Материалдар / Менің көңілді добым
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Менің көңілді добым

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі мекемедегі балаларына арналған дене шынықтыру пәнінің оқу қызметі. Сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Шілде 2021
390
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім саласы: «Денсаулық»
Бөлімі:«Денешынықтыру»
Тақырыбы: Менің көңілді добым
Негізгі қимылдары: кедергілер арасынан жыланша жорғалап өту.
1,5 метр қашықтықтан ені 50 см қақпа арқылы допты домалату.

Мақсаты: «ирелеңдеп» еңбектеу дағдысын қалыптастыру.
Міндеттері: жыланша жорғалауға үйрету, еңбектеу кезінде кедергілерге тиіп кетпеу, ептілікті дамыту.Ені 50 см қақпадан допты домалатып өткізуді бекіту, допты қақпаның дәл ортасына домалатуды қалыптастыру, көзөлшемді жетілдіру. Ептілікті, кеңістікте бағдарын айқындауды дамыту, денешынықтыру жаттығуларын әдетке айналдыруға тәрбиелеу.
Ойын: «Үш аю».
Міндеті: үйлесімділік қабілетін жетілдіру, мәнерлеп қимылдауды үйрену.
Күтілетін нәтиже:
қайталайды: қолға арналған жаттығуларды жасап жүру, доппен орындалатын жаттығулар, допты домалату, релаксқа (дем алуға) арналған жаттығуларды;
түсінеді: доптың қолданылуын, допты қақпаның дәл ортасына домалату, допты домалатуды үш баладан орындауды;
қолданады: бір қатармен жүру мен жүгіру тәсілдерін, допты бар жігерімен
лақтыруды, алақаны мен тізесін тіреп төрттағандап еңбектей білуді.
Құрал-жабдықтар: бала санына есептелген доп, ені 50 см қақпа – 3 дана, модульдер – 8 дана.
Билингвалды компонент: сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания, аю – медведь.
ҰОҚ барысы:
І. Түрлі түсті доптар салынған себетке назар аудартады.
«Менің көңілді добым» атты тақпақты оқып береді, тақпақты оқығанда мәтін сөздерін доптың қимылымен көрсетеді.
Тізбекте бір-бірден жүру, жүгіру, қолға арналған тапсырмамен жүру.
Арақашықтықтың сақталуына, нұсқаулардың орындалуына назар аударады.
ІІ.Негізгі кезең.
Бір қатармен сапта жүру, жүгіру, жүргенде қолға арналған жаттығулар жасалады. Балалар арасындағы қашықтыққа, командалардың орындалуына көңіл аудартады.
Билингвалік компонент: сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания, аю – медведь.
Шеңбер бойымен тұрып доппен орындалатын ЖДЖ. (№1 қосымша, № 25 кешен).
Жаттығудың дұрыс орындалуына, дене бітімін тік ұстауға назар аударады.
Негізгі қимылдарды орындау:
І. Допты қақпа арқылы домалату
(ені – 50 см) 1,5 метр қашықтықтан, допты қақпаның тура ортасынан домалату, домалатқаннан кейін қақпадан өту.
Мәредегі сызықтан 1,5 метр қашықтыққа үш қақпа орналастырады.
2.Кедергілер арасынан «жыландай» жорғалап өту (бір-бірінен 1,5 метр қашықтықта орналасқан 4 модуль арқылы өту).
Залдың қарсы жағына кедергілерді «жыландай» айналып еңбектеп өту
Қимыл-қозғалыс ойыны:«Үш аю».
Аюлардың қимыл-қозғалыста-рының ерекшеліктеріне назар аудартады.
ІІІ. Қорытынды кезең (рефлексия). Релаксация
Кәне, балалар

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!