400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің мамандығым – тәрбиеші!

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиеші болу үшін, тәрбиеленген болуың керек. С.А.Макаренко
Материалдың қысқаша нұсқасы


МҚКК «Айналайын» балабақшасы











Shape1



Менің

мамандығым – тәрбиеші!



















Тәрбиеші:Касымова Г.Б.























Аққулы 2019ж

Менің

мамандығым – тәрбиеші!

Тәрбиеші болу үшін,

тәрбиеленген болуың керек. 
С.А.Макаренко


Адамның өмірінде болашағына жол сілтейтін бір маңызды шешім қабылдайды. Бұл – кәсіпті таңдау. Кейбір жоғарғы оқу орнын бітірушілер кәсіби бағыт беретін саланы таңдайды, ал мен «Тәрбиеші» мамандығын таңдадым.

Тәрбиешінің жұмысың жеңіл деп айтуға болмайды. Бұл тынымсыз күнделікті жұмыс, менің мойынымда кішкентай баланы тәрбиелеу үшін үлкен жауапкершілік жатады. Мен дұрыс мамандық таңдағанымды білемін.

Балалардың жарқың жүздері, күлкісі, ата аналардың ризашылығы соның белгісі.

Біздің мамандық басқа мамандық сияқты емес, махаббатпен қоршалған,шынайы махаббатқа толы. Мен балалардың анасындай ,оларды жақсы көремін. Әр істеріне , сөздеріне түсінушілікпен қараймын.

Әр бала балабақшаға келгенде, өз үйіндегідей жылулықты сезініп, өзін еркін ұстап ,балабақшаны өзінің екінші үйіндей санаса ол тәрбиешінің зор еңбегі.

Мен Павлодар облысы, Аққулы ауданы, Аққулы ауылы, МҚКК «Айналайын» балабақшасында тәрбиеші болып жұмыс істеймін. Жұмыс орыным туралы өлең арқылы айтайың.

Балабақшам базарлы үй

Қаладағы ажарлы үй

Күлкісі бар шуақты,

Өз үйіміз сияқты!

Мен өз мамандығымды жақсы көремін, өйткені балалармен өсіп , жетіліп олармен бірге бақытты балалық шақты бастан кешемін.Менің нақты білерім мен дұрыс тандау жасадым.

«Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы», дейді ғұлама А.Құнанбаев атамыз. Мен балабақшада тәрбиеші болғаныма көп уақыт болған жоқ. Бұл еңбектен жалықпаймын деп сенемін. Ұжымымның өмірінде таңғажайып қызықтар бастан өтіп жатады.Бірақ,бәрінен де жарқ етіп,есте қалғаны-біздің бірінші кездесуіміз. Балабақша есігін ашқанымда- «Бақытты балалық шақ» әлеміне түскенімді түсіндім және жазушы Фариза Оңғарсынованың өлең жолдары соған дәлел.

Тәрбиеші

Ән салғызып, билетіп, ылғи бізбен жүреді.

Тақпақты да үйретіп, ойната да біледі.

Қызық-қызық ертегілер біздерге оқып береді.

Жылауық та, тентек те сол апайға көнеді

Бастап бізді далаға, серуенге де шығады.

Біз шомылсақ жағада байқап өзі тұрады.

Кішкентаймыз әлі біз, үлкендерге сенеміз.

Бұл тәтені бәріміз сыйлап, жақсы көреміз.

Естіп кейде қаламын, тәрбиеші апайды

"Қамқоршысы баланың" деп ауылда атайды

Әр мамандықтың өз қиындығы,өз қызығы бар. Тәрбиешінің жұмысы күрделі де, қызықты да. Шынын айтсам,кейде жұмыстан соң үйге келгенде, қатты шаршағанымды сеземін.Бірақ сол өткізген күнді талдай отырып,балаларымның маған деген ықыласын,маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарын бір сәт еске түсірсем, шаршағаным ұмытылып та кетеді.

Мен, әрі суретші, әрі әртіс, әрі баланың жан дүниесін түсіне алатын маман ретінде балаларымды тәрбиелеуге халқымның бұрыннан келе жатқан құндылықтарды бойына сіңіріп, ойына ұялатуға тырысамын.

Балалармен жұмыс жасау-үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала, еш нәрсеге де алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақаның қойып, өз құпияларын айтып, маған сенім артады. Пәк көңіл балаларымен ара-қатынас маған қуаныш,шаттық сыйлайды, себебі мен оларға, олар маған керектігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы-әр тәрбиешінің бақыты деп ойлаймын.

Көрнекті тұлға Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» деген екен. Балабақша тәрбиешілері қай кезеңде болсын ертеңгі елім деп еңірейтін ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде. 

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24.03.2019
394
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі