400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің Отаным

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің отаным
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Менің Отаным»

Отан-сенің ата-анаң,

Отан-досың ,бауырың

Отан-өлкең,астанаң,

Отан-аудан,ауылың!

Отан ,Отан... Туған жер.... Ыстық мекен... Осы сөзде қаншама мән-мағына,сезім, терең толғаныс жатыр десеңізші..... Отан –ол біздің өміріміздің бір бөлшегі... Алланың бізге сыйлаған құт мекені. Отан-ол біздің кіндік қаны тамған,өскен ортамыз,ойын қуып балдырған балалық шағымыздың өтіп жатқан орны..

Туған жер бізге ата-бабамыздың білектің күшімен,найзаның ұшымен сақтап қалған асыл да, баға жетпес сыйлығы деп түсінемін. Менің отаным ол қасиетті қара шаңырақ- Қазақстан.. Үлкен отау астында 130-дан аса ұлт-өкілдерін сыйғызған құт мекен. Жас,әрі жасампаз қазақ елінің менің Отаным болғанына мақтамын. Ұлан-ғайыр атырапқа созылған қазақ жері маған рух пен күш беріп тұратындай..... «Отанды сыйлау –отбасынан басталады» деген қағидатты жиі естіп жатамыз...Елім, Отаным,деген қасиетті ұғымдар әр азаматтың өз табалдырығынан, өз ауылынан,өз өлкесінен басталады. Ата-анам маған «балам, ана тіліңді, дініңді, діліңді,қазақтығыңды ешуақытта ұмытпа, еліңді,елбасыңды құрметте!» деп әркез айтатын ақылы құлағымда жатталып қалған өсиеттері іспетті. Туған жерді сыйлау дегенді өз басым біріншіден, қазақтығымыздың бірден- бір белгісі, Абай ,Шәкәрім сынды заманымыздың заңғар жазушылары қорғап, қастерлеп,жырлап кеткен мұра ол әрине –тіл. Қазақ тілі.... Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдыреттілігі оның орындылығында,өрлігінде,орасан зор байлығында,сондықтан да тілді қадірлеу,қастерлеу әрбіреуіміздің отан алдындағы адамдық парызымыз. Мемлекетіміздің тарихи тағдыры ,мақсаты тіл арқылы баянды болмақ. Тіл-байлығымыз,тіл-тарихымыз,тіл-мәдениетіміз, тіл-әдебиетіміз. Тіл-біздің ұлттық намысымыз ,арымыз.

М.Әуезов : «Ал,қазақ мешел болып қалам демесең, тағылымыңды,бесігіңді түзе» деп біз сияқты өскелең ұрпаққа ауырда күрделі парызды үстемелеген. Осы ауыр жүкті біз жастар қалай атқарып жүрміз? Мұқағали жырлаған «үш бақытымыздың» қадірін жіті түсініп жүрміз бе? Әрине,бұл әрбір ұлтым, елім деп жүрегі соққан азаматты мазалауы тиіс сауалдар болмақ..

«Ұлтарақтай болса да,

Ата қоныс- жер қымбат

Ат төбеліндей болса да,

Туып –өскен ел қымбат »- демекші,туған жер,ата қоныс,әркімге баға жетпес, қымбаттылығын айтып жеткізе алмас қасиетті орын. Ауызын ашса,көмейі көрінетін қарапайым қазақ халқына жетер халық бүткіл әлемде жоғ-ау....Осынау әлемге, мен Қазақстан деген егеменді,зайырлы, тәуелсіз,көп ұлтты мемлекетте тұрамын, мен болашағыма сенемін, мен елбасыма сенемін деп жар салып , ауыз толтырып айтатын заманға да,Аллаға шүкір аяқ бастық. Тұғырлығымыздың 25 жылдығы да келіп жетті.Осы уақытқа дейін біздер үшін оран зор игі істер жасалынды. Соның дәлелі көз алдымыздағы ғажайып қала астанамыздың көркеюі.Зәулім үйлермен көмкерілген бас қала Астананың қай қырына көз салсаңда жас қала Астана өрімдей қыз сияқты күн өткен сайын өсіп,жайнап көркейіп келеді. Астана көшелерін аралап жүрсең, құдды бір ертегі әлеміне тап болғандай боласың да тұрасың... Ертегі әлемінің бас қаһарманы өзіңдей сезінесің.Құлпыра түсетін Астанам,әр барған сайын бір тосын сый дайындап отыратыны хақ. Астана –қазақстандықтардың бірлігі, тәуелсіздіктің символы.

Астана бұл кең даладағы жай ғана қала емес, саяси ерік -жігер көрінісінің нышаны. Астана мақтанышым.... Қазақстанның осыншама гүлденуі әрине елбасымыз Нұрсұлтан атамның арқасы деп білемін. Біріншіден Аллама,екіншіден Нұрсұлтан атама деген алғысым шексіз... Қорытындылайтын болсам, қазақстанның әр азаматы өз Отанын, өз тілін құрметтеуге міндетті.Отанымыз үшін барынша қолымыздан келген көмекті аямауымыз керек!

Құрметті достарым, !Мұқағали жырлаған үш бақытымыздың қадірін жіті түсініп, мәңгілік елге айналып, мәртебелі тілімізді қадірлейік!Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік,халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды, тіліміздің мерейі үстем болсын!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
663
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі