400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Менің мамандығымның ерекшелігі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша қызметкерлеріне әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Менің мамандығымның ерекшелігі»

Бір басына сан сырлы,сан қилы құндылықтарды жинап,жанарларға сыр ұға қарайтын,тек қана жылу сыйлауды басты мақсат санайтын психолог болу ғажап-ақ.Адамның тұтыну құралдарының дамуы артқанымен адам бойындағы асыл қасиеттер азайып бара жатыр.Қым қуат тірлікпен арпалысып жүріп жанына рухани қуат іздеген заманда ,жаратушы он сегіз ғаламды жаратса ,сол ғаламдағы ғажайыптарды түсіну ерекше мамандық иесі психологтың маңдайына жазылган.Психологпен әңгімелесу сананы сілкіндіріп ,тума көздерін ашары бүгінгі күннің шындығы.Психолог –басқа адамның мәселесіне еніп ,түсіне отырып ,өзі бұдан зардап шекпейтін мықты тұлға.Қазақтың «Тән ауруы жазылар ,жан ауруы жазылмайды деген сөзінде үлкен мән мағына бар.Тән ауруын бүгінде дәрігердің шипасы емдесе ,жан ауруын психолог маманы емдей алады.Әр баланың жүрегіндегі ойды танып,дұрыс жолды сілтей білу адамнан тек мамандықты талап етпейді, адамға деген оның ішінде балалар психологына балаға деген мейірім мен ізгіліктен туындайды.Психологтың әр жанға көрсетер өнеге үлгісі ,сергек сезімі,жарқын жүзі ,адамға дұрыс бағыт берер бағдары бар..Мен мамандығымды қайталанбас ерекше қызық та, қиын мамандық дер едім.Бүгінгі таңда «психология» мамандығы ең танымал мамандықтардың үздік бестігіне кіреді..Психолог балаға өмірдің қымбаттылығын жеткізетін .бақытты алаңсыз өмір сүруіне жағдай жасайтын адам.Бала өміріне қолдау жасау келешекте өз жемісін береді.Қай ұжымда болсын ,психолог маманға жүктелер міндет жауапкершілігімен маңызды.Ұжым мүшелерінің тұлғалық сапасы мен ерекшелігіне құқығына абыройы мен намысына нұхсан келтірместен көздеген мақсатына бағыттай білу шеберлікті қажет етеді.Ал шеберлік тәжирбелер арқылы қалыптасады.Психолог маман топтағы балалармен ғана емес,ересектермен немесе педагогикалық ұжымның әр мүшесімен мәдени қарым-қатынаста болып ,олардың пікірін бағалауға іс-әрекеттерін қатыстыруға ,сенімін нығайтуға ,талдап –талқылауға ,саралауға тікелей ұйтқы болып ,тұлғалық мүмкіндіктерін ашады. Баланы бүгінгі күнде еш нәрсемен қызықтыра алмайсын.Бірақ ақпарат құралдарымен қаруланған олар ересек адамдарданда көп біледі.Сол білгендерін өзгелермен бөлісуге құштарланады.Осы кезде оны теріс бағытқа сілтеп жіберсе ,бұл жайт болашақта өкініші кетпес оқиғаларға соқтыруы мүмкін.Ал тоқтаусыз тіршілікпен арпалысып жүрген ата-ананың балаға қарауға мұршасыда келе бермесі анық.Психолог маман бұл тұрғыда жас өскіннің өсіп жетілуіне ,оның көк тіреген дараға айналуына септігін тигізер бағбан іспеттес.



«Баланы бұзуға ,түзеуге себеп болатын бір шарт-жас күнде көрген өнеге» деген Жүсіппек Аймауытовтың сөзін есімізге түсірсек.Мен психологты жәрдемші сырлас,жанашыр,тілекші дос деп айтар едім. «Ағаш түзу өсу үшін көшет кезінде көмектесуге болады,ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсын»деген халық сөзіне сүйенер болсақ ,әрбір баланы жеке тұлға деп танып ғылыми рухани мұраларды игерген ,шығармашылық ой-өрісі бар сауаттылығы мен ақпараттың мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу бүгінгі күннің ең негізгі мақсаттарының бірі деп ойлаймын.Алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану оның жүрегіне ,жан дүниесіне жол таба білу біздердің психологтардың бұлжымас борышы.Мен үшін баланың қызығушылығы ,бейім –қабілеті және басқада психологиялық ерекшеліктері үнемі басты орында .Мен күнделікті жұмысым арқылы балалардың психологиясын зерделей отырып ,олардың жат қылықтың жетегіне ермес үшін алдын –алу жұмыстарын жүргіземін.Кез келген психологиялық жұмыстар жүргізу барысында мен әр баланың жүрек түкпірінде жатқан сезімдеріне үңілуге тырысамын .Гүлдің сусырап шөлдейтіні сияқты бала да ынта ықыласқа шөлдейді.Өйткені балаға бар жағдайды жасаудан басқа ,мейірім жылуы ,қамқорлығы қажет.Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты психологтардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі арта түсуде.Әрбір психолог қарым-қатынас жасауда түрлі тәсілдерді ,қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып ,баланың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса ата-ананың балабақшаға психологқа деген көзқарасы өзгерер еді.Баламен қарым-қатынас нәтижесінде адамгершілік эстетикалық үлгілер қалыптасады.Баланың қабілетін ,дарынын көруге ынтызар адам ол психолог .Адамның әр түрлі қабілеті мен таланты іштен тумайтыны жайлы ақын С.Торайғыров өз пікірінде айтқан болатын.Кезі келгенде психолог баланың сырласы ,дарынын көре алатын және аша алатын ынтызар адам.Әр жанға көрсетер өнеге үлгісі ,жарқын жүзі ,сергек сезімі ,адамға бағыт бағдар беретін адам ол- психолог .Абай атамыздың «Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла» –деп айтқанындай тұлғаның жұмбақ сырын ,жүректің кілтін табу осы мамандықтықтың ерекше ғажайып тылсым сыры.Психология мамандығының беделінің артуына –болашақ психолог мамандарының өз білімдері мен біліктерін қолдана алатын салалардың күннен күнге артып ,кеңейе түсуі әсер етсе керек .Психолог маманы адам жанын түсініп қана қоймай оларды дұрыс жолға салуда және тәрбиелеуде игілікті істерге қол жеткізеді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 қараша
320
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі