Материалдар / Менің Отаным- Қазақстан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің Отаным- Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс шара мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
673
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жалпы білім беретін Абай атындағы орта мектебі



Сынып сағаты



Тақырыбы: " Менің отаным - Қазақстан "












Мұғалім:Уралбекова Г.

Сыныбы: 10 Гум







Аққыстау 2017ж



Бекітемін:

Күні: 1.09.2015жыл

Сыныбы: 10 Гум

Тақырыбы: " Менің отаным - Қазақстан "

Сынып сабағының мақсаты: «Мәңгілік Ел» жалпыхалықтық идеясын жүзеге асыру жағдайында өскелең ұрпақтың патриотизмін және тағаттылығын тәрбиелеу, рухани-адамгершілігін қалыптастыру.

Сынып сағатының түрі: ми шабуыл, пікірталас, дебаттар, саяси сабақтар, тренингтер,

Көрнекіліктер:

Мемлекеттік рәміздер суреті, газет материалдары.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу, оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру.

ІІ. Ой қозғау. Кім біледі? 30 тамыз қандай атаулы мереке? (Конституция күні)

1 қыркүйектің ерекшелігі? (Білім күні)

Конституция туралы не білесіңдер?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстанның Ата (негізгі) заңы.

Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн 30 тамыз – мемлекеттік мереке – ҚР Конституциясының күні деп жарияланды.

Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата заңы. (1937, 1978, 1993, 1995)

Оның құрылымы кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады.

Конституция – барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары – басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі.

Конституция дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң.

Конституцияның бірнеше баптарын таныстыру

1 – бап. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

7 – бап. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – Қазақ тілі.

27 – бап. 1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.

2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.

3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.

30-бап. 1. азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.

36 – бап.Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.

ІV. Жаңа сабақ: «Санаға сапар»

Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты кезекті Жолдауы – мемлекетіміздің алдағы жылдарға арналған даму бағдары, біздің әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы жаһандық қадамы.

Ертеңгі күнге зор үміт артатын, болашаққа бағыт-бағдар беретін Мемлекет басшысы мәңгілік ел болу идеясы арқылы, жалпы ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып, халқымызды біріктіретін күш ретінде бұл маңызды құжат бірлік пен берекенің, қажырлы еңбектің тұғырнамасы екендігін баса айтты.

Бір күн ұрыс-жанжал болған үйден қырық күн несібе кемиді. Ынтымақ бар жерге ырыс қонады. Ел бірлігі барда шешімін таппайтын іс жоқ. Осыны ескере келе, Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауы ел тарихындағы аса маңызды тағыбір қарышты қадам деуге болады. «Нұрлы жол» – елді бірлікке, татулыққа үндейтін Жолдау. Басты құжатта айтылған мәселелер Қазақстанның әрі қарай өркендеуіне, халықтың әлеуетінің жақсаруына, алда болады деп күтілген әлемдік дағдарыстан қиналмай өтуіне бағытталған құнды шаралар деп түсінеміз. Бұл шаралардың жүзеге асатынына халықтың сенімі мол.

Біздің мемлекетіміздің түп негізі – бұл бейбітшілік және келісім, бірлік және тұрақтылық.

Қазақстан көптеген елдердегі әлеуметтік күйзелістер мен ғаламдық тұрақсыздықтың өсуі аясында орнықты және сенімді түрде дамуда.

Мемлекет басшысының «2050-Стратегиясы», жаңа индустрияландыру, «Нұрлы жол», Бес институтиционалдық реформа, «Мәңгілік Ел» сияқты үздік бастамалар – бұлар көп жылға бұрын есептелген ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын мега-жобалар. Оларды тек қуатты бүкілхалықтық механизм ғана іске қосуға қабілетті. Болашақ біртұтас ұлт осындай бола алады.

Бүкілқазақстандық бірегейлік пен азаматтық принципті одан әрі нығайтуға, «Мәңгілік Ел» идеясы базасына біріктірілген құндылықтарды, тілдердің үштұғырлылығын, қазақ ұлтының негізі ретінде орта топты дамытуға негізделген болашақ біртұтас ұлт қана азаматтық орнықты және табысты мемлекеттің ең сенімді іргетасы болады.

«Мәңгілік Ел» – бұл біздің бірлігіміздің қуатының қайнар көзі.

«Мәңгілік Ел» – барша қазақстандықтарды біріктіретін біздің Тәуелсіздігіміздің сенімді рухани тірегі.

«Мәңгілік Ел» – бұл қазақстандық мемлекеттіліктің терең тарихын айшықтайтын жалпыхалықтық идея!

«Мәңгілік Ел» – бұл өз атамекеніне деген сүйіспеншіліктің белгісі, қазақстандық патриотизмнің жоғары деңгейі, рух күші, Отанға адалдық, еліне шынайы берілгендік, азаматтық борыш!

Қазақстан Республикасында оқыту толығымен өзбек, ұйғыр, тәжік және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс жасайды. Қазақстанда 108 мектепте 22 этностың тілдері жеке пән ретінде оқытылады. Мұнан бөлек, 30 этностың тілі оқытылатын мамандандырылған 195лингвистикалық орталық ашылған.

Ақпараттық өрісте 35-тен артық этникалық газет, журналдар белсенді жұмыс жасайды. Ең ірі 6 этникалық республикалық газет мемлекеттің қолдауымен жұмыс істейді. Газеттер мен журналдар 11 тілде шығады, радиохабарлар – 8 тілде, ал телехабарлар – 7 тілде жарияланады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына жолдауынан, «Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: Бес институционалдық реформа» «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде және Қазақстан халқы Ассамблеясының XXІІ сессиясында сөйлеген сөздерінен үзінділер:

«Бізді, біріншіден, ортақ үйіміз – Қазақстанға деген ортақ сүйіспеншілік біріктіреді. Екіншіден, біздің ежелгі жеріміз бен тілдерді дамыту тарихына қатысты қоғамдық келісіміміз. Үшіншіден, мемлекетіміз бен оның азаматтарының бүгінгі күніміз бен еңселі ертеңімізге түбегейлі сеніміміз. Біздің Мәңгілік Отанымыз – Мәңгілік Елдің негізі, міне, осы»;

«Мәңгілік Ел идеясы арқауындағы топтастырушы құндылықтар – азаматтық теңдік; еңбексүйгіштік; адалдық; оқымыстылық пен білімге бас июшілік; зайырлы ел – толеранттылық елі»;

«Қазақстандық ұлттық рухтың басты көзі – ортақ рухани-адамгершілік құндыл

Негізгі түсініктер

Қазақстандық патриотизм – Қазақстанда мекендейтін көпұлтты халыққа ортақ сезім. Ол қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен мәдениетіне, рухани байлығына және еліміздің қазынасын байытуға үлес қосқан басқа этностардың мәдениетіне деген терең құрметтен туындайды.

Мәдениетаралық байланыс – түрлі мәдениетке жататын индивидтер мен топтар арасындағы қарым-қатынас және байланыс жасаудың түрлі формаларының жиынтығы.

Ұлтаралық келісім – ұлтаралық процестер түрі, түрлі ұлттардың өзара түсіністік, өзара сыйластық, өзара сенім және өзара қарым-қатынасқа қол жеткізуі, халықтар бірлігі.

Патриоттық тәрбие – өскелең ұрпақтың бойында Отанына деген сүйіспеншілік, туған елін қорғау және оның мүддесі жолында өзін құрбан ету сезімін қалыптастыру.

Отан – әрбір адам үшін тағдыр сыйлаған, ата-бабадан жеткен жалғыз, бірегей, өз халқының рухани байлығымен және оның өткен тарихымен байланыстыратын туған жер.

Қорытынды

Мемлекет басшысының бастамасы бойынша жарияланған Ассамблея жылы біздің Отанымыз – Қазақстанның табысқа қол жеткізуі және өркендеуі үшін халықтар бірлігі, тұрақтылық, бейбітшілік пен келісімнің мызғымас саясаты белгісінің астында өтуде.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!