жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Менің өлкемнің ақын-жазушылары»
Гимн: «Қордайым». Абдрасилов Талғат Мырзақұлұлы
«Менің өлкемнің ақын-жазушылары»
Мақсаты: Жыр жұлдыздарымыздың өмір жолы,ақындық қызметі туралы әңгімелеу,поэзияны сүюге тәрбиелеу,шығармаларымен таныстыру.
Көрнекілігі: Ақын шығармаларының кітап көрмесі «Қордайымыздың жыр жұлдыздары»,ақындар өмірінен слайдтар.
Абуева Н.С.: Армысыздар құрметті қонақтар және жыр сүйер оқырман қау-ым!Бүгін ауданымызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 2017-2018 жылдарға жоспарланған «Кітапты сыйға тарт – В подарок книга» атты кітапханаларға ерікті түрде кітаптар өткізу және «Шаңырақ» жобасы аясында «Буккроссинг- бірге оқимыз: кітаптың айналыста жүруі-книговорот» атты акция шеңберінде «Менің өлкемнің ақын-жазушылары» мен кездесу кешімізге хош келдіңіздер!
Жер жаннаты атанған біздің өлкеміз елімізге қол бастаған батырлары,сөз бастаған шешендері,ел басқарған қайраткерлері мен бізге мәлім.Талантты ақындарымыз-дың өмір жолы әр алуан,оны біріміз білсек біріміз білмейміз.
Сөз кезегін аудандық білім бөлімінің әдіскері Төлепбергенова Тілеулес Тыныш-байқызына берсек.
Би: «Шашу».Каркке Мансура, Утебаева Жанара.
Бүгінгі қадірменді қонақтарымызбен таныстырып өтсек:
1.Алтабаева Шарапат Искакқызы
2.Самақова Шұға Әлімсейтқызы
3.Ыдырысқызы Анаркүл
4.Абдрасилов Талғат Мырзақұлұлы
5. Семетаев Берік Оразханұлы
6. Назаралы Асел Мұхтарқызы
Ақынымыз Шарапат апай жайлы №20 ом кітапханашысы Таубалдиева Анара таныстырып өтеді.
Инемен қазған кендей бір
Қиын ең неткен ақындық
Жазамын десең жақсы жыр
Дейсің «!зден,сырымды ұқ»
Қаншама жанның құмары
Аралау үшін жыр бағын
Өрмелей берем жоғары
Ақыры туар жырларым
Қарасай ауылының әуесқой ақыны Шарапат Алтабаева Искакқызымен таныстыру
Құрметті жыр сүйер қауым!
Бірнеше жылдан бері киелі поэзия әлеміне өзіндік үн қосып,тереңнен сыр шертер өлең жолдарымен оқырман қауымын қуантып жүрген Шарапат Алтыбаеваның есімін аудан көлемінде білмейтін жан кем де кем. Ол Әулие ата Тараз жерінің ту-масы.
Сонау мектепте жүрген шағында қолына қалам алғаннан кейін де, өлең жаз-ып,үнемі ізденіс үстінде болды. Отан,ана, туған жер сынды маңызды тақырыптар-ға қалам тербеген ақынның кітаптары да жарық көріп үлгерді.Естеріңізге сала кет-сек,осыдан бірнеше жыл бұрын Шарапат Алтыбаеваның өлеңдері облыста жинақ-талған «Алтын бесік» жыр жинағына еніп,сол кездері «Жаз көңіл мені жырла-рым» атты кітабы жарық көрген болатын.Шарапат искак қызы адам жанының ара-шасы дәрігерлік мамандықта 30 жылдан аса уақыт еңбек етті. Кезінде аудандық кеңестің депутаты,ауылдағы әйелдер кеңесінің рөрайымы болып сайлануының өзі оның ел алдындағы биік беделі мен жоғарғы қоғамдық белсенділігін көрсетсе ке-рек.40 жыл бұрын Қарасайға келін болып енген,өз шаңырағына құт әкеліп,аузын-ан тастамайтын асыл енесіне инабатты келін,еріне асыл жар, балаларымен неме-релеріне мейірбан әже,ана болған жан. Шарапат апайдың отбасылық өмір салты көпке үлгі десекте артық емес.Бала кезінен оның өлеңдері «қазақстан пионері», «Лениншіл жас» газеттеріне жарияланып тұрды. Кейіннен тұрмысқа шыққан өңір-дегі «Қордай шамшырағы» газетінің тұрақты авторына айналды.
Өсірген 4 ұлының үлкені заводта басшы болса,екіншісі физика-математика ғы-лымдарының кандидаты,бірі ғалым,бірі заңгер,кішісі ауылда әкім болып қызмет етеді.
«Ауылым Алатаудың бөктерінді» өлеңіне жас композитор Исақан Байтұрғанов ән жазып,бүгінде Нұрлан Өнербаевтың репертуарында орындалып жүр.Сондай-ақ «Қордайым», «немереме» өлеңдеріне әншә,термеші,сазгер Алмабек Мамбеталиев ән жазып орындауда. Өткен жылы облыста өткен байқауда үлкен абырой әкелген болатын.
Былтыр Цемзауыт мәдениет үйінде «...Өлең сені аялап өтем» атты Шарапат Ал-тыбаеваның шығармашылық кешін өткіздік. Тәуңелсіздіктің 25 жылдығына орай Қарасай ауылында «Жаз көңіл менің жырларым» атты шығармашылық кешінде «Көңілімнің көктемі » атты кітабының тұсауы кесілді.
Күй: Закир Мейрамбек. «Әуен».
Келесі ақынымыз Самақова Шұға Әлімсейтқызының өмірбаянымен №14ом кітап-хана меңгерушісі Ұ.Әбілдаева таныстырады.
Ән: Советбай Абылай. «Батырлар ұран».
Сөз кезегі №23 ом кітапханашысы Н.Мамытоваға беріледі.
Қыбырай келін болып келген жерім
Әкесі Бесімбаевтар әулетінің
Анасы ұл-қызының Тұраштай ердің
Ыдырыс әкем аты,анам бибі.
Ұлға балап өсірген мен бір гүлі
Құрметіне бөленіп ел мен жұрттың
Әнші Анаркүл атаған Қордай елі.
Мен,4.06.1938 ж Қасық ауылында дүниеге келгенмін.Әкем Ұлы Отан соғысында қаза тапқан.1947 ж мектепке барып екінші сыныптан бастап ән айтып өнерді сүй-іп өстім.1957 ж онжылдықты бітіріп,өмір жолын тәләмгерліктен бастадым. 1957 ж жолдасым Тұраш Бесімбаевпен бас қосып отау болып тұрмыс құрдым. Сырттай оқып, Жаңатұрмыс мектебінде он жыл ұстаздық етіп қызмет атқардым. Жолдасым Тұраш Бесімбаев партия совет қызметкері болып,Қордайдың бес елді мекенінде қызмет атқарып, Жаңатұрмыс,Қордай,Кенен ауылы,Рғайты,Қасық ауылдарында отыз жыл ұстаздық қызмет атқарып 1983 ж зейнетке шықтым.Алланың берген 4 ұл,2 қызымнан өрбіген 16 немерем,18 шөберем бар.Жолдасым ауыр науқастан 2011 ж дүниеден озды. Ардақты ана «Күміс алқа» иегерімін.
2008 жылдан бастап өлеңдерім аудандық,облыстық газеттерге шығып,екі өлең кітабым «Жүректен жүрекке жеткен ән», «Аяулы жар,Ардақты әке рухына» жарық көрді.Ұл-қызым,немерелерімнің құрметіне бөленіп әнімді айтып,өлеңімді ермек етіп жазып,сексеннің сеңгіріне шығып отырған жайым бар.
Халқым үшін ерінбей еңбектендім,
Қиясына өмірдің өрлеп көрдім.
Өлең менен ән жырдың арқасынды,
Сексеннің сеңгіріне сергек келдім!
Анаркүл Ыдырысқызы
Ән: «Ұстазым». Советбай Айсана,Қасабай Елжас.
№51 ом кітапханашысы Көжекбаева М ақын Талғат шығармашылығымен таныстырады.
Би: Карке Мансура ұйғыр биі
№24 ом Кітапхана меңгерушісі Алматаева Жұпаркүл ақын Семетаев Берік Ораз-ханұлының шығармашылығымен таныстырады.
Cеметаев Берік Оразханұлы 1973 жылы 5 мамырда Шолақ-Қорған ауданы Баба-ата аулында дүниеге келген.Бала күні Түркістан қаласында өтті.1980 жылы мек-теп табалдырығын аттап,1988 жылы сегіз жылдық білім алып Түркістан қаласы-ның №29 техникалық училищесіне түсіп, «Ағаш ұстасы» деген мамандығын алып шықты. 2012 жылдары Бішкек қаласындағы Арабаев Атындағы Қырғыз мем-лекеттік университетіне «Журналистика» факультетіне түсіп,2017 жылы маусым айында университетті бітіріп сол оқу орнына магистратураға оқуын жалғастырып келеді.
2012 жылы мәдениет үйінің жанынан аудандағы ақындардың басын қосып «Шабыт» ақындар клубын құрып,клубқа жетекшілік жасап,мәдени ұйымдастыру-шы болып жүр.
Клуб мақсаты: ақындардың авторлық кештерін өткізіп,халыққа таныстыру.
Қазіргі таңда 3 ұл, 2 қыз өсіріп отырған ардақты әке.Жұмыспен қоса шығар-машылығын жалғастырып келеді, алдағы уақытты «Жердің мұңы» атты өлеңдер жинағы баспаға дайындалып жатыр.
Күй: «Балбөбек» Бақтыбай Ботаның орындауында.
Айнақожаева М.Қ.: Ақын боп жаныңызбен жырладыңыз
Осылай өрлей берсін талабыңыз
Еліңе жыр сандықтан шашу шашып
Түспесін қолыңыздан қаламыңыз
Қордайдың қасиетті даласына
Гүл болсын әрбір басқан қадамдарыңыз! деп енді сіздерге арналған кітап көрмесімен №51 ом кітапханашысы Көжекбаева Марал танысты-рып өтсін.
Флешмоб
Бүгінгі кездесуге келгендеріңізге көп-көп рахметімізді айта отырып,сіздерге деген азғантай сыйымызды беруге рұқсат етіңіздер.


Жамбыл облысы,Қордай ауданы,Қордай ауылы.
Балжан Бөлтірікова атындағы №4 орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Абуева Нұржамал Серикбаевна

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген