Материалдар / "Менің мамандығым - менің таңдауым"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Менің мамандығым - менің таңдауым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ұстаздық жолды таңдаған жас ұстаздар қауымының өз мамандықтарына деген сүйіспеншілік пен құрметтерін арттыруға себеп болар деген ойдамын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2019
1280
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Менің мамандығым – менің таңдауым



Егер өмір алтын болса, зергері – мұғалім,
Егер өмір теңіз болса, гауһары – мұғалім.
Егер өмір жүзік болса, көзі – мұғалім,
Егер өмір ақын болса, сөзі – мұғалім
.

Шухрат


Әрбір бала – ақ парақ. Сол парақтың бетіне шимайламай, тап-таза етіп, әсем түрде жазу жаза білу мен қалаған мамандықтың ғажайып тылсым сыры.
Бұл қандай мамандық? Болашақта қандай мамандықты таңдасам? Осы бір сұрақ өмірге келіп, сана-сезімі жетілген әрбір адамды толғандырары сөзсіз. Бір кездері мен де осы бір сұрақтың жетегінде көп ойланып, толғанып, қиялдап, өзім қалайтын, өзім сүйіп айналысатын істі таңдау жетегінде жүрдім. Ақырында осы бір сұраққа жауап та таптым. Ол әлем – балалар әлемі – жас жеткіншектер ортасы.

Мұғалім, ол кім? Мұғалім - өзінің бар адами болмысымен жасөспірімдерге білім беруші, үлгі-өнеге көрсетуші ұстаз. Мұғалім – баланың екінші анасы, әкесі. Мұғалім – ұлттық дәстүр мен өнерді өз бойына сіңіре жүріп, балалардың бойына дарытушы өнерпаз жан. Міне, осыншама жақсылық атаулыны жүрегіне, ақылына, санасына шоғырландыра алатын ізгі жан иесі тәлімгер мамандығын таңдауымның басты себептері осындай. Себебі, мен адамдарға жақсылық жасағанды, өзім оқып, үйрене жүріп үйреткенді бар жан-дүниеммен қаладым.

Мұғалім - баланың жеке тұлғасын қалыптастырушысы, маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындырушы басты тұлға.

Мұғалім еңбегінің ерекшілігі неде? Мұғалім - өскелең ұрпақты саналы етіп тәрбиелеп, оны болашаққа бағыттаушы, байланыстырушы. Мұғалім ең қиын әрі аса жауапты қызметті атқарады. Қоғам мұғалімге ең жауапты тапсырма жүктейді. Ұстаз еңбегі үнемі жаңарып, шығармашылыққа бағытталып, тиімді болуы тиіс. Ұстаз бүгінге емес, болашаққа қызмет ететін мемлекет қызметкері. Ол заман дамуынан артта қалмастан, өзін-өзі жан-жақты дамытып, ғылыми-теориялық білімін және педагогтық мамандығын үнемі жетілдіріп отыруға талаптанады.

Ұстаздық жұмыс өте ауыр жүк. Себебі, әр отбасында шыр етіп дүниеге келген баланы өмір сүруге дайындау. Бұл - қиынның қиыны. Әр бала - қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі - өзінше бір әлем. Ал ұстаз осы әлемді шартарапқа жетелеуші. Ұстаз – бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі. Мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, ал екіншіден, үнемі шәкірттермен қарым-қатынаста болып, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Сондықтан осы мамандық иесі болу үшін үздіксіз талмай жұмыс істеу қажет екенін түсінемін.

Мұғалім болашақ ұрпақтың бағбаны, келешектің кемелдендірушісі, баланың бойына біліммен бірге тәрбие сіңіруші, жанына жарық сәуле сеуіп, көкірегін нұрландырушы.

Ұстаздың ұстаз болып танылуы үшін оған ең алдымен үлкен білім мен біліктілік қажет. Сондықтан да мен үнемі талмай, еңбек етіп, жаңалықтарға ұмтылып жастарға қажеттіліктерін қанағаттандыратын білім беруге ұмтылып келемін әрі ұмтыла бермекпін де.

Жақсы мұғалім болу үшін не қажет? Ең алдымен терең білім, еңбек, дәлдік, ұқыптылық, бастамашылдық, қойған мақсатына жетуге деген өз күшіне сенімділік. Бұл қасиеттер кез-келген мамандық иесіне тән емес пе? Әрине солай. Ал, заманауи мұғалім болу үшін бұдан да гөрі зор қасиеттерді талап ететінін еңбек ету барысында сезініп, білудемін. Белгілі педагог К.Ушинскийдің «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана-мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады»- деген пікірін ұстанып, қазір мен еңбек ете жүріп, әрбір күн сайын тың бастамаларды іздеп, білімім мен білігімді шыңдап, іздену үстіндемін. Бұл мен үшін өмір мектебі.

Қоғам дамуының қозғаушы күші – адам. Яғни қоғамдағы жетістіктер бірінші кезекте адамдардың интеллектуалдық белсенділігіне байланысты, тәуелді. Сол үшін де осы жаһандану дәуірінде бәсекелестікке шыдай алатын, өз мамандығын жетік меңгерген, бастаған ісін орындауға табандылық көрсете алатын, мемлекеттің тірегі бола алатындай тұлғаларды қалыптастыру оқу орындарының алдына қойған басты міндеттерінің бірі екені даусыз.

Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың” деген халық сөзіне сүйене отырып, әрбір оқушыны жеке тұлға деп танып, ғылыми, рухани мұраларды игерген, шығармашылық ой – өрісі бар, мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу бүгінгі күннің ең негізгі мақсаттарының бірі деп ойлаймын.

«Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі»,- деген қазақтың кемеңгер ақыны М. Жұмабаев. Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі жарқынырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Демек, қай елдің болсын өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы білім саласының даму бағытына тікелей байланысты. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»,- дегені бәрімізге мәлім. Еліміз өркениетті елдер қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл – ұстаздар еңбегінің жемісі. Олай дейтінім ақынды да, батырды да, алыпты да, дананы да, тіпті баланы да ұстаздар тәрбиелейді. Мұғалімі қандай болса, қоғамы да сондай болмақ делінген бұлжымас заңдылық ерте уақыттардың өзінде-ақ белгілі болды.

Мен – ұстазбын, мен – мұғаліммін, мен – зерттеушімін, мен жас ұрпақты келешекке жетелеп апаратын – тәрбиешімін. Өзім қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімімін, сонымен қатар топ жетекшісі ретінде бала тәрбиесіне тікелей араласып келемін. Мен, топ жетекші, алдымда отырған жас жеткіншектерден ертеңгі күні білімді, адамгершілігі мол, қоғамымызды өркендетуге қабілеті мен қарымы жететін азамат, жеке тұлға тәрбиелеу үшін, оларды өз бетімен білімді алуға, терең ойлап, ойын дұрыс жеткізе білуге үйретуге тырысудамын. Мектеп, оқушылар, ата-аналар менің бар байлығым. Ұстаз – жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы. Қазіргі қоғамда оқу-тәрбие жұмысын жүргізуші маман педагог ұстаз деп аталады. Үлгілі, өнегелі, өмір тәжірибесі бай адам ғана ұстаз бола алады.
Менің қызмет жолындағы педагогикалық ұстанымым – ел есінде бір жыл қалғың келсе – ас бер, он жыл қалғың келсе – ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе – бала тәрбиеле. Мен үшін ең қастерлі де, қасиетті мамандық ол – ұстаздық. Адамзат баласының алтын тәжі, асылы – Пайғамбарымыз Мұхаммед с.г.с хадис шарифінде былай дейді: «Адам баласының бойында бір кесек ет бар, егер сол ет дұрыс болса, сол адам дұрыс болғаны, ал егер сол ет дұрыс болмаса онда барлық дене бүлінеді».

Халқымыздың көне заманнан келе жатқан «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналық сөзін де ұмытпауымыз керек. Мұғалім аса сезімтал, ерекше жанашыр, мықты шыдамды болуы арқылы шәкіртін өнегелі, жаһандану ағысына қарсы тұра алатын, ұлттық құндылықтарын қастерлей білетін салауатты ұрпақ етіп қалыптастыра алады. Мен болашақта алдымдағы әрбір шәкіртімнің талабын ұштап, таланын ашып, өзін-өзі тануына, қабілетін жетілдіруіне бар мүмкіндігімді жұмсаймын. Мұғалім ретінде толық адамға айналар тұлғаға жол көрсетер жан болғаныма қуанамын.

Сондықтан мен өз мамандығымның қоғамға қажеттілігін сезіне отырып, ерекше жақсы көремін және жақсы мұғалім болу үшін барлық ерік - жігерімді сарп етуге әзірмін.


Абжанов Азамат Жарылғапұлы

Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің

қазақ тілі және әдебиет пәні оқытушысы

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!