Қостанай ауданы затобол кенті әкімдігінің
аппараты ММ «Гүлдер»
бөбекжай –бақшасы КМҚК
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
тақырыбы:
«Менің Отаным Қазақстан»
Тәрбиеші: Бохай Р
Затобол кенті
Білім беру
саласы: «Коммуникация-Сөйлеуді дамыту»
«Әлеумет- қоршаған орта»
Тақырыбы: «Менің Отаным
Қазақстан»
Мақсаты: Балаларға өз Отаны туралы
танымдық қабілеттерін дамыту. Онда тұратан әр түрлі ұлттарды
таныстыру, олардың ынтымағы, достығы, татулығы туралы түсінік беру.
Отанға деген мақтаныш сезімін ояту. Өз қаласына, қоршаған ортасына
деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Педагогикалық технологиялар: ТРИЗ-технологиясы
және МНЕМО тех-сы
Ресурстармен қамтамасыз ету: АКТ Суреттер, Астана
қаласының мәдени орындарының суреттері, еліміздің басқа
қалаларындағы өндіріс орындарының суретері, слайд
Билингвалдық компоненті: Ұлттар-
ынтымақ-
Алдын –ала жұмыстар: Өлең, тақпақтар оқып
беру.
Әдіс –тәсілдер: Суреттеу, сұрақ-жауап, көрсету,
түсіндіру, өлең оқу көрнекілік, әңгімелесу.
1. Ұйымдастырылған оқу
қызметінің барысы: (Сұрақ –жауап) -
Балалар Балалар біз қандай
мемлекетте тұрамыз? -Біздің Қазақстан республикамыздың рәміздерін
кім атап береді? -Біз қандай қалада
тұрамыз?
- Біздің ұлтымыз қандай?
-Қазақстанда тағы қандай ұлттар
тұрады?
-Елбасымыз, пизирентіміздің аты жөні
кім?
Жарайсыңдар
2. Негізгі бөлімі: Дымбілместің келуі (білімдерін
шыңдау)
Балалар қараңдаршы бізге кім
келді?
Дымбілмес: Балалар мен сендер сияқты балабақшаға
алмады мен сендер сияқты білім алғым келеді. Маған көмектесесіңдер
ма?
Менің білгім келген көп тапсырмаларымды орындай
аласыңдар ма?
1-тапсырма: «Көк туымыз»
-Балалар менің қолымдағы қай елдің
туы?
-Біздің тудың түсі қандай?
-Туымыздан сендер ненің белгісін көріп
тұрсыңдар?
-«Қазақстан жалауы» өлеңді мәнерлеп
оқу.
Қазақстан жалауы
Аспан түстес көгілдір
Тік бұрышты матаның.
Ортасында төгіп нұр,
Күн жаяды шапағын.
Астында оның қалықтаған,
Қыран құстың бейнесі.
Азат елдің шалқыған
Көңілі деп білесің.
Бұл өлеңде не туралы жазылған?
3-тапсырма: «Біздің елтаңба»
-Балалар сенден елтаңбаны да білесіңдер
ма?
-Елтаңбада нені көріп
тұрсыңдар?
-Тағы қандай белгілер салынған
екен?
Мәнерлеп оқу «Біздің елтаңба»
Алтын қанат көмкерген,
Шаңырақ бар, уық бар.
Әсем бейне сен көрген,
Жай белгі емес ұғып ал!
Көгілдір түс аясы,
Бейбіт дала елесі.
Шаңырақ-жұрт панасы,
Уықтар -күннің сәулесі.
Сүйсіндірер өзіңді,
Түсіне біл таңбаны.
4-тапсырма: «Әнұран»
орындау
Әнұран шырқалады
Жарайсыңдар!
5-тапсырма «Қазақстан –көп ұлтты
мемлекет»
-балалар біз қандай тілде сөйлеуіміз
керекпіз?
-Біздің ұлттық тіліміз қандай тіл
екен?
-балалар Қазақстандай қандай ұлттыр
тұрады?
-Олар бір-бірімен қандай болу
керек?
Дымбілмес: Риза болып кетеді. (Жұмыс дәптерді
балаларға силыққа қалдырады)
6-тапсырма: «Біздің елдің байлығы» ТРИЗ
тех-сы
Жұмыс дәптерден сызба бойынша
Қортынды:
Қазақстан республикамызда көп ұлттар бір бірімен
қалай тұру керек деп ойлайсыңдар?
Біздің еліміздің нелерімен
таныстық?
Кімге біз көмектесіп, білімімізді
бөлістік?