Менің мамандықтағы алғашқы қадамым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің мамандықтағы алғашқы қадамым

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің мамандықтағы алғашқы қадамым
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің мамандықтағы алғашқы қадамым

Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Әр адам өмірде бір мамандықтың иесі болуы тиіс. Ол үшін көп еңбектену керек. Ең алдымен адам өз мамандығының қыр – сырын үйренуге міндетті. Қазақстан Республикасының азаматы болғандықтан, еліме қызмет етіп, елімнің дамуына, көркейуіне өз үлесімді қосқым келді. Ең қастерлі, қасиетті мамандық – ұстаздық деп түсінем.

Осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықты мен де таңдадым. Ұстаз болу – бала кезімнен арманым еді. Отбасымыздағы 35 жыл бойы ұстаздық жолында келе жатқан ата-анамның қасиеті маған дарыған болса керек.

Әрине, бұрынғы қазақ даласындағы ағартушылық қызмет балаға жазу-сызу, оқуды үйретуге ғана саятын болса, бүгінгі таңдағы білім беру саясы мүлде басқаша. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді.

Ал ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет.

Информатика пәні жас ғылымдардың бірі болып келеді. Информатика қазіргі әлемде маңызды пәнге айналды, онда технология біздің өміріміздің балық аспектілеріне маңызды пәнге айналады, Нәтижесінде мектептерде информатиканы оқыту қажеттілігі барған сайын маңызды бола түсуде. Мектепте информатиканы оқыту оқушыларға қажетті техникалық дағдыларды беріпқана қоймайды, сонымен қатар олардың проблемаларды шешу қабілеттері мен сыни ойлауды дамытуға көмектеседі.

Жаңашыл педагог – заманауи технологияларды еркін меңгерген, теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруда кәсіби білік пен дағдыға ие болуы шарт. Себебі, ол әрбір білім алушының зияткерлік, рухани және шығармашылық қасиеттерін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.

Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр – сырын анықтап, мүмкіншіліктерімен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет.

Ертеңгі келер күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән.

2019 жылы 27 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» Заңға қол қойды. Бұл Заң ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша әзірленген. Мұғалімнің мерейін өсіріп, мәртебесін көтеруге бағытталған Заңның қабылдануының өзіндік мақсат міндеті бар. «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының мақсаты- педагогтердің мәртебесін арттыру, жүктемесін азайту, оларды жосықсыз тексерулерден және өздеріне тән емес функциялардан қорғау, ынталандыру бойынша өзге де мәселелерді заңнамалық деңгейде шешу. Бұдан басқа, Заңда педагогтердің құқықтары мен міндеттері қарастырылған, сондай-ақ педагогикалық қызметке рұқсат беру талаптары белгіленген.

«Педагог мәртебесі туралы» Заң педагогтерге серпіліс әкелді. Педагогтердің құқы арнайы заңмен қорғалатын болды деген ақпарат педагогтардың қоғам алдындағы еңсесін бір көтеріп тастағаны анық. Ал заңда көрсетілген педгогтың құқығы «Білім туралы заңда», «Еңбек кодексінде», т.б. заңдарда да бұрыннан бар болатын. «Педагог мәртебесі туралы» Заң да осы заңдар қатарында жатып қалмауы үшін педагог өз құқығын заңмен қорғай білуі маңызды.

ХХІ ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономиялық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу – әр ұстаздың міндеті. Ұстаз – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Оның негізгі басты мақсаты – рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол жаңа заман адамын қалыптастыру болып табылады.

Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет - білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын жаңашыл мұғалімдерді даярлау. «Жаңашыл мұғалімдер «педагогикалық қызметтің барлық түрлерін зерттеп, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үдерістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңашыл әрі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға болуы керек».

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді.

Қоғамдағы ұстаз беделі заңға ғана байланысты көтерілмейді. Мұғалімнің негізгі міндеті, ең құнды әрі маңызды мәселе – қазіргі кездегі жаңа оқыту мен тәрбиелеу технологияларын меңгеріп, өз кәсібін әрі қарай дамыту. Ұстаз мәртебесін көтеретін – сол ұстаздың өзі. Қазіргі қоғамда кәсіби жақтан жоғары білікті, өзінің шығармашылығы мен біліктілігін үнемі көтеріп отыратын, заман талабына сай, құзіретті, жаңалыққа жақын жаңашыл ұстаз ғана қоғамда жоғары мәртебеге ие болып, беделі артатындығын өмір өзі дәлелдеп отыр.

Мен әрдайым ізденіс үстіндемін – тек шығармашыл мұғалім шәкіртін өз жылуымен баурай алады. Өз білім алушыларымен бірге әлемді жаңа қырынан тану мүмкіндігіне ие болғаныма ризамын. Білім алушыларға сабағым ұнағанда, олардан нәтижелі жұмыс көргенде еңбегімнің еш кетпегенімді сезінем. Мамандығымды дұрыс таңдағаныма күмән келтірмеймін.

Жаңа технологияларды білуге деген құштарлық мектепте информатика пәнінен басталады және оқушылардың қызығушылығын оятуда информатика пәнінің мұғалімі өз білімін үнемі жетілдіріп, заманауи талаптарға сәйкес алға жылжуы керек деп санаймын.

Бұл қасиеттерді болашақта өз бойымнан табылады деп сенемін!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.05.2024
276
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі