Абдибекова
Н.С.
Менің
өмірімнен орын алатын үштілділік жайында
сыр шертсем...
Ана
тілің - арың бұл,
Ұятың
боп тұр бетте.
Өзге
тілдің бәрін біл
Өз
тіліңді құрметте!
Ақиық
ақын Қадір атамыздың осы өлең жолдары
һәм қазақ баласына ғана қаратылып
айтылғандай болып тұрады.Қазіргі ХХІ
ғасырдың бел баласы санатына жататын
менің де айтар пікірім бар екендігін
қағаз бетіне түсіру көптен ойда жүрген
болатын.
Менің
ұлтым – орыс.Сондықтан менің өз ана
тілімнен басқа да оншақты тіл білуге
құқылымын.Тіл білген сайын адам баласының
санасына сана,ойына ой қосылатынын
білемін.Бірақ өз ата-анамызды қалай
құрметтесек ана тілімізді де солай
құрметтеуіміз парыз.Өзге тілді білгенге
басқа ұлт болып сол ұлтқа қызмет ету
деген сөз емес.Менің ата-анам Қостанай
қаласының байырғы тұрғындары.Ес білгелі
көршілермен тату-тәтті араласып
келеміз.Отаным – Қазақстан,осы елде
өмір сүріп жатқаннан кейін «Қазақ тілі
– Ана тілім» деп санама құйып ер жетіп
келемін.Қазақ тілі лексикалық сөзге
бай тілдер қатарыа жатады.Қазақтың
салт-дәстүрі мен әдет – ғұрпына
қызықпайтын,тамсанбайтын халық кемде-кем
шығар.Соның бірі мен десем болады. Қазақ
тілін бастауыш сыныптан бері өз еркіммен
білгім келіп қазақ тілі сабағы болса
артық – кем сұрақтар қойып ұстаздардың
мазасын алатынмын.Ұстаздардың да еңбегі
күшті.Мүмкін мектебім аралас мектеп
болғасын ба,неғұрлым қарсы сыныптағы
қазақ сыныбындағы достарыммен қазақша
сөйлесуге тырысамын.Көшедегі аялдамада
тұрсамда немесе айтулы мерекелерде
алаңға шыққан қазақ достарымның сөздеріңе
жауап бермесемде не жайлы сөз өрбіп
жатқанын білетін болдым.Мен үшін ана
тілім болып саналатын қазақ тілін білу
үшін ынта,қызығушылық болса ортаға тез
– ақ үйреніп кетесін.Тұңғыш Елбасымыздың
саясатына қарсы емеспін.Үш тұғырлы
тілді білсек,ел қатарлы өмір сүруге
болады дегенді басқаша сөзге бұратындарға
таңым бар.Көптілді білетін азамат болсақ
шетелге шыққанда артық шығын
шығармауға,қаражатымызды үнемдеп жатсақ
жақсы емес пе? Адам болып дүние есігін
ашып,шыр етіп жарыққа шыққанша әр
пенденің маңдайына жазмыш жазылады
екен.Жоғарыда айтып өткенімдей менің
ұлтым - орыс,ана тілім – орыс тілі екені
анық.Бірақ соңымнан ерген екі кішкене
інімнің бойында қазақтың қаны бар,бірақ
оларда орыс тілінде сөйлейді.Өзім
анамнан бөлек,анамның ата-анасының
қолында тәрбиеленіп,Қостанай қаласында
тұрып жатқан жайым бар.Демалыс уақыттарында
бауырларыма қазақ тілінде сөйлеңдер,ол
біздің ана тіліміз деп айтып келемін.Үйретіп
те келемін.
Ағылшын
тілін насихаттау өте жақсы қарқын
алған.Араласатын достарымның кейбір
сөздерінен байқап қаламын.Қиын қыстау
заманында қазақ елі қаншама өзге ұлт
өкілдерін аман-есен алып қалған жоқ па?
Екі – үш малының біреуін беріп,жыртық
тозығы жеткен алаша,төсеніштерін екіге
бөліп бергенінен де хабардармыз. Тұңғыш
Елбасымыз туралы 2011 жылы түсірілген
«Балалық шағымның аспаны» көркем фильмін
тамашалаған балалар жақсы біледі.Батыр
ата – әжелеріміздің қайтпас қайсарлықтарының
арқасында Ұлы Отан соғысы жеңіспен
аяқталғанмен Кеңес үкіметінің жағдайы
мәз емес болатын.Құлдилап,енді-енді
еңбектеген бала секілді заман жақсарып
келе жатқан болатын.Бәрінен де ол заманда
адамдардың ниеттері түзу,адал,қолда
барды ұлтына,нәсіліне қарамай бөлісуге
дайын болатынын ата-әжелерімізден көп
естимін.Соғыс жылдары не бәрі үш жаста
болған сонау Кавказдан жер ауып келген
Асылы Осман апамыздай кісілер қазақ
елінің адамгершілігімол халық екенін
айтатындар аз арамызда.Асылы Османның
«Қазақтың нанын жеген адам,қазақтың
тілін де үйренсін!» деген сөзін оқып
та,тыңдап та санама сіңіріп ер жетіп
келемін.Осындай мысалдар көп-ақ... Сыр
бойындағы кәріс халқы еліміз тәуелсіздік
алған жылдарыоларды тегіс көшеді деген
сөздер ел арасына тарап кетсе керек.Күні
бүгінге дейін әлі тұрып жатыр.Өйткені
қазақ тілі мен әдебиетін жақсы біледі.
Салт-дәстүрді шамалы қаланың қазағынан
жақсы біледі. Шымкенттен көшкен еврейлер
жайында жаңалықтардан естіп қаламын.Қазақша
сәлемдерін жолдап,дастарқандарында
бауырсағымыз бен мүшеленіп салынған
табақтағы етіміз,қымыз,шұбатымыз қасында
жайғасып тұрғаны.Кезінде Қостанайдан
көшкен орыс ұлты мен неміс ұлт өкілдері
де үдере көшкенмен жастары жұмыс бабымен
елдерінде қалып,үлкендері елге келгендерін
газет бетінен оқып,теледидардан естіп
жатамыз.Қорыта айтқанда,өзге тілдерді
білгенге қарсы емеспін.Орыс тілі мен
ағылшын тілдерін жақсы меңгеріп,өз ана
тіліндей сөйлей берсін. Бұл өмір
заңдылығы. Қазіргі біз өмір сүріп отырған
орта Үш тұғырлы тілді білуді талап етіп
отыр.Қазақстанда тұрып жатқан өзім
секілді ұлт өкілдеріне айтпағым: «Қазақ
елін Отаным дейтін азамат пен азаматшаларға
мемлекеттік тіл - Қазақ тілін үйренуге
шақырамын»
Маған
қазақ тілін білуін керек деп ешкім талап
қойған жоқ.Бала күнімнен қызығушылық
болды.Өз ана тілім болып саналатын қазақ
тілін,орыс тілі мен ағылшын тілдерін
әр адам жетік білуі үшін мына ақпараттық
технологиясы дамыған замандаүйренуге
өте жеңіл деп есептеймін.
Көптен
ойда жүрген тіл туралы жазбамды қағаз
бетіне түсіруге мүмкіндік болғанына
қуаныштымын.Бұл менің алғашқы тырнақалды
туындым десе де болады.
Мектеп
директоры:
Ковлюшенко С.А.