Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Менің Отаным - Қазақстан»

Материал туралы қысқаша түсінік
Отан туралы тәрбие сағат мұғалімдерге керек деп ойлаймын.Отан туралы қанша мақала жазсақ та көптік етпейді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы «Менің Отаным - Қазақстан» Мақсаты: Отанды сүюге. Ата Заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген  сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету 
Тәуелсіз, бейбіт ел туралы ұғым. Оқушыларды достыққа,адамгершілікке,  
саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: Қазақстан туралы слайдтар, суреттер, нақыл сөздер 
Сабақтың барысы
1 Ұйымдастыру кезңі 
Хор: Әнұран. 
- Кәне балалар Отан деген не? 
- Адамның туып өскен жері, туған - туысқандары, біз тұратын атамекен. 
- Балалар біздің отанымыз қалай аталады? 
- Біздің - Отанымыз Қазақстан. 
- Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Менің Отаным - Қазақстан» деп аталады. 
Тәуелсіз ел – Қазақстан арайлы 
Бүгін саған әлем түгел қарайды 
Тәуелсіздік тұғыры бұл халқымның 
Бейбітшілік таңы әр кез арайлы  
Қазақстан – қазақ елі, қашаннан ата-бабамыз қоныс еткен жер. Қазақ жері – ұлан – байтақ. Жер көлемі дүние жүзінде 9 орында тұр. Жерінің кең – байтақ болуына байланысты. Қазақстан жері мөлдір көлдерге сай, қайың мен көктеректі ормандарға, кең алқапты жазық далалы жерлерге бай Қазақстанның жер қойнауынан барлық қазба байлықтар кездеседі.  Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Бүгінде Қазақстан елі дүние жүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан әлемге танымал елге айналды. Қазақстанның тұңғыш рет өз Ата заңы қабылданды. Тәуелсіздік туы, көк байрағы желбіреп, асқақтаған Әнұраны шырқалуда Қазақстанның жаңа Астанасы күннен күнге жаңарып гүлденуде. Егеменді тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таныды.  Қазақстан мемлекетімен шекаралас елдер:
Ресей
Түрікменстан
Өзбекстан
Қырғызстан
Қытай

Қазақстан дейтін менің бар елім 
Жатыр алып жарты дүние әлемін 
Бұл даланы анам жаспен суарған 
Бұл далада атам қолға ту алған 
Бұл далада жылап келіп уанғам 
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам 
Бұл далада өскен жанда жоқ арман 

Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы. 
Бәрі: Қазақстан - Туымен тұғырлы, 
Елтаңбасымен еңселі, 
Әнұранымен айбатты. 
Мұғалім:- Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстанбыз. 

1.Балалар Қазақстан туралы өлеңдер оқып, елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше өнерімізді ортаға салайық. 
1 – оқушы: Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

 

2 – оқушы: Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей – кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

 

3 – оқушы:Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

 

4 – оқушы:Отаным  менің - Қазақстан,
Ыстық  қой сенің  топырағың.
Орманын, көлін,  бау-бағың,
Қастерлеген   қазағым.


5 – оқушы:Найзаның  ұшымен  қорғаған,
Халқым  менің  мықты  ғой.
Ата-бабам   әрқашан,
Салт - дәстүрін  сақтаған.


6 – оқушы:Әрбір  қазақ  батыры,
Желбіреткен  көк  туын.
Кен  байтақ жерге   қазағым,
Егін егіп, мал жайған.

7 – оқушы:Күзде  піскен  егінді,
Жинап алып ас  қылған.
Аман    болсын  ел - жұртым,
Тыныш  болсын Отаным.


8 – оқушы: «Отан туралы»

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

2.Отан, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз? 
1– оқушы:Отан - сенің ата-анаң, Отан - досың, бауырың. Отан - өлкең, астанаң, Отан - аудан, ауылың.

2 – оқушы:Отан үшін отқа түс — күймейсің,

Арың үшін алыссаң — өлмейсің.

3 – оқушы:Отан оттан да ыстық,

жалыны бар шоқтан да ыстық.

4 – оқушы:Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.

5 – оқушы:Туған жердей жер болмас,

туған елдей ел болмас

6 – оқушы:Отан отбасынан басталады.

7 – оқушы:Отан қадіріне жетпеген
өз қадіріне жетпейді.

8 – оқушы:Акқу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.

9 – оқушы:Отан – оттан да ыстық


10 – оқушы:Кісі елінде сұлтан болғанша, 
Өз еліңде ұлтан бол.

11– оқушы:Өз елім, өлең төсегім.

3.Үйге - тапсырма «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбына оқушылар сурет салып келеді. Салған суреттерін

4. Қазақстан туралы қызықты мәлімет (видеоролік)

5. Сын тұрғысынан сұрақтарға жауап беру (иә, жоқ)
1. Қазақстан жері кең байтақ
2. Қазақстан 5 мемлекетпен шектескен
3. Астанасы – Алматы
5. Пайдалы қазбаларға өте бай
6. Өсімдіктер әлемі алуан түрлі
7. Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық - өзендер
8. Ту, Елтаңба, Әнұран еліміздің рәміздері
9. Мемлекеттік тіл – орыс тілі
10. Менің Отаным – Қазақстан
Мұғалім: 
Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді. 
Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау болыңыздар!













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2019
574
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12