400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің мектебім. Мәтіннің түрлері.

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім:

Менің мектебім

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні :

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Күні:

Сынып:

Сабақ тақырыбы

Менің мектебім. Мәтіннің түрлері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

2.2.5.1* сұрақ қою арқылы (не істеді? қандай? неліктен?) мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) анықтау, азат жолдың рөлін білу

2.4.1.3* «у», «и, й» әріптерінің емлесін сақтап жазу

Сабақ мақсаттары

Сұрақ қою арқылы мәтіннің түрін анықтап үйренеміз. Мәтіннің бөлімдерін және негізгі ойды анықтаймыз.

Бағалау критерилері

Мәтіннің басы, негізгі бөлімі, соңы болатынын біледі. Сұрақтар қойып, оған толық жауап береді.

Сөздік қор

Мектеп тақырыбына байланысты сөздер мен сөз тіркестері. Ұстаз, болашақ, армандау, үйрену, үлгілі.

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, математика пәнімен байланыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Мәтін бөліктері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы



5 минут

Психологиялық ахаул


Сабақты оқимыз

Көңілге тоқимыз

Қазақ тілін үйреніп

Қазақша сөйлейміз

Ережелерді еске түсіру.


Слайд








Сабақ ортасы





5 минут









5 мин






5 мин







5 мин


















10 мин





























(МК, Т) тыңдалымалды дайындық Мәтіннің түрлерін еске түсірейік

Мұғалімнің көмегімен мәтін түрін анықтау.


Shape1

«Өткен тақырыпты қайталау»

Оқушылар шеңберге тұрып, бірін-біріне сұрақтар қояды.

/өзара бағалау/

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

Мәтіннің түрін және бөлімдерін анықтаймыз.


(ӨЖ) Сөздік диктант.

Үйрену, армандау, оқушы, сипаттау.

Дауысты дыбыстардың астын қызыл, дауыссыз дыбыстардың астын көк қарындашпен сызу.

/өзара бағалау/

(Ж) Жұптарға мәтіндерді таратып беру.

Мәтін түрін анықта

Айнұрдың сыныбы екінші қабатта орналасқан.

Сынып бөлмесі таза, кең және жарық. Сынып бөлмесіндегі терезелер үлкен. Терезеде әдемі гүлдер өсіп тұр. Сыныпта жиырма ыңғайлы парта мен орындықтар тізіліп тұр.

  • Бұл мәтіннің қай түріне жатады?

  • Мәтін не туралы?

  • Сұрағы (Қандай?)

ххххххххх хххххххх хххххх ххххххххххх хххххххх

Мектеп ережесін бұзуға болмайды. Себебі мектепте тәртіп болу керек. Ережені сақтау арқылы мектеп оқушылары тәрбиелі болуға үйренеді. Ережені сақтау- әр оқушының міндеті.

  • Бұл мәтіннің қай түріне жатады?

  • Мәтін не туралы?

  • Сұрағы (Неліктен?)

/мұғалімнің кері байланысы, өзара бағалау/


Саралау.

Сынып 5 топқа бөлінеді. Әр топ басшысы тақырыпты таңдайды. (Менің дәптерім. Менің қаламым. Менің оқулығым. Менің партам.)

Нұсқаулық:

  • Тақырып таңдап алыңыздар;

  • Сипаттау мәтінін құрастырыңыздар;

  • Топта талқылаңыздар;


Бағалау: Бағалау критерийлері бойынша топтар бағалайды.








Топ

Сипаттау мәтіні

Мәтіннің аты

Сөйлемдердің құрлымын сақтайды

Тақырыпқа сай мәтін құрастырады

1





2





3





4





5







/өзара бағалау/

В тобы сурет бойынша мәтін құрастырады.

С тобына тірек сөздер беріледі.



(МК) Үй жұмысы.



Сапарғали Бегалин

Зеректік

Әубәкір молда бұрынғыдай ауыл арасының шақыруынан босады. Шоқанға парсы тіліндегі кітаптардан уақиғалы хикаяларды оқытып, білім өрісін кеңейте түсуде. Әжесі айтқан «Байлық та, бақыт та тиянақсыз, ең тиянақты қасиет-өнер-білім» деген сөзді Шоқан өзінің күнделік дәптеріне жазып қойған-ды.

Шоқанның күзден бергі оқуға деген ыждаһатына Әубәкірдің өзі де іштей таңданатын. Ол тек жай оқып қоймайды. Оқыған кітабының уақиғасын бажайлап, түпкі мәнін білуге ізденеді.

Шоқанды аса қызықтырған Жәми ақынның «Ескендірнамасы» болды. Оны оқығаннан кейін Шоқан әжесіне:

Әже, сіз Жәми ақынның «Ескендірнамасын» оқыған ба едіңіз? – деді.

  • Қарағым, оны неге сұрадың?

Шоқан жымиып:

  • Әже, Ескендірдің шешесі ақылды болған екен. Ескендірді ең үлкен данышпан ғалымның қолына беріп оқытыпты. Сол оқу-білімінің арқасында бар әлемді билемек болып, үлкен жорық жасапты, - деп, Шоқан әжесінің өңіне қарады.

  • Қарағым, ол дастанды мен оқығам. Сен де жақсы түсініпсің. Білімділік жақсы, мансапқорлық жаман емес пе. Ол әлемді аузына қаратам деген озбырлықтан апатқа ұшырады ғой, - деп, әжесі сөзін аяқтады. Шоқан ойланып қалды.


























Тірек сөздер мен сөз тіркестері, суреттер



Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Критерийге қайта оралу



Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Қабілеті жоғары оқушылар кестені өз бетінше толтыра алады.



Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
381
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі