«Әулиекөл ауданы әкімдігінің
білім бөлімінің
№ 28 Құсмұрын орта мектебі»
ММ


1 «А»
сынып
Мұғалім: Габдуллина
А.Т.
2018-2019 оқу
жылы
«Менің Отаным –
Қазақстан»
Мақсаты:
Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің
рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге
үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып,
махаббат сезімін ояту; Отанын, туған жерін қорғай білуге,
халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың
өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды
ұлтжандылыққа, ата мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге,
патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу,
шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне
білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі:
Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының
картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер,
гүлдер.
Әдісі:
сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі,
көрнекілік
Барысы: І Ұйымдастыру
кезеңі
Қайырлы күн, құрметті оқушылар. Арайлы жаздың
үш айын мазмұнды да, мәнді өткізіп, сағынышпен алтын ұя
мектебімізге оралып отырған оқушыларды
құттықтаймыз.
Бүгін қандай шаттық тола
күн еді,
Бүкіл әлем ерекше бір
түледі.
Балдырған жетектеген
ата-ана,
Қуаныштан жарылардай
жүрегі,
Өмір бойы мектебімді жыр
етем,
Бір өзіңде бақыт, білім,
берекем.
Шәкірттерің өрістесін,
өрлесін,
Құтты болсын «Білім күнің »-
мерекең!
Құрметті аяулы
оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шатыққа толы «Алғашқы қоңырау»
мерекелеріңіз құтты болсын!?
Бірінші қыркүйек білім күніне арналған салтанатты
жиылысымызды ашық деп жариялаймыз!
(әнұран ойналады)
- Қане балалар! - Кімнің досы осында
бар? ( бір рет
шапалақ)
- Кім бүгін апайға гүл
сыйлады? (екі рет шапалақ)
- Кім өзі жалғыз мектепке
келген жоқ?(үш рет шапалақ)
- Кім мектепті сағынды? (көп
рет шапалақ)
-
Тамаша балалар! Ал бүгінгі
біздің мерекелі тәрбие сағатымыздың атың білу үшін ойын ойнауымыз
керек. Дайынбызба ойынға?
-
Балалар сендердің отырған
орындықтарының астында белгілі бір қағаз бар. Сол қағазда сан дар
орналасқан. Қане кім тапты.
- Балалар сонымен қандай сөз
шықты? ҚАЗАҚСТАН
-
Дұрыс айтасындар балалар.
Бүгінгі біздің «Менiң Отаным Қазақстан» тақырыбындағы тәрбие
сағатын ашық деп жариялауға рұқсат
етіңіздер
«Отан оттан да ыстық» дейдi халқымыз. Қалай
ойлайсыңдар, неліктен халық осылай деген?
(балалар өз ойларын ортаға
салады)
-Балалар, әр мемлекеттің өз президенті және
мақтан ететін рәміздері бар, ал біздің елбасымыз
кім?
-Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев. (Елбасы жайында қысқаша мәлімет
беру)
(Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл,
Шамалған ауылы, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері,
ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.Қазақстан
Республикасының әнұранының сөзін жазғандардың
бірі)
- Ал,
еліміздің мемлекттік рәміздерін кім айтады?
Балалар: Ту,
Елтаңба, Әнұран.
-Мынау – біздің туымыз.
— Көк
түс нені білдіреді?
Балалар: Ашық аспанды білдіреді.
— Сары түс нені білдіреді?
Балалар:
Күн сәулесін білдіреді.
-ал
осы туымыздың авторы кім?
(Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік туының авторы: суретші Шәкен
Ниязбеков.)
- Осындай күн сәулесі төгілген, ашық аспанда тұрып
жатқан біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
— Қазақстан дегенде сендердің ойларыңа қандай
сөздер түседі.
-мынау суретте не
көрсетілген?
Балалар: елтаңба
-Елтаңбада не орналасқан? және нені
білдіреді?
Елтаңбада шаңырақ,күн сәулесі,бес бұрышты жұлдыз,
«Қазақстан » деген жазу бар.
-Балалар,біздің Отанымыздың астанасы қай қала
?
Балалар: Астана қаласы.
-Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік елтаңбасының авторлары кім? (: Шота
Уалиханов пен Жандарбек Мәлибеков.)
1
-жүргізуші : -балалар, сонымен қатар үлкен
мерекелерде туымыз көтеріліп, қандай өлең орындалады.
(Әнұран)
-Ал
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының сөзін
жазғандар кімдер? (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев,
әнін жазған Шәмші Қалдаяқов)
Рәміздерімізді үлкен де,кіші құрметтеп жоғары
ұстауы тиіс.Ал әнұранды біз білеміз.Сендер елтаңба мен туды
әрқашан қастерлеуге тиіссіңдер.Қазақстан республикасы
туралы кім тақпақ біледі?
(
балалар, Қазақстан туралы тақпақтарын айтады)
- қазір маған әр сыныптан бір-бір оқушыдан
шығады.
Шарты былай.Бірінші бала мысалы астана десе,
екінші бала осы сөздің ең соңғы әріпінен қазақстан республикасына
байланысты қала, ауыл,облыстың атын атап шығу
керек.
- Мінеки, балалар, өздерің
байқап отырғандай, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақстан —
біздің Отанымыз» деп аталады. Осы сабақта сөздік қорымызды байытып,
өз туған жеріміз туралы мағлұматтар алып, ойымызды еркін
жеткізіп, ауызша сөйлеуге, өз ойымызды ортаға салуға үйрендік.Қане
сол есімізге түсірген сәттерімізді қорытынылап
тастайық. (15
слайд)
Қорытынды:
-ҚР қандай рәміздері
бар?
-салтанатты мерекелерінде
не орындалады?
- Н.Н туған күні
қашан?
-бүгінгі тәрбие
сағатымыздың тақырыбы қандай болды?
Тамаша балалар, олай болса
бүгінгі тәрбие сағатымызды жабық деп жариялап, Қазақстан
Республикасы жайлы әдемі бейнематериалды
тамашалайық.