400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

«Менің Отаным – Қазақстан!» Қауіпсіздік сабағы «Төтенше қызмет нөмірлері»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Менің Отаным – Қазақстан!» Қауіпсіздік сабағы «Төтенше қызмет нөмірлері»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:

«Менің Отаным – Қазақстан!» Қауіпсіздік сабағы: «Төтенше қызмет нөмірлері»

Құндылық:

Тәуелсіздік және Отаншылдық.

Мақсаты:

Отанға адалдықтың маңызын бағалау, елінің тарихы менмәдениетін құрметтеу; Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін құрметтеу, мемлекеттік мерекелердің мәнін түсіну;

Қауіпсіздік сабағы: оқушыларды төтенше жағдайлардағы ережелеріментаныстыру.

Күтілетін нәтиже:

Отаншыл, мемлекетшіл және намысшыл;

Мемлекеттік рәміздерді қадірлейді; Сөзіне берік, ісіне жауапкершілік танытады

Уақыты

Бөлімі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Гимн орындалады.
Құрметті оқушылар, бүгінгі жаңа оқу жылындағы алғашқы сынып сағатымыздың тақырыбы « Менің Отаным - Қазақстан!»

Әрбір қазақпын деген азаматтың көкірегінде “Отан” деген сөз ыстық сезіммен сәуле шашып тұрады. «Отансыз адам – қанатсыз құспен тең» демекші, әр адамның Отаны өзі үшін ыстық. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан тәуелсіз Республикасы. Сондықтан да біз ана тілімізге деген сезімімізді шешендік сөздер мен тапқырлық өнеріміз арқылы білдіретіндігімізді қуанышпен айтамыз..

Мұғалімді мұқият тыңдайды.

Рәміздер

презентация

Сабақтың ортасы

20 мин

Ой-қозғау. 1. 1. Қазақстан мемлекеті өзінің тәуелсіздігін қашан жариялады?
(16 желтоқсан 1991жыл).
2. Қазақстанның тұнғыш президенті кім?
3. Қазақ халқының ең ірі хандары кімдер?
4. Қазақстанның рәміздерін атаңыз.
5. Қазақ тілі қандай тіл?
6. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады? (130)
7. Қазақстанда қандай ресми мерекелер бар? (25октября Республика күні, 30 қазан Конституция, 16 Тәуелсіздік күні.)
8. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі?
(Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Түркімен, Қытай, Ресей)
9. Халық ауыз әдебиетіне не жатады?
10. Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай)
11. Қазақтың тұнғыш педагогы кім? (Ы. Алтынсарин)
12. Біз қай Республикада тұрамыз?
13. Қазақ әдебиетінің қандай белгілі жазушыларын білесіңдер?

Берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салады.

презентация

10 мин

Қауіпсіздік сабағы: 1 - сабақ:

«Жедел қызмет нөмірлері»

1. Кіріспе (2 минутқа дейін):

Суреттерден құтқару қызметінің түрін анықта, құтқару қызметінің нөмірлерін

айт.

- Ортақ құтқару қызметінің нөмірін айт.

Кез келген қауіпті жағдайдан құтқаратын ортақ телефон нөмірі – 112. Бұл

нөмірге хабарласу арқылы барлық қауіпті жағдай бойынша көмек ала аласыз.

Төтенше жағдай кезінде бастысы, сабыр сақтап, диспетчерге, болған жағдайды

дұрыстап түсінікті жеткізу қажет.

«Есте сақта!»

Өрт күзеті 101

Полиция 102

Жедел жәрдем 103

Төтенше газ қызметі 104,112

Бірыңғай құтқару қызметі 112

«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар менересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы,баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне

және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған.

- «111» нөмірі – 24/7 байланыста

- «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды

111- «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел топтарымен байланыста.

2.Негізгі бөлім

- Өмірде жалғыздан-жалғыз қиын жағдайда қалып қоятын кездерде барлығын өзің жеңіп шығуың керек болады. Егер сен құтқару қызметтерінің нөмірлерін білсең, өзіңе де, айналаңдағы басқа адамдарға да көмектесе аласың.

Ендеше нөмірлерді жазып ал!

Жағдаяттарды талқылау:

Үйде сен бір өзіңсің. Кенет түтіннің иісін сездің. Келесі бөлмеге барсаң,

өрт шығып жатыр. Сенің әрекетің.....

Спорттық алаңда балалар ойнап жүр. Араларында ересек адам жоқ. Ұлдардың

біреуі құлап қалды. Ол қатты айқайлап жылап тұр. Баланың ауруы қатты ұлғая

бастады. Сіздің әрекетіңіз...Сен мектептен үйге келдің. Ата-анаң жұмыста, қарындасың балабақшада. Ал үйден жағымсыз иіс шығып тұр. Газдың иісіне ұқсайды, сен не істейсің …Үйде жалғыз қалдың, сенің ішің пысып кетті. Сен қалжыңмен өрт қызметіне телефон соғып, көрші үйде өрт болып жатқандығын хабарладың. Терезеге жақындап өрт қызметінің машинасын күтіп тұрсың.

Осы оқиғаны аяқта .....

3. Практикалық бөлім. (6 минут)

Жағдайларды талдау.

Төтенше жағдайға қоңырау шалған кезде, сізге хабарлау керек:

1. Алдымен қоңырау шалу керек: мекенжайды айтып, байланыс үзілсе де,

құтқарушылар қайда бару керектігін біледі.

2. Бұл қайда болды: аулада, пәтерде, қоймада және тағы басқа жерлерді нақты

айту керек.

3. Не болғанын нақты хабарлау: теледидар, жиһаз жанып тұр; газдың иісі

сезіледі.

Егер диспетчер сұраса сіз үйдің, пәтердің нөмірін, кіре беріске кіру кодын және барлық қажетті мәліметтерді нақтылап айту керек.

Қорытынды. Сабақты қорытындылау, балалар үйге қайталау үшін ала

алатын шұғыл қызмет нөмірлері бар жадынама тарату.

Мамандандырылған қызметтерден көмек сұрай біледі.

Қандай жағдайларда шұғыл қызметтерге қоңырау шалу керектігін

түсінеді.

Шұғыл қызмет операторына ақпаратты дұрыс және анық

жеткізуге үйренеді.

Презентация

Үлестірмелі материалдар

Жазба дәптерлері


Пайдалы сілтемелер:


https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij

https://youtu.be/XN1hCSucuqQ?si=d0QrFl9yslUOu2dn

https://youtu.be/ylMqQnk_eq4?si=zzekmQUmfe_7ldVC

Сабақтың соңы

5мин


«Мұғалімге хат» әдісі бойынша кері байланыс

Тиімді кері байланыс береді

Стикер, жапсырма қағаз









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
128 ұстаз жүктеп алған
30 тамыз
5786
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі