, пәнге қызығушы- лығын дамыту, білімді берік те саналы жеткізу жолында жаңаша әдіс-тәсілдерді ізденіп қолданады.Мемлекеттің күшеюі мен ұлттық гүлденуі дарындыларға, таланттыларға тәуелді екені белгілі. Ал дарындылар тәлім — тәрбиенің алдыңғы шегінде жүрген мұғалімдер алдынан шығатыны сөзсіз.

Оқыту мен тәрбиелеу мақсатында жүргізілген жұмыстың тиімді көрсеткіште- рінің бірі – оқушының белсенділік қабілеттері және пәнге деген қызығушы -лығын ояту, терең де мазмұнды білім беру, ой-өрісін, шығармашылық іздені- сін дамытып, қазіргі нарық заманы бәсекесіне төтеп бере алатындай білікті тәрбиелі шәкірт, азамат тәрбиелеу. Еліміз егемендік алып, өз алдына тәуелсіз мемлекеті болды. Тәуелсіз еліміздің болашағы кімдер?Олар – бүгінгі менің алдымда отырған шәкірттерім. Тәуелсіз елеміздің берік тірегі – білімді ұрпақ. Ендеше жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе- оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, рухани бай, салауатты жан-жақ- ты дамыған жеке тұлға даярлау менің басты парызым. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі алғашқы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қазіргі мұғалімнің қоғамдағы орнын бағалай отырып: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы азаматтық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз»деген еді.Ұстаздық қызметті ерекше ұлық- таған халқымыз өзінің ең қымбаттысын – балаларын оқытып, тәрбиелеуді мұғалімдерге тапсырған. Сондықтан кездесетін қиындықтарға қарамастан білім сапасын арттыру, баланы тәрбиелеу – мұғалімдер қауымының міндеті.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсам,«Адамның адамшылы- ғы... жақсы ұстаздан» деп Абай атам айтқандай, мен қандай болсам, алдым- дағы шәкірттерім сондай боп шығарын түсінемін.Шынында да, бала болаша- ғы – менің қолымда. Қызығы да, қиындығы да мол ұстаздық жолдан мүдір- мей өтсем, менің де биік шыңға шыққаным.Абай атамның «Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретудан бала- ға» деген қасиетті қағидасы менің әрдайым жүрегімнің түкпірінде ұстайтын ұстанымым.



«Жамбыл ауылындағы №2 орта мектебі»коммуналдық

мемлекеттік мекемесі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Исмайыл Ұлжан Әбдіразаққызы






































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.00.2024
329
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі