400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Менің Отаным - Қазақстан" зияткерлік сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге тәрбие сағатын өткізуге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Армысыздар құрметті оқушылар, аяулы ұстаздар! Бүгін сіздер 5-6 сынып оқушылары арасында өтетін «Менің Отаным –Қазақстан» зияткерлік сайысының куәгері боласыздар. Сайысымыздың бір ерекшелігі бүгін балалар біз жеке дара емес, топ болып білім сынамақшымыз.

Ақыл тон аңдағанға тозбайтұғын,

Білім кен қанша алсаң да азбайтұғын.

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаңның ауруы не қозбайтұғын, - деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды ортаға шақырамыз.


Сәт – сапар тілеп бәріңе,
Сайысты біздер басталық.
Көрсетіңдер өнерді,
Қалмаңыздар жасқанып - деп біз ойынымызды бастаймыз.
Ойынымыз 4 кезеңнен тұрады.
1 - кезең. « Бәйге». Ауызша сұрақтарға жауап беру.
2 - кезең «Аудармашы». Берілген сұрақтарға жауап беріп, жауабын үш тілде айтады.
3 - кезең. «Шытырман». Берілген ребустар мен басқатырғыштардың жауабын табу
4 - кезең. «Сен білесің бе?» Экраннан Қазақстанның көрікті жерлері, атақты адамдары көрсетіледі. Патриоттық әндер минусовкасы беріледі. Сіздер олардың атауын, қандай ән екенін табу керексіздер.

1 – кезең: Бәйге.

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз


1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні қай кезде аталып өтеді? /1 – желтоқсан/

2. Қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы? (Жақсылық Үшкемпіров)

3. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991 ж. 16 - желтоқсан)

4. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды?( 1989 ж. 22 - қыркүйек)
5. «Менің Қазақстаным» әнін шығарған сазгерді ата? (Шәмші Қалдайяқов)

6. Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңге айналымға қашан келді? (1993ж. 15 - қараша)
7. Астана қаласы қай өзенің жағалауында орналасқан? (Есіл)
8. Қазақ тарихында тұңғыш рет ғарышқа кім қай жылы ұшты?(1991ж. 2 - қазанда Т. Әубәкіров)
9. Қазақстанда “Қызыл кітап қашан шықты? ” /1977/

10. Астана қаласының символының биіктігін айтыңыз, биіктігі қандай мағынаны білдіреді? (97 метр, Астанаға көшкен жылды білдіреді.

11. Дүние жүзінің чемпионы, балуан атамыз? (Қажымұқан)

12. Қазақ хандығының негізін қалаған кімдер? ( Керей, Жәнібек)

13. ҚР – ң ұлтаралық тілі ( орыс тілі)

14. Қазақстанның бірінші астанасы? /Орынбор/
15.
Конституция неше тарау, неше баптан тұрады? /9 тарау 98 бап/

16. 4 маусым қандай мереке? /ҚР рәміздер күні/

17. Қазақтың ән өнерін жер жүзіне таныстырған әнші кім? (Ә. Қашаубаев)

18. Голливудта Гран-При алған музыкалық топты ата (Ұлытау)

19. Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері кім?

20. Қазақстанның “Швейцариясы” – Көкшетау, Бурабай

2 – кезең: Аудармашы.
Келді кезек жұмбақтарды шешуге
Жауаптарын беруге үш тілдерде
Қазақ, Орыс, Ағылшынды білсеңіз
Жақсы баға шәкірт саған несібе.
..


1. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі.
(Көктем - весна - spring)

2. Мұрты бар, иегінде сақал жок,
Тон бар, киетін шапаны жок,
Пайдасы үй ішінен табылған соң,
Далаға кіріп шығар сапар жоқ. (Мысық - кот - cat)
3. Жеті қазынаның бірі, адамды қорып жүретін досы (Ит - сабака - dog)
4. Әр адамның шағын отаны ( Жанұя - семья - family)

5. Бүгін киген ақ тоным Ертең болар қара тон. Қара тоным аздан соң Болып кетер ала тон. (жер, земля, earth)

6. Ер қанаты(Ат) (Ат - конь - horse)
7. Қабат – қабат қаттама
Ақылың боллса аттама. (кітап – книга - book)
8. Футболшының алаңдағы ойын заты? (доп – мяч - ball)
9. Жүз теңгең болғанша,
Жүз....... болсын. (дос – друг - friend)
10. Жеті қазынаның бірі –
Адамды қорғап жүретін досы. (ит – собака - dog)
11. Білгенің бір тоғыз, білмегенің ... (тоқсан тоғыз – девяносто девять – ninety nine)
12. Елу жылда ел ... (жаңа – новый – new)

13. Ең зор байлық (денсаулық – здоровье – health)

14. Не қылыштан да өткір? (тіл – язык – tongue)

15. Баланың тілі – бал, ананың несі бал? (сүт – молоко – milk)

16. Шәкiртке жанашыр,мейiрман кiм, жаны асыл? (Ұстаз – учитель - teacher)


3 – кезең: «Шытырман».

1-тапсырма. Бұнда сіздер шатасқан әріптердің қандай сөз екенін анықтауыңыз керек.

БЫАЙЛА – Абылай
АНХ ҒСЫҢЫШ – Шыңғыс хан
АРЛАШДОА – Алаш Орда
ІТЕЖ РЫЖАҒ – Жеті Жарғы
ДРОА ЛЫНАТ – Алтын Орда

ВРАЗЕНАБА – Назарбаев
ӘЗМЕДРРІ – Рәміздер

ОСЦЯКНТИУТИ – Конституция

АҚЗҚА АДҒЫЫНХН – Қазақ хандығы

РХНИУА ҢАҒРЖУЫ – Рухани жаңғыру

2-тапсырма. Ребусты шешу.

Жауабы: Болашақ - білімді жастар қолында


4 - кезең. «Сен білесің бе?». Экраннан Қазақстанның көрікті жерлері, атақты адамдары көрсетіледі. Патриоттық әндер минусовкасы беріледі. Сіздер олардың атауын, қандай ән екенін табу керексіздер.

Жауабы: 1. Жұбан Молдағалиев

2. Әбіш Кекілбаев

3. Данияр Елеусінов

4. Ділнәз Ахмадиева

5. Бурабай

6. Шарын шатқалы

7. ЭКСПО-2017

8. Ханшатыр

9. «Атамекен» әні

10. «Елім менің» әні

11. «Қазақ елі осындай» әні

12. «Балқадиша» әні


Ұпай сандарын санаймыз.


Жеңістеріңіз құтты болсын! Осымен бүгінгі сайысымызды қорытындылаймыз. Қош сау болыңыздар!













«Бекітілді» ДТІЖО

_________А.Болатов


Трекин жалпы білім беретін қазақ мектебі






Менің Отаным - Қазақстан

(5-6 сыныптар арасында өткен зияткерлік сайыс)







Өткізген:А.Кадралиева

А.Серикбаева






2019 жыл



Анықтама

Мектебімізде 14 ақпан күні 5-6 сыныптар арасында мектеп кітапханашысы мен тәлімгер және Ұланбасы ұйымдастырған «Менің Отаным-Қазақстан» атты зияткерлік сайыс өтті. Мақсаты: оқушылардың ой-өрістері мен сөздік қорларын кеңейтіп, тілдерін дамыту.Отанына, өз еліне деген сүйіспеншілікке, патриотизмге, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу болатын.Сайысты қызықты өтті.Қорытынды ұпай саны бойынша 6 ә сыныбы 1 орын,6 а сыныбы 2 орын,5 а сыныбы 3 орын алды.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
1988
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі