жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Менің мектебім" 5-сынып
|
Мектеп: №113 Әл-Фараби атындағы жом |
|||||
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: ІІ тарау Мектеп өмірі.Әдепті бала-арлы бала
Сабақ тақырыбы: Менің мектебім
|
|||||
|
Күні: |
Мұғалімнің есімі: Юлдашева Н
|
||||
|
Сынып:5 |
Қатысқандар саны |
Қатыспағандар саны
|
|||
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
|
5.1.2.1 -Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау. 5.2.5.1-Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру,шағын диалогке қатысу 5.5.1.1-Мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу, жалғау түрлерін дұрыс жалғау |
||||
|
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар: Мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.Жалпы және жалқы есімдерді ажырата алады, жалғау түрлерін біледі. Оқушылардың басым бөлігі: Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтай алады, жалпы және жалқы есімдерді қатыстырып диалогке түседі. Тапсырмаларды орындауда жалғау түрлерін орынды қолдана алады. Кейбір оқушылар:Тыңдалған мәтін мен өз мектебін салыстыру жасай алады, тақырыпқа сай шағын диалог құрастырады.Берілген сұрақтарға жалпы және жалқы есімдерді қатыстырып,жалғау түрлерін дұрыс жалғап, өз ойын дәлелді түрде жеткізе алады. |
||||
|
Бағалау критерийлері: (жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)
|
Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді,нақты ақпаратты анықтайды. Берілген сұрақты дұрыс түсініп,лайықты жауап береді, шағын диалогке қатысады. Мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата біледі, жалғау түрлерін дұрыс жалғай алады. |
||||
|
Тілдік мақсаттар |
Тілдік дағдылар: тыңдалым,айтылым
|
||||
|
Терминология: дәліз,сөрелер,жиһаз,кілемше,ғимарат,қабат,еден
|
|||||
|
Сөз тіркестері: мектеп шәкірттері,үйірмелерге қатысу, мектеп формасы,мәжіліс залы,оқу кабинеттері, мұғалім бөлмесі |
|||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Зайырлы қоғам және жоғары руханият: Бірлік пен ынтымақтастықты сақтауға, бірлесе еңбектенуге баулу. Жастарды өмір бойы білім алуға тәрбиелеу |
||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Өзін-өзі тану пәнімен байланыстырып,мектеп туралы білімдерін кеңейту Өзбек тілі пәнімен байланыстыра отырып, жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу Әдебиет пәнімен байланыстылығы-мектеп туралы мақал-мәтелдерді айту |
||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақтаны суреттер мен бейнетаспаны көрсету үшін пайдаландым. |
||||
|
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім |
Мектеп туралы ұғым қалыптасқан, тақырыпқа байланысты сөздер мен сөз тіркестерін біледі.Жалпы және жалқы есімдерді,жалғау түрлерін біледі. |
||||
|
Жоспар |
|||||
|
Жоспарланған уақыт 40 минут |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
|||
|
Басталуы 4 минут 8 минут |
І.Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу Психологиялық ахуалды қалыптастыру «Жылы лебіз» әдісі арқылы оқушылар шеңбер құрып,бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Топқа бөлу: Мектепке байланысты үш түрлі суретті таңдау арқылы үш топқа бөлінеді.
«Білім» тобы «Тәрбие»тобы «Ақыл» тобы Әр топ өз тобына берілген атауды қорғап,ол ұғым жайлы қалай түсінетіндігі туралы айтады. «Еркін микрафон» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтау 1.Адамдардың бір-біріне құрмет көрсетуі қалай аталады? 2.Кішілер үлкендерге қалай құрмет көрсетеді? 3.Үлкендер кішілерге қандай үлгі көрсетеді? 4.Жақсы тәрбиенің белгісі не? 5.Үлкен кісілер кімге бата береді? 6.Үлкендерге қалай көмектесесіңдер? Дескриптор: 1.Өткен тақырып бойынша берілген сұрақтарды түсінеді. 2.Берілген сұрақтарға жауап береді. 3. Өз ойын нақты дәлелдеп жеткізеді. Кері байланыс беру ҚБ/ Күлегештер арқылы бағалау Өте жақсы-берілген тапсырманы өте жақсы жауап берген оқушыларды бағалау Жақсы-берілген тапсырмаға жақсы жауап берген оқушыларды бағалау Қанағат-берілген тапсырманы толық емес жауап берген оқушыларды бағалау
|
Интербелсенді тақта
«5 әдістен»- «50 әдіске» |
|||
|
Ортасы 20 минут |
Қызығушылықты ояту Таныстырылым «Болжау» стратегиясы бойынша мектеп туралы интербелсенді тақтадан көрсетілетін бейнетаспадан мектеп туралы қызықты мәліметтер көрсетіледі. Оқушылар жаңа тақырыпқа болжау жасайды. Әр топтан бір оқушы мектеп туралы ұғымды қалай түсінетіндігі жөнінде пікір айтады. Ой шақыру сұрақтары: 1.Бейнежазба не үшін көрсетілді деп ойлайсыңдар? 2.Бұл бейнежазбаның біздің сабаққа қаншалықты қатысы бар? Оқушылар көрген бейнежазбаның негізінде жаңа сабақтың тақырыбы анықталады. Оқушыларға мектеп туралы толық мәлімет айтып өтемін. Айтылым Тілдік бағдар Жұптық жұмыс 1-тапсырма. «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы берілген сурет бойынша жалпы және жалқы есімдерді қатыстырып,шағын диалог құра.
Дескриптор: 1.Суреттің мағынасын түсінеді. 2.Диалог ішіне жалпы және жалқы есімдерді қолданады. 3.Суреттің мағынасын түсіне отырып,шағын диалог құрады.
Кері байланыс беру ҚБ/ Жұлдызшаларды түстеріне қарай бағалау
Тыңдалым. Топтық жұмыс 2-тапсырма. «Ойлан,бірік,бөліс» әдісі арқылы мәтіннің негізгі мазмұнын аудиотаспа арқылы тыңдап, нақты ақпаратты анықтайды.Топтар бір-біріне ойларын ортаға салады. Үш топқа үш түрлі тапсырмалар беріледі. 1-топ. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіндіріп беру. 2-топ. Мектеп туралы 3 мақал-мәтел айту және мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріп беру.
3-топ. «Венн диаграммасы» арқылы мәтінде сипатталған мектеп пен өз мектептеріңді салыстырып айту.
Менің мектебім Менің отбасым биыл қалаға көшіп келді.Мені анам үйдің қасындағы мектепке оқуға берді.Менің мектебім орталықта орналасқан әрі үйге жақын.Мектебіміз жаңа,биік.Ол қызғылт кірпіштен салынған.Ол-үш қабатты,әдемі ғимарат.Мектептің маңдайшасына Ыбырай атамыздың «Кел,балалар,оқылық!»деген сөзі ілінген.Ол алыстан көрініп тұрады. Мектептің бірінші қабатында асхана,спортзал,мәжіліс залы, кітапхана,киім ілетін жер және мұғалімдер бөлмесі бар. Екінші,үшінші қабаттарда оқу кабинеттері орналасқан.Кабинеттер жарық,әрі кең.Терезелері үлкен.Терезеден тау көрініп тұрады. Кабинеттердегі жиһаздар жаңа үлгіде жабдықталған.Шкафтағы сөрелерде көп кітап бар.Дәліздері таза әрі жарық.Еденге ұзын,күлгін түсті кілемшелер төселген. Мектеп ауласында шырша,қарағай,емен ағаштары өсіп тұр.Айналада неше түрлі гүлдер бар.Мектепте балаларға сабақ оқу үшін барлық жағдай жасалған.Маған мектеп ұнады.Мен қаланың мектебіне тез үйрендім. Дескриптор: 1.Мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді және нақты ақпаратты анықтай алады. 2.Мектеп туралы мақал-мәтелдерді айтып түсіндіреді. 3.Берілген мәтіндегі мектеп пен өз мектебін салыстыра отырып, «Венн диаграммасын» толтырады.
Кері байланыс беру ҚБ/ «Қошемет» арқылы бағалау Оқушылардың жауап беру ерекшелігіне қарай 3,2,1 шапалақтап бағалау
Айтылым Тілдік бағдар Топтық жұмыс 3-тапсырма. «Салыстыру» әдісі арқылы әр топ бұрынғы нұсқадағы мектеп пен қазіргі кездегі мектептерді суретке қарап салыстыра отырып,бес сөйлеммен дәлел келтіру. Сөйлем құрауда жалғаулардың жалғану ерекшеліктерін ескеру. Жалпы және жалқы есімдерді қолдану.
Дескриптор:
Кері байланыс беру ҚБ/ «Бас бармақ» арқылы бағалау. Тамаша-барлығы түсінікті Жаман емес-айтуы орташа Нашар-тақырыпты аша алмады
|
АКТ
Сабақ тиімділігін арттыратын 370 әдіс Б.К.Умиралиева З.А.Сапарбаева Қазақ тілі 5- сынып оқулық Бәйшешек «Көкжиек» баспасы І бөлім Сабақ тиімділігін арттыратын 370 әдіс Б.К.Умиралиева З.А.Сапарбаева АКТ
Қазақ тілі 5- сынып оқулық Бәйшешек «Көкжиек» баспасы І бөлім Сабақ тиімділігін арттыратын 370 әдіс Б.К.Умиралиева З.А.Сапарбаева |
|||
|
Аяқталуы 8 минут |
Айтылым Тілдік бағдар Жеке жұмыс 4-тапсырма. «Шеңбердегі доп» әдісі арқылы оқушылар шеңберлене отырып,бір-біріне кішкене допты лақтырады.Доп қолына тиген оқушы интербелсені тақтада көретілген сөз бен сөз тіркестері арқылы жалпы және жалқы есімдерді,жалғау түрлерін дұрыс қолданып, бір сөйлем айтады. Сөз тіркестері: мектеп ережесі,мектеп шәкірттері, ішкі тәртіп, мұғалімдер бөлмесі,кітапхана,асхана,әдемі ғимарат, білім, спортзал,мәжіліс залы,мектеп ауласы,балалар,үйірмелерге қатысу, қабат,сабақ Дескриптор: 1.Сөз тіркестерін қолданып сөйлем құрай алады. 2.Сөйлем ішінде жалпы және жалқы есімдерді қолданады. 3.Сөйлем ішінде жалғау түрлерін дұрыс қолданады. Кері байланыс беру ҚБ/ «Фигуралар» арқылы бағалау Нашар жауап берген оқушыларға үш бұрышпен бағалаймын. Айтуы орташа оқушыларға төртбұрышпен бағалаймын. Өте дұрыс жауап берген оқушыларға дөңгелекпен бағалаймын.
Кері байланыс:Білім қоржыны Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып,қоржындарға жабыстырады.
Үй тапсырмасы: Жалпы және жалқы есімдерді қатыстырып,«Менің арманымдағы мектеп » тақырыбына шағын мәтін құрастыру. Дескриптор: 1. «Менің арманымдағы мектеп» тақырыбына мәтін құрастырады. 2.Мәтін ішінен жалпы және жалқы есімдерді пайдаланады. 3.Мәтінде жалғау түрлерін дұрыс жалғайды. |
Сабақ тиімділігін арттыратын 370 әдіс Б.К.Умиралиева З.А.Сапарбаева
|
|||
|
Қосымша ақпарат
|
|||||
|
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? |
Сабағымдағы саралау әдістерін оқушылардың қабілеттері- не қарай жүргіздім.Сабағымда қолданған «Суреттер сөйлейді», «Ойлан,бірік,бөліс»,«Венн диаграммасы», «Салыстыру» әдістерін оқушының деңгейіне қарай сұрап қадағалаймын.Оқушыға өзіндік пікірін нақты,әрі еркін жеткізуге дағдыландырамын.Оқушылардың жетістіктеріне қолдау көрсетуді жоспарлаймын. Тапсырмаларды орындауда қиналған оқушыларға қолдау көрсетемін.
|
||||
|
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз? |
«Күлегештер» арқылы, «Жұлдызша» арқылы, «Қошемет» арқылы, «Бас бармақ» арқылы,фигуралар арқылы қалыптастырушы бағалауды қолдандым. |
||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
1.Сабақтың мақсаты мен міндеттері толық орындалды. 2.Оқушылар сабақта мектеп туралы барлық ақпаратты білді,жалпы және жалқы есімдерді,жалғау түрлерін дұрыс жалғауды үйренді. 3.Сабақ өз мақсатына жетті. 4.Сынып белсене қатысты. 5.Саралау шаралары тиімді болды. 6.Барлық оқушылар бағаланды. 7.Уақытты тиімді пайдалана алдым. 8.Өз жоспарыма түзетулер енгізбедім,себебі мақсатым нақты жоспарға құрылған. |
||||
|
Қорытынды бағамдау |
|||||
|
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1.«Ойлан,бірік,бөліс» әдісі – оқушылар жұптаса, топтаса әрекет ете білді. Оқушылардың оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым дағдылары өзара ынтымақтастықта дамыды. 2. «Венн диаграммасы», «Салыстыру» әдісі – оқушыларды өз ойын салыстырмалы түрде жеткізуге, дәлелді, ой қорытып сөйлеуге, дағдыландыруға көмек берді.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1.Қалыптастырушы бағалауды түрлендіру 2.Диалогтік оқытуды жетілдіру – оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін жетілдіруге септігін тигізеді.
Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек? 1.Оқушылардың оқуға деген ынтасын,қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдерді қолдану. 2.Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізу.
|
|||||
шағым қалдыра аласыз














Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген