400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Менің көңілді добым» «Інжу-маржан» ІІ-кіші тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ, тақырыбы: «Менің көңілді добым», «Інжу-маржан» ІІ-кіші тобы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ



Күні: 10.07.18 ж.

Тобы: «Інжу-маржан»

Пән мұғалімі: Гайбуллаев Ш.

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлімі: Дене тәрбиесі

Тақырыбы: «Менің көңілді добым»

Мақсаты: Белгі бойынша тоқтай білуге жаттықтыру. Допты астынан екі қолмен алға (алысқа) еркін лақтыруды, домалатуды үйрету. Көтеріңкі кеңістікте тепе-теңдік сақтап жүруді бекіту.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: түрлі түсті доптар (диам 20-25 см), гимнастикалық орындық, ойыншықтар.





































Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Ұйымдастырушылық- оятушылық

Педагог төмендегі тапсырмаларды орындатады:



«Менің көңілді добым» адымдап, аяқты жоғары көтере, қолды еркін ұстап жүру (педагог балалардың арасында жүріп, қолмен қимыл жасап, «доптармен» ойнаған сынай көрсетеді). Бір аяқпен еденді тарсылдата, шоқырақтап, екі аяқпен секіре жүру.

Сап-тізбекте бірінің артынан бірі белгі бойынша тоқтап, арақашықтықты сақтап, бір-біріне соқтығыспай, бытырап (доптар жан-жаққа домалап кетті), шоқырақтап, секіре жүгіру. Белгі бойынша тоқтау. Балалардың өкшемен қатты тарсылдатпай, жеңіл секіруін қадағалау.



Өздігінен уқалау:

Қолымыз сабындадық, қолымызды жудық!

Таза су бетімізді аймалайды, тазалайды.

Сабынмен құлағымызды жудық,

Таза су бетімізді аймалайды, тазалайды.

Алақанымыз қандай?!









Педагогті мұқият тыңдайды, дұрыс орындауға тырысады.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Жалпы дамыту жаттығулары

Екі қатарға тұрғызып, жалпы дамыту жаттығуларын орындатады.

Жаттығудың жасалу ретін түсіндіріп тұрып көрсетеді.

Балаларға орындатады.

Балалардың дұрыс орындалуын қадағалайды.

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:

-Гимнастикалық орындық үстімен қолға зат ұстап жүру (биіктігі 30 см, ені 20 см);

-Допты астынан екі қолмен алға (алысқа) лақтыру, домалату



Қимылды ойын: «Адымдай жүр»


Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.







Педагогті мұқият тыңдайды, тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады.



Ойынға жаппай

қатысады.

Рефлекстік –түзету

Қорытынды бөлім.

Қимыл-қозғалыста аз ойын: «Тауып ал».




Ойынға жаппай

қатысады.




Күтілетін нәтиже:

Орындайды: гимнастикалық орындық үстімен қолға арналған қосымша тапсырманы орындай жүруді; допты жоғары лақтыру және оны қағып алуды.

Түсінеді:  жаттығулардың маңызын.

Қолданады: жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық, мұқияттылық тәрізді сапаларды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 наурыз
452
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі