Материалдар / Менің ойыным
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің ойыным

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің ойыным scratch бағдарламасымен жұмыс жасау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Мамыр 2023
363
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:

Директордың орынбасары Оқу ісінің меңгерушісі Закирова Айна Сырмханқызы




Бөлімі:

2-бөлім. Ойын құру (ортақ тақырыптар: «Уақыт», «Сәулет»)

Педагогтің аты-жөні:

Елшибекова А

Сыныбы: 3ә 3г

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Менің ойыным

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.4.1.1 қайталауды қолданатын алгоритмдер құрастыру (цикл);

3.4.2.3 программалау ойын алаңында бірнеше кейіпкермен жұмыс істеу;

3.4.2.2 программалау ойын алаңында бірнеше көрініспен жұмыс істеу; 3.4.2.4 . программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін: Программалау ойын алаңында цикл, костюм, көріністі пайдаланып, ойын құруды үйренеді

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің ісәрекеті

Оқушының ісәрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

І. Қызығушылықты ояту.


Топтастыру:

Топтастыру. «Жеміс-жидек топтамасы» әдісі

Оқушыларға алма мен алмұрт жемісінің суреттері бейнеленген қағаздарды таңдауға тапсырма беріледі. Таңдалған жеміс атауы бойынша екі топқа бірігеді.

І топ: Алма

ІІ топ: Алмұрт

Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан, оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.

Тиімділігі: топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.

Саралау: Оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі

қолданылады.

(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде

білгендері

бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.

  • Еліміздегі сәулет өнерінің туындылары жайында қандай деректер

білесің? (1сурет) Әңгімеле.

  • «Ойын

сценарийі» дегеніміз не?

Есіңе түсір.

  • Қандай ойын сценарийін жоспарлауды үйрендің?

  • 1-сурет негізінде қандай ойын идеясын ұсынған болар едің?

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне және сұрақтарға жауап беру деңгейіне қарай «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың! Жақсы!

Талпын!

Интерактивті

тақта

Оқулық

Жаңа сабаққа дайындық.

Мақсаты: Алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру мақсатында, жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.

Тиімділігі: Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерін еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.

Сабақтың ортасы

ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)

Оқулықпен жұмыс істеу. «Баяндама» әдісі



Мұғалім оқушыларға мәтінді оқып, соңынан оның мазмұнын сурет, сызба түрінде беруді ұсынады. Бұл «шпаргалканы» оқушы оң жағындағы көршісіне береді. Енді әрқайсысы өз көршісінің суреттерін не сызбаларын қолдана отырып, осы мәтін бойынша баяндама жасайды. Баяндама мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап, ең жақсы өрнекті ұсынған оқушы жеңімпаз болады.

Топтық жұмыс

1-тапсырма Жобаның 1кестедегі сценарийі мен скриптерін салыстырыңдар. Жоба скриптері ойын сценарийіне толық сәйкес келе ме? Талдау нәтижесі бойынша шағын есеп жазыңдар.

Дескриптор

  • Жобаның 1кестедегі

сценарийі мен скриптерін салыстырады.

  • Талдау нәтижесі бойынша шағын есеп жазады.

Қалыптастырушы бағалау

Топтағы оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігіне және тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды. Жарайсың!

Жақсы! Талпын!

Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері

Жеке жұмыс

2-тапсырма 1.Ребусты шешіңдер.

2. Scratch-те жоғарыда берілген ребус үшін «Ребус» шешу ойынын қалай

құрастыруға

болады? Ойын жобасының сценарийі мен скриптісін құру бойынша қандай ұсыныстар бересің?

Дескриптор Ребусты шешеді.

Берілген сұрақтарға жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу белсенділігіне және тапсырманы орындау деңгейіне қарай

«Мадақтау сөз» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.

Жарайсың!, Жақсы!, Талпын!

Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері

Жеке жұмыс

4-тапсырма

«Сен білесің бе?» ойыны барысында ойыншыға 4 сұрақ қойылады. Ойын

жобасының

скриптісіне 5-ші

Дескриптор

  • Тапсырмаға

өзіндік талдау жасайды.

  • Жобасының

скриптісіне 5-ші

сұрақты қосу

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу белсенділігіне және тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Мадақтау сөз» әдісі

Интерактивті

тақта

Оқулық

Жұмыс

дәптерлері


сұрақты қосу үшін қандай өзгеріс ұсынар едің?

үшін өзгеріс енгізеді.

арқылы өзін-өзі бағалайды. Жарайсың!

Жақсы! Талпын!


Сабақтың соңы 7 мин.

Сабақты бекіту.

Рефлексия.

ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия

Жеке жұмыс

«Кері байланыс бутерброды» әдісі Кері байланыс әртүрлі тәсілдермен берілуі мүмкін.

Кері байланыс «бутерброды» дегеніміз:

1) бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру;

2) Жағдаяттық мәлімдеме – Маған ұнады .., себебі ... Енді/келесі жолы ...

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне және тапсырманы орындау деңгейіне қарай «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!, Жақсы!, Талпын!.

Мақсаты: оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды, жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілеттірек оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз

оқушылардың

материалды игеру деңгейін қалай

тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөзі» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1: 2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Мен сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!