Менің мамандығым - менің әлемім

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің мамандығым - менің әлемім

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің мамандығым - менің әлемім

Мақсаты: Оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, ватман, түрлі түсті қалам

Қатысушылар: 9 – сынып оқушылары мен ата – аналары

І. Кіріспе.

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа дайындау.

Тренинг. «Есімім және мамандығым»

Тренинг мақсаты: Өз есімін айта отырып, мамандығы жайында ақпарат беру (ата – ана) Оқушылардың ойынша есімдерін айта отырып, өз есіміне үйлесетін мамандықты айту.

ІІ. Негізгі бөлім

Мамандық таңдау өте жауапты және маңызды іс. Өйткені, мамандықты дұрыс таңдаған азамат рухани құндылықтарға ие болып, әртүрлі адамдармен араласуға үйренеді. Және бұл олардың мінезінің қалыптасуына әсер етеді. Адамның өз мамандыңына деген қарым – қатынасы негізінен өз ісіне деген сүйіспеншіліктен басталады. Болашақ мамандық таңдау кезінде үлкендердің көмегі қажет. Бірақ соңғы шешімді өздері қабылдағаны жөн.

Жіп қалам арқылы топпен сурет салу

Слайд (видеоролик)

Сұрақ-жауап

«Ми шабуылы» — ой қозғауы

Мамандық дегеніміз не?

Сендер болашақ мамандықтарыңды таңдадыңдар ма?

Қандай мамандықты таңдадыңдар?

Таңдаған мамандықтарың туралы не білесіңдер?

Егер ата – анаң қарсы болса не істейсің?

Мамандықты меңгеру үшін не қажет?

Бұл мамандықты еңбек ақысына қарап таңдадың ба, әлде қызықтың ба?

Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?

Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?

Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?

Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?

Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек?

Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

Таңдаған мамандықтарыңды ата –аналарың қолдай ма, әлде басқа мамандық туралы көп айта ма?

Келесі ата –аналарға сұрақ жауап

Балаңыз кім болғысы келеді?

Сіз балаңыздың таңдаған мамандығын толық қолдайсыз ба?

Пән таңдағанда ұстаз тарапынан қандай көмек сұрар едіңіз?

Балаңыздың қызығушылығын білесіз бе?

Балаңыз қай сабақты нашар меңгереді?

Балаңыз қай пәнді ынтамен орындайды?

Балаңыздың қандай өнері бар?

Сіз балаңыздың таңдаған мамандығын толық қолдайсыз ба?

Оқушылар қандай мамандық таңдасаңыздар да адамға қажетті нәрсе: өзін – өзі тану, өзінің қызығушылығын, қабілетін, ойын білу. Себебі, адам өзі туралы біген соң мамандық әлемімен танысады, өзінің сол маманға сай екенін бағамдайды.

Психологиялық сергіту сәтті « Жаңбыр ойыны»

«Әріпті мамандық» ойыны

Нұсқауы. Тренингке қатысушылар 3-4 топқа бөлінеді. Әр топқа бір әріптен беріледі. Әр топ өзара келісе отырып, сол әріптен басталатын мамандық аттарын жинақтап жазып, ауызша атап шығулары керек. Сонымен қатар, өздері тапқан мамандықтарының қыр — сырын айту керек.

Мысалы:

І топ: «А», ІІ топ: «К», ІІІ топ: «Ж», ІІІ І топ: «Б».

«Өмір дөңгелегі» ойынын ойнау

Мақсаты: Өмір дөңгелегін бір қалыпта айналдыру үшін дөңгелекті сегізге бөліп, сегіз түрлі балл беру керек.

Мамандықты таңдаудағы факторларды сегіз бөлікке бөліп жазу.

Кері байланыс: Бүгінгі тренинг сабақтан алған әсерлеріңізді, ойларыңызды айтып құмыраны мына гүлдермен әрлеп көрсетіңіздер

Қорытынды: Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспіз.

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.05.2024
290
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі