Менің өмірлік
ұстанымым
«Мына өмірден хабарсыз, жаңа
туған», –деп Мұқағали Мақатаев жырлағандай, 2006 жылдың 27-ші
қаңтардың қатты аязды күні, Ақсу деген бай мекенде дүниге келдім.
Киелі жердің қасиетін бойыма дарытып, отбасымнан алған тәлім-
тәрбиемді ұстанып келемін. Анам біздің қамымызды ойлап, күні -түні
еңбектенгендіктен уақытымның көп бөлігін нағашы әжемнің қасында
өткіздім.Әжем- жүрегі кең, мейірімді, асыл жан. Бұл кісі еш уақытта
менен еш нәрсесін аямай, бетімді қақпаған жомарт жандардың бірі.
Қазіргі таңда әжем денсаулықтың арқасында 85-тің төрінде отыр.Менің
де алғашқы ұстанымым - денсаулық. Денсаулығың сай болса, көңілің де
жай болары анық. Денсаулық та ғұмыр сияқты, адамға бір-ақ рет
бұйыратын табиғат тартуы.«Ауырып ем іздегенше ,ауырмайтын жол ізде»
деген атам қазақ. Ендеше, денсаулықтың қадірін жастан білу -
азаматтық борышым деп білемін. Сондықтан да салауатты өмір салтын
ұстану мақсатында түрлі спорттық ойындарға қатысамын. Атап өтсем:
Тоғыз құмалақ, шахмат, теннис, волейбол ойындарынан ләззат алсам,
«Тоғыз құмалақ» ойынының жеңімпазымын.Әр адам өмірге келгеннен
кейін, өмірлік ұстанымдары мен игі мақсаттары болады. «Сен де бір
кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», деп халқымыздың ұлы
ақыны, ойшыл, сазгері, Абай Құнанбаев атамыз айтып кеткендей, кез
келген адам өмір атты дүниенің табалдырығын аттағаннан кейін өз
орнын табуға тырысады. Сол өмір табалдырығынан сүрінбей, бойымызды
тік ұстап өте білуіміз керек. Әрине ол үшін адамда әр түрлі
қажеттіліктер болу тиіс.
Менің де осы өмірде көптеген
ұстанымдарым бар. Мен өз елімді, өз тілімді сүйемін,құрмет
тұтамын.Өз елімнің әр бір тасы мен үшін қымбат.Елімнің осындай
дәрежеге жеткенін көргенде қуаныштан сәби жүрек тулайды. Қазіргі
таңда Қазақстанды қай жағынан алсақ та дамып келеді, әрине
кемшіліктерін айтып жатқанда құлағым шалып қалады. Көш жүре
түзеледі демекші, болашақта бәрі жақсы болатына сенімдімін. Мен
оған сенемін. Өйткені біз Қазақстанның болашағымыз. Еліміздің әрі
қарай гүлденуіне үлес қосу біздің міндетіміз. Яғни, әр- бір жас
ұрпақ оған атсалысу керек. «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел
болмас»-деп, ата-бабаларымыз бекер айтпаған. Өз елін
ата-бабаларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғаса, біз
біліммен қорғаймыз.
Келесі ұстанымым - өзіме,
өзгеге, өмірге деген сыйластық. Бұл мен үшін ең қымбат мирас.
Себебі,өмірде өкініп қалмау үшін, көңілің пәк болу үшін сыйласып
өткенге не жетсін! Сонымен қатар өмірдегі ұстанымым – ақиқат,яғни
шындықты ұстану. Өйткені, ақиқат қашан да өзін - өзі ақтап
алады. Ақиқат жолында азап шексең де, ол үлкен
– абырой әкеледі.
Адамдық
борышың –
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай Ар сақта, оны бiл.
Талаптан да бiлiм мен өнер үйрен,
Бiлiмсiз,
Өнерсiз,
Болады ақыл тұл.
Мақтанға салынба
Мансаптың тағы үшiн. Нәпсiңе билетпе
Басыңның бағы
үшін - деп Шәкәрім атам жырға қосқандай, менің өмірлік
ұстанымдарымның бірі-халыққа адал еңбек ету, білім мен өнер үйрену,
келешекке жол көрсету, үлгі алатындай із қалдыру. Сонымен қатар
жаман әдеттерден жат болу-мансап үшін мақтанға салынбау, бақ үшін
арсыз қылықтардан аулақ болу.Өйткені, мен көзімді ашқалы анамның
тынымсыз еңбектенуі арқасында, біреудің ала жібін аттамай, білім
мен өнерге құштар болып өстім. Білім - жанған шырақ. Ендеше,
шырағымыз еш сөнбесін!
Әр
баланың жүрегінен жол тауып, болашақта адам болып қалыптасуына
үлкен ықпал ететін тұлға бар. Ол - ұстаз. Қазақ халқы ұстазды
құрмет тұтып қадірлеген. Өйткені, мұғалім - болашақ мамандарды,
келешекте ел тізгінін ұстайтын қайраткерлерді, дарындарды оқытып,
арман - мақсатына жетуіне себепші болатын жан.Сондай жандардың
бірі, менің алғашқы ұстазым- Айнұр Құдайбергенқызы. Қазақ халқы:
«Бір әріп үйреткенге қырық жыл сәлем бер» деген сөзді бекер
айтпаған. Бұл сөздің астарында қаншама ізгілік пен тағылым жатқанын
білеміз. Білім нәрімен сусындатқан, үлкен өмірге қанат қақтыратын,
әріп танытып, сауатыңды ашатын ұстаздан артық жан жоқ екенін барша
жұрт жақсы біледі. Айнұр мұғалім, әрбір іс әрекетіне есеп бере
отырып, жат қылықтардан дөрекілік, анайылық сияқты жаман
қасиеттерден ұрпағын сақтандырып, айналасына жарқын шуақты нұрын
шашқан ұстаз!
«Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» демекші,
болашақта мұғалім мамандығын таңдауыма да себепші болған, менің
ардақты да аяулы ұстазым-Айнұр апай.Өмірдегі көп мамандықтардың
ішіндегі жан -жақты білімділігі, икемділігі, аса қамқорлықты және
адамгершілікті көрсететін, қажет ететін мамандық дәл осы мұғалім
мамандығы десек артық айтпаймыз.
Қорыта айтқанда, бойымдағы таусылмас біліміммен,
шексіз мейіріміммен, саналы парасатыммен, шәкірттерімді ақылды,
мәдениетті, интелектуалдық өрісі кең, заман талабына сай, жан-жақты
ақпараттандырылған, бәсекеге қабілетті ұрпақ болуға тәрбиелеп,
мәртебелі мұғалім мамандық иесі атансам, менен бақытты жан болмас
еді!Себебі, мен таңдаған мамандық – мәртебелі
мамандық.