Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

«Менің көңілді добым»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақпақты тыңдап, оның мазмұнын түсіне білуге үйрету. Балаларға доп туралы түсінік беру және әрекетті орындауға үйрету. Қысқа тақпақты жатқа айта білуге ынталандыру. Балалардың сөздік қорын дамытy/Бір-бірін тыңдап,тәрбиешінің сұрақтарына жауап беруге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

I кіші топқа ұйымдастырылған оқу қызметтінің

технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Менің көңілді добым»

Мақсаты: Тақпақты тыңдап, оның мазмұнын түсіне білуге үйрету. Балаларға доп туралы түсінік беру және әрекетті орындауға үйрету.

Міндеттері:

Білімділік:Қысқа тақпақты жатқа айта білуге ынталандыру.

Дамытушылық:Балалардың сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік:Бір-бірін тыңдап,тәрбиешінің сұрақтарына жауап беруге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Домалақ, бүлдірдің, теңтек, сындырып .

Қостілдік компонент: Домалақ - круглый, бүлдірдің – перевернул, теңтек – непослушный, сындырдың – сломал

Керекті құралдар: доптар, суреттер, қоян ойыншығы

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті





Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Шеңберге тұрып бір-бірімізге жақсы сөздер айтайық:

Қоршаған өмір әлемі,

Не деген көркем, әдемі!

Сол сұлулықты сақтайық, Мадақтайық, мақтайық!


Топқа есік қағып қоян кіреді. Қоянның қолында әдемі добы бар екенін айтады.

Дөңгелене кілемде тұрады.

Барлығы бір дауыспен:

Қоршаған өмір әлемі,

Не деген көркем, әдемі!

Сол сұлулықты сақтайық, Мадақтайық, мақтайық!


Мұқият тыңдап, қарап, қоянмен амандасады.





Ұйымдастыру- іздестіру

Әңгімелесу:

  • Балалар! Қараңдаршы, қоянның қолында не бар?

  • Дұрыс, бұл доп.

  • Қоян бізге сұрақ қояды, біз доп туралы тақпақ білеміз бе?

  • Қане, есімізге түсірейік, тақпақты айтып отырып көрсетейік:

Добым, добым, домалақ

Тоқтамайсың домалап.

Үстел үстің бүлдірдің,

Тәрелкені сындырдың.

Теңтек болып кеттің сен,

Тұрмын сені тепкім кеп.


  • Жарайсыңдар, балалар, ал енді доптармен ойнайық.

Сергіту сәті:

Топ бала, топ бала,

Ойнап тұр қуана.

Зымырап допты ала,

Қуады көп бала.



Сөздік жұмысын өткізуде сұрақтар қояды:

  • Жарайсыңдар, балалар, біз не туралы тақпақ айттық?

  • Доп қандай?

  • Домалап не істеді доп?


  • Доп қандай болды?

  • Тәрелкемен не болды?

Жарайсыңдар, ал енді орысша айтайық: домалақ - круглый, бүлдірдің – перевернул, теңтек – непослушный, сындырдың – сломал


Мұқият қарап, қызыға тыңдайды.

  • Қолында доп

  • Білеміз – деп жауап береді.

Тәрбиешімен бірге айтып қимылдарын көрсетеді:

Добым, добым, домалақ

Тоқтамайсың домалап.

Үстел үстің бүлдірдің,

Тәрелкені сындырдың.

Теңтек болып кеттің сен,

Тұрмын сені тепкім кеп.


Келіседі.


Сөздерді айтады, қоянға көрсетеді:

Топ бала, топ бала,

Ойнап тұр қуана.

Зымырап допты ала,

Қуады көп бала.


Сұрақтарға жауап береді:


  • Біз доп туралы айттық


  • Доп домалақ

  • Домалап үстел үстің білдірді

  • Доп теңтек болды

  • Тәрелкені сындырды

Орысша айтып түсінгенін білдіреді.




Рефлексивті- реттеушілік


Қорытындылау:

  • Қоянға қандай тақпақ оқыдық?

  • Қане тағы бір рет айтып берейік.

Рет-ретімен қайталатқызады.

Қоян басқа балаларға да доптарды апаруға жиналғанын хабарлайды. Қоянмен қоштасады.



Сұрақтарға жауап береді:

  • Қоянға доп туралы айттық.

Қайталайды.



Қоштасып, рахметін білдіреді.


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: доптың пішіні – дөңгелек, оның домалайтынын

Болу керек: доп жайлы толық түсініктері

Істей білу керек: тәрбиешінің қарапайым сұрақтарына жауап беруін, допты сипаттап, қос тілдік компонент сөздерді түсініп айтуын

Тәрбиеші: Асаинова Жанар Берикбаевна








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
983
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12